Тәрбиеші: Қандай қиыншылықтарға кездестің?
Дымбілмес: Мен көліктің астына түсін кетейін дедім және жолдан адасып қала жаздадым. Қай жерге келгенімді білмей қалдым.
Тәрбиеші: Түсіндім, Дымбілмес, сен жол ережелерін білмейсің, солай ма?
Дымбілмес: Ия, ол қандай ереже?
Тәрбиеші: Онда бүгін біз саған балалармен бірге жол жүру ережелерін үйретеміз, сонда сен ешқандай қиыншылықтарға кездеспейсің.
Дымбілмес: Бұл жерге келгенім жақсы болды, көп нәрселерді үйреніп алатын болдым.
Балалар: Әрине, бұл жерде көп нәрселерді үйретеді.
Тәрбиеші: Балалар, біз ауылда тұрамыз, жол жүру ережелерін жақсылап үйреніп алып, біліп алу үшін қалаға саяхатқа баруымыз керек, қалаға қандай көлікпен барамыз? Автобуста ма, жүк көлігімен бе, жеңіл көлікпен ба?
Балалар: Автобуспен барамыз.
Балалар, мынау автобус тоқтайтын және де жүретін белгі.
Тақпақ:
Гүлім:
Жол – көліктің жүрегі
Көліктер көп жүреді.
Қауып жоқ деп ойлама,
Жолда футбол ойнама.
Төреғали:
Жол тәртібін білеміз,
Сол жағымен жүреміз.
Қарсы келе жатқан
Көліктерді көреміз.
Амина:
Айнал, қауып бар, ойла,
Жан-жағыңа қарайла.
Сырғанасаң көшеде
Көлік жолын абайла.
Елнұр:
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Біліп алдым мен де,
Жасыл жанса демде,
Алға кетем лезде.
Тәуекел:
Сары жанса сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
Балалар: Қолында пирамиданың бөлектері бөлме ішінде дыбыс шығарып жүреді: пин-пин-пин
Тәрбиеші: Міне, қалаға да жетіп келдік. Қала өте үлкен, үлкен көп қабатты үйлер, көліктер өте көп, сондықтан абай болып жүруіміз керек.
Полиция: Дұрыс айтасыз. Бұл үлкен қала, сондықтан жол жүру ережелеріне бағынуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |