«Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!»
-
Тәрбиешілер: Сайлау Гүлнүр
Амангелдиева Жазира
Саз жетекшісі: Карибаева Гүлайым
2019-2020
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Сөздік жұмыс: бағдаршам, жол тәртәбін реттеуші, көше қиылысы.
Көрнекіліктері: Бағдаршам макеті, жол белгілері.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
-Бүгінгі «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер! Жол ережесін білу өмірімізді жазымнан сақтандырады. Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.
Балалар жарты ай болып отырады.
Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос.
Музыка болады, отырады.
Дымбілмес кіріп келеді.
Не болды, мен қай жерге келіп қалдым?
Мен Дымбілмеспін, орманнан келдім, бірақ мен бұл жерге келгенге дейін көп қиыншылықтарға кездестім.
Достарыңызбен бөлісу: |