Балабақшада ұлттық ойындарды дамыту


Ұлттық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау



бет2/3
Дата22.05.2022
өлшемі214,93 Kb.
#144592
1   2   3
Байланысты:
Балаба шада лтты ойындарды дамыту

Ұлттық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, есептер шығаруға талпындыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу. Ойын арқылы білімдерін жетілдіру, балаларды сабырлылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ұлттық ойындар.
Көрнекіліктер: сандар, қоржын, асықтар, орамал, теңгелер, логикалық есептер.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:  Дөңгеленіп тұрамыз,
Шаңырақты көтеріп
Керегеніқұрамыз.
Уықтай боп иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Іздену-ұйымдастырушы:
Балалар, біздің топқа бүгін Қожанасыр атамыз қоржын әкеле жатыр екен. Екі топ болып қарсы алайық.
1-топ: «Балдырған», 2-топ: «Балауса».
Қожанасыр атамыз келгенше қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақты» ойнайық. Екі топтың балалары орамал тастау арқылы кезектесіп қойылған сұрақтарға жауап береді: 
1. Кемпірқосақта неше түс бар?
2. Бағдаршамның неше көзі бар?
3. Аспанда неше жұлдыз бар?
4. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
5. Адамда қанша көз бар?
6. Қолғапта неше саусақ бар?
7. Жапалақтың қанша көзі бар?
8. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе? 
Қай топтың балалары көп жауап берсе, орамалды желбіретіп көрсетеді.
Ғажайып сәті: Қожанасыр атаны қарсы алады.
Қожанасыр ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Қожанасыр ата: Балалар, тойларың құтты болсын.Мен сендердің тойларыңа үлкен қоржынмен келдім. Қоржынымдағы асықтарға сендерге арнап тапсырмалар, ойындар дайындап келдім. Орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз!
«Асық» ойыны: Балалар қоржынның ішінен асық алып, ондағы тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма: Санамақтар айту.
2-тапсырма: Жаңылтпаштар айту.
3-тапсырма: Жұмбақтар шешу.
4-тапсырма: Логикалық есептер шешу.
«Теңге алу» ойыны: Балалар атпен шауып келеді де, жерден теңге алады, сол теңгенің санына сәйкес тапсырманы орындайды.
1-2 4+4 5+4 6+3 2+2 5+1 3+2 2+6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет