Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет55/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Негізделуі

1 Науқасты бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге оқшаулайды

  • Жұқпаның таралуына жол берілмейді.

2. Жүкті әйелдердің науқаспен қатынасын болдырмау.

  • Вирусты қан арқылы шақалаққа жұқтырады, соның нәтижесінде бала әр түрлі кемістіктермен туылады.

3. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді

4. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау.

  • Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды

  • Ауаның тазалығы қамтамасыз етілед


Алдын алу. Арнайы емес алдын алуға: науқасқа және қатынаста болғандарға қатысты барлық іс – шараларды толығымен өткізу жатады. Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылша, қызамық, паротитке (ҚҚП) қарсы бір күрделі вакцина салынады. Вакцинаны 12 айлық жасында 0,5 мл мөлшерде тері астына егеді. Ревакцинация – 6 жаста. Арнайы емес алдын алуға: үнемі бөлмені желдету, ылғалды тазалау жұмысын жүргізу, адамдардың топталып бір жерге жиналмауы, балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, баланың иммунитетін көтеру мақсатында шынықтыру, витаминотерапия, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастыру жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет