Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!» Күні



Дата24.08.2020
өлшемі19,15 Kb.
#76708
Байланысты:
жол тәртібі


Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!»
Күні:13.07.2020ж
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар.
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, сахналау.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
- Армысың ардақты аспан ата?!
- Армысың мейірімді жер ана?!
- Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
1. Жүргізуші:( жол инспектор киімімен)
Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін - жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңдар.
Жүргізуші: Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет.
Жүргізуші: Балалар біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе?
Жолдардан қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер еліне барайық.
Көзімізді жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка әуенімен) Ертекші:
Қызыл телпек қыдырып
Әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға
Белгіні еске алмақшы
Жол белгісін білмесе
Әженің үйін таппайды.
«Қызыл телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның жолы сілтер
Бойында бар түрлі көздер
Жасыл жанса дайындал
Қызыл жанса тоқтайсың
Жолда жүрсең байқағайсың
Абай болшы сен үнемі
Жолды кесіп өткенде.
(Қасқыр шығады)

Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.


- Көмектесіңдерші! Қызыл телпек көмектесші!
Қызыл телпек:
- Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы.
Қасқыр:
- Білмеймін.
Қызыл телпек:
- Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын. Тыңда! Белгілер шығады.
Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.

1. Ескерту белгісі


Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.
2. Тыйым белгісі:
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым сау мен болам.
3. Көрсеткіш белгісі:
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
Қызыл телпек:
түсіндің бе қасқыржан?
Қасқыр: - иә, түсіндім.
Ендеше мен сені бағдаршамның қызметімен де таныстырайын.

1. Алма кезек үш көзі


Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Жүргізуші: Бұл не балалар?
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам
Мекен - жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді
Мүдірмеймін ешқашан.

1. Ойын « Бағдаршам»


Ән: Бағдаршам « Учат в школе» әнімен:
Бағдаршамды күнде біз
Көшелерде көреміз
Көліктерде,
Жол шетінде
Көшемізде
Қызыл көзде тоқтаңыз
Сары көзде алаңдама - ай
Жүре бергін - 3рет
Ережені бұзбайық,
Тәртіпті біз сақтайық
Бақшада да
Серуенде де
Көшемізде.
Бағдаршамға қарайық
Апат алдын алайық
Жол тәртібін барлық жерде
Біз сақтайық!
Қызыл телпек:
- Олай болса мен сені әжеме алып барайын,
Әже:
- Келді міне немерем.
Аман - есен адаспай
Жол белгісін сақта сен
Апаттарды болдырмай
- Қасқыр, сен менің немереммен дос болыпсың, олай болса менің басқада немерелерімнің жол ережесі туралы тақпақтарын тыңда.
1 - бала.
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау - саламат жүреміз.
2 - бала:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен
Ал кешірім сұраймыз.
Милиционер:
Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолдан азап тартпаңдар.
Әдеп, тәртіп сақтаңдар!

Балалар енді біз жолда жүру ережесін ұғынып алайық!


1 - бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 - бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 - бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 - бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 - бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.

Қорыту: Балалар тақпақ айтады.


Ән. «Әрқашан күн сөнбесін!» орындайтын хор.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз айналсын шежіреге,
Әр сәби құлағын сап жүрсін осы ережеге.
Ал қонақтарымызға айтарымыз
Жол тәртібін сақтайық
Ел үмітін ақтайық
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтайық!

Осымен «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!» атты қауіпсіздік оқу қызметіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет