Мейірбикелік араласудың жоспары
|
Мейірбикелік араласудың орындалуы
|
1.Анықталған туберкулезді керекті инстанцияларға хабарлау
| |
2.Науқасты оқшаулау
|
Туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулауды фтизиатр шешеді
фтизиатр оқшаулау мерзімін анықтайды
науқас ауруханаға жатқызылса ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.
|
3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру
|
Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)
Карантин жарияланады. Карантин мерзімін фтизиатр шешеді
Карантин ошақта тағы туберкулез анықталмаса ғана алынады
Карантин кезінде күнде таңертең, кешке балалардың дене температурасын тексереді, жүйке жүйесінің жағдайы, тершеңдік, улану белгілерінің пайда болуын қадағалайды
Қатынаста болғандардың барлығына изониазид беріледі (3 айға дейін)
Қатынаста болғандарға Манту сынамасы және флюрография жасалады.
Қатынаста болғандардың арасында Манту сынамасы күдікті немесе оң нәтиже берсе, флюрограммада өзгеріс болса, фтизиатрға жіберіледі.
|
4.Жұқпаның таралуына жол бермеу:
а) ауа - тамшы
б) қатынас арқылы жұғу жолы
|
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру
Үнемі ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді, бөлменің желдетілуін қадағалау
Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау
Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту
Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде хлорлы режим ұйымдастыру
Күнделікті дезинфекция жүргізу
Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау
|
5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру
|
витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау
салауатты өмір сүруді қадағалау
туберкулезге қарсы вакцинацияларды уақытында жүргізу
|