«Бала өмірінің қауіпсіздігі» Тәрбиешілер: Сайлау Гүлнүр Амангелдиева Жазира


Балалар: Сәлеметсізбе? Тәрбиеші



бет6/6
Дата23.08.2020
өлшемі35,08 Kb.
#76665
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
баяндама (1)

Балалар: Сәлеметсізбе?

Тәрбиеші: Сіз бізге жол жүру ережелерін үйретесізбе?

Полиция: Ақылды, тәртіпті балалар екен, әрине менің борышым балалар мен адамдарды қорғау, мына тұрған бағдаршам, бұл бағдаршам – адамдар мен көліктердің бір-бірімен соқтығып қалмауы үшін керек.

Бағдаршам: Сәлем, балалар!

Балалар: Сәлем, бағдаршам!

Бағдаршам: Мені теледидардан, қала көшелерінде, мультфильмдерде көрген боларсыңдар?

Балалар: Иә, көргенбіз.

Бағдаршам: Онда сендерге мына үш көзімнің қандай жұмыс атқаратынын айтайын:

Қызыл-жанса тоқта,

Сары- жанса дайындал,

Жасыл-жанса алға.

Тәрбиеші: Қоя тұр, бағдаршам, менің балаларым сенің шырақтарыңа айтатын тақпақтары да бар.

Шодиена, Нозлы, Рустам

Сергіту сәті:

Мына менің қолымда үш түрлі туым бар,

Мен қызыл туды көтергенде – бір жерде тоқтап тұр.

Сары туды көтергенде – дайындал,

Жасыл туды көтергенде – бір орында тұрып жүгір.

«Ойлан тап»



Полиция: Бағдаршам, бізді жолдың арғы бетіне өткізіп қой.

Бағдаршам: Жасыл туды көтереді.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, мына жерде бір белгі бар екен. Жолдан өтер кезде ақ жолақша үстінен жүру керек. Бұл ақ жолақша адамдар үшін жүретін жол. Ақ жолақша белгісін көрсету.

Балалар: Ақ жолақша үстінен жүріп жолдың арғы жағына өтеді.

Тәрбиеші: Балалар, сендердің тапқырлықтарыңды мен сынап көрейін. Екі топқа бөлініп бағдаршамды құрастыру. Балалар, жүріңдер, кинотеатрға кіріп көліктер туралы мультфильм тамашалайық.

Төрт бала көлік айдап келе жатады, полиция тоқтатып белгіні айтып түсіндіреді.

 

Полиция: Міне балалар, жол жүру ереже белгілері алдарыңда тұр, жолда жүргенде абайлап жүріңіз, жол жүру ережелеріне бағынсаңыз, сіздің өміріңіз қауіптен аман болады.

 

Тәрбиеші: Балалар енді біз өз аулымызға қайтуымыз керек, жолда жүру ережелері тұралы көптеген нәрселерді көріп біліп алдық.

 

Дымбілмес: Мен де көп нәрсені біліп алдым. Көліктерді, бағдаршамды, көп қабатты үйлерді көрдім, енді жол жүру ережелеріне бағынып жүретін болдым.

Балалар бағдаршаммен, полициямен қоштасып, рахмет айтады.



Тәрбиеші: Балаларға үш түрлі шар сыйлыққа береді, түсін, пішінін айтып береді. Балалар қоштасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет