Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Дифтерияға тән клиникалық белгілер



бет19/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Дифтерияға тән клиникалық белгілер:

  • Жұтқыншақта аздап гиперемия болады және ауырсыну сезімі күшті білінбейді;

  • Фибринозды қабық:

  • ақшыл – сұрғылт түсті;

  • астындағы ұлпаға берік жабысқан;

  • «+» ұлпа (жоғары көтеріліп тұрады);

  • екі шпатель арасында езілмейді;

  • улану белгілері (қанға экзотоксиннің таралуынан);

  • 2 – 3 күнде дифтериялық круптың баяу дамуы (егер процесс тыныс алу жолдарында шоғырланса).

Дифтерияның клиникалық көрінісі процестің шоғырлануына улану дәрежесіне байланысты. Дифтерияның токсикалық түрі өте күшті улану белгілерімен бірге тері асты май қабатының ісігімен сипатталады. Ісіктің таралуына байланысты дифтерияның токсикалық түрінің үш дәрежесі болады:

1 дәрежесі – ісік мойынның орта бөлігіне дейін жетеді;

2 дәрежесі – ісік бұғанаға дейін;

3 дәрежесі – ісік бұғанадан төмен түсіп, кеуденің алдыңғы бетіне таралады.

Балаларда дифтерия кезінде жиі зақымданатын мүшелер: жұтқыншақ (жұтқыншақ дифтериясының шоғырланған, жайылған түрлері), тыныс алу жолдары (дифтериялық круп жиі дамиды), сирек – мұрын, тері, көз, жыныс мүшелері. Экзотоксин қанға түсіп, таралған кезде асқынулар дамиды: перифериялық парездер, параличтер (жиі жұмсақ таңдайдың парличі кездеседі), миокардит, нефрит.

Бұл аурудан кейін ағзада антитоксикалық иммунитет дамиды. Бірақ ол тұрақты емес. Дифтериямен қайталап ауруы мүмкін.

Дифтерия анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру. Мейірбикелік араласулардың мақсаты – дифтерияның таралуына жол бермеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет