Бала тәрбиесі - жауапты іс. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Отбасылық тəрбие дегеніміз– ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:
сендіру
тіршілікті ұйымдастыру
түзету
марапаттау жəне жазалау
Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру əдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен əрекеттерді тежейді