Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет54/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған қызамық ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • Анықталған қызамық ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Науқасты үйде қалдыруға болады.

  • Науқасты бөртпе пайда болғаннан бастап 5 күнге оқшаулайды

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады)

  • Карантин салынбайды

  • Қатынаста болғандар арасында қызылшаны анықтау үшін бақылау жүргізіледі (күнде термометрия, тері, шырышты қабықтарды тексеру, улану белгілерінің пайда болуын қадағалау).

4.Жұқпаның ауа – тамшымен таралуына жол бермеу

  • Науқасқа және қатынаста болғандарға күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру.

  • Үнемі ылғалды тазалау жұмысының жүргізілуін, бөлменің желдетілуін қадағалау.

  • Ересектерге, балаларға «жөтелу тәртібін» үйретіп, оның орыдалуын қадағалау.

  • Адамдардың бір жерге жиналмауын ескерту.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Қатынаста болғандарға дәрігердің нұсқауымен қызылшаға қарсы вакцинация жасау.


Негізгі күтімі.

Қызамық ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • науқас жағдайын жақсарту;

  • Қызамық вирусының шақалаққа зиянды әсерін болдырмау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет