Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин
Begalin Bala Shokan (1), Begalin Bala Shokan (1)
КӨҢІЛСІЗ КӨРІНІСТЕН
КЕЙІН
Осы бір күні керген барлық жайды Шоқан өзінің күнделік дəптеріне
жазып, «Мүсəпір мен Мұсағұлдың бір күні» деп қойды. Шеген атасының
зорлығы, оның өзі түгіл жылқышыларының маңайдағы кедей көпшілікке
істейтін өктемдігі, Шоқан ойынан ұмытылмайтын орын алды.
Ауыл күзекке қонысымен Шоқан қалаға оқуға жүруге əзірленді. Ол
күзекке қонған күні былтырғы Мысық үйі отырған қорық ішіне барып
қайтты. Бейсеннің айтқаны рас. Мысық көшіп кетіпті. «Шеше өлген, əке
жалшы, қандай күйде екен» деген ой Шоқанның көкірегінде біраз
уайымдай болып сезілді. Бірақ Мысықты іздеп табуды ойлана қойған жоқ.
Ол ауылға келісімен Əлібайға, Мұқанға, тағы бірнеше ойыны бірге
балаларға:
— Бүгін кешке алтыбақан, əткеншек теуіп ойнаймыз, соны құратын
аспапты — бақан, арқандарды əзірлеңдер, — деп тапсырды. Өзі Қанипаға
айтып Əлібайдың қолына екі мықты арқан жəне екі бақан алып берді. Ел
орынға отыра екі ауылдың аралығынан алтыбақан əткеншек құрған балалар
шуылы күзек даласының кең алқабына жаңғырыға сыңғырлап кетіп жатты.
Іңірде туған ай сəулесі де жер бетіне көгілдір аспаннан жарығын мол
жайып, аса көңілдендіріп жіберді. Тек балалар ғана емес, əткеншек басына
қыз, келіншектер де, жас өспірім бозбалалар да жиналды.
Ауыл арасындағы шілдехана, қынаменде қызықтарында əйел жағынан
ойын бастап өлең айтатын Бəтіш бүгін алтыбақан басына бірнеше жас
қыздарды ертіп келді. Келе əндетіп:
«Əттең, айдың жарығы күндізгідей,
Ер жігіттің қадірін қыз білгендей,
Қыз байғұстың еркіне қоя берсе,


Есік ашып үйіне кіргізгендей», —
деп мөлдіреген ай сəулесі шаттана өзінің сергек сауықшыл мінезін істеп
əндете келді. Жігіттер де бірін бірі түртіп: «Ана Бəтішке жауап айталық, ол
тағы басымыздан асыра шырқап кетеді», — десіп жатты.
— Ал əткеншек дайын болды. Кəні, кім отырады? — деп алтыбақанды
құрған ересек жігіттер айқай салды.
— Алдымен Шоқанжан отырсын, бүгін əдейі ойнаймын деп құрғызған
сол, — деді Жəпекбай. — Кəні, отыр мына жағына, — деп, ол бір басына
Шоқанды отырғызып, екінші жағына Бəтішті отырғызды.
Əн шырқасам шырқаймын əнім аз ба,
Айтылмаған қандай əн мынау жазда.
Кел шырқалық, жігіттер, неге тұрсың,
Желікпей ме көңілің айтқан назға.
деп келіп:
Алтыбақан əткеншек,
Əндетіп жібер тұрма тек.
Əткеншекте əн салмасаң,
Сүмірейіп тұрсың неге кеп, —
деп Бəтіш əткеншек арқанын сермеп тұрған бір жігітке қолын сермей
сөз тастады. Сонан жігіттер өлең бастады. Ауылдың қара өлең мен қайым
айтысы біразға созылды. Шоқан біраздан кейін алты бақаннан түсіп, басқа
жастар отырды.
Өркенің өскір, Шоқанжан-ай, көптен бері үлкендерден бата алмай
жүрген ойынымызды бастап бердің-ау, — деп Бəтіш барынша ашық көңілді
мінезімен сауықты ажарлай түсті. Шоқан аса бір ықыласпен қызықтап, таң
ата келіп төсегіне жатты.


Ертеңіне Шоқан əжесіне барып қош айтысты.
Шоқанжаным, жолың болсын. Кеше осында ауыл адамдары айтып
келді, ана тентек атаңның шығынын əкеңе төлетіп Уақтың бір
нашарларына болысыпсың. Оның жарайды. Шеген ит көзіме көрінбей
отыр, жазасын тарттырармын. Оның қазан бұзар қылығы өзге түгіл саған
да ерсі болды-ау,- деп Айғаным аз ойланып отырып, — əрқашан əділдік
жағында болғайсың, — деді. Шоқан үнсіз тыңдап, əже ықыласына бас иді.
Келер күні Шоқанды қалаға жүргізді. Бұл жолы Тақырбас Атығайұлы
алып жүрді. Бейсеннен жасы көп кіші, өте бір сергек, əңгімешіл жігіт еді.
Бейсенді Шыңғыс бір жүріске дайындалып қасына ертетін болғандықтан
Шоқанға Тақырбасты өзі қосты. Тақырбаспен бұрын сырлас болмаған
Шоқан алғашқы күні біраз жай тілдесіп отырды. Бейсенге үйір болып
қалғандықтан ба, Тақырбасқа аса ашыла қоймады.
Ауылдан шыққан күні Тақырбас аттарды аса қыстамай, жайырақ жүріп
суытты. Ертеңіне қонған ауылдан шығып жолға түсе бере, ортадағы ақ
кекіл қарагерге делбе қағып, оң жақтағы қарынсау, қырсау қарагерді
қамшымен қабырғадан шықпытып жіберіп:
— Уақтың май құйрық старшыны құсап қыртыңдамай желсеңші, —
деді. Тақырбастың мына сөзін естігенде Шоқан жымиып:
— Тақа, сіз əлгі бір аласа бойлы, қалың қара сақалды, семіз кісіні
айтасыз ба ? — деді.
Иə, мына қырсау қарагер тап сол сияқты, ылғи постромкені іркіп, аяғын
баспайды.
— Шоқан дəл оқу басталғанша, Васил ағайдың үйінде болды. Тақырбас
қаладан керек-жарағын алып тапсырылған жұмыстарын орындап, қайтып
кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет