«Бала өмірінің қауіпсіздігі» Тәрбиешілер: Сайлау Гүлнүр Амангелдиева Жазира


Тәрбиеші: Қандай қиыншылықтарға кездестің? Дымбілмес



бет5/6
Дата23.08.2020
өлшемі35,08 Kb.
#76665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
баяндама (1)

Тәрбиеші: Қандай қиыншылықтарға кездестің?

Дымбілмес: Мен көліктің астына түсін кетейін дедім және жолдан адасып қала жаздадым. Қай жерге келгенімді білмей қалдым.

Тәрбиеші: Түсіндім, Дымбілмес, сен жол ережелерін білмейсің, солай ма?

Дымбілмес: Ия, ол қандай ереже?

Тәрбиеші: Онда бүгін біз саған балалармен бірге жол жүру ережелерін үйретеміз, сонда сен ешқандай қиыншылықтарға кездеспейсің.

Дымбілмес: Бұл жерге келгенім жақсы болды, көп нәрселерді үйреніп алатын болдым.

Балалар: Әрине, бұл жерде көп нәрселерді үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, біз ауылда тұрамыз, жол жүру ережелерін жақсылап үйреніп алып, біліп алу үшін қалаға саяхатқа баруымыз керек, қалаға қандай көлікпен барамыз? Автобуста ма, жүк көлігімен бе, жеңіл көлікпен ба?

Балалар: Автобуспен барамыз.

  • Балалар, мынау автобус тоқтайтын және де жүретін белгі.

Тақпақ:

Гүлім:

Жол – көліктің жүрегі

Көліктер көп жүреді.

Қауып жоқ деп ойлама,

Жолда футбол ойнама.

Төреғали:

Жол тәртібін білеміз,

Сол жағымен жүреміз.

Қарсы  келе жатқан

Көліктерді көреміз.

Амина:

Айнал, қауып бар, ойла,

Жан-жағыңа қарайла.

Сырғанасаң көшеде

Көлік жолын абайла.

Елнұр:

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Біліп алдым мен де,

Жасыл жанса демде,

Алға кетем лезде.



Тәуекел:

Сары жанса сабыр

Сақтай тұрам әзір.

Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Балалар: Қолында пирамиданың бөлектері бөлме ішінде дыбыс шығарып жүреді: пин-пин-пин

Тәрбиеші: Міне, қалаға да жетіп келдік. Қала өте үлкен, үлкен  көп қабатты үйлер, көліктер өте көп, сондықтан абай болып жүруіміз керек.

Полиция: Дұрыс айтасыз. Бұл үлкен қала, сондықтан жол жүру ережелеріне бағынуымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет