Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Скарлатинаға тән клиникалық белгілер



бет23/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Скарлатинаға тән клиникалық белгілер:

  • Күшті білінетін улану белгілерімен аяқ астынан ауруы (температура – 38 - 40˚С, құсу, басының ауруы, жалпы әлсіздік т.б.)

  • Баспа «алаулаған жұтқыншақ».

  • Талаураған тері үстіндегі ұсақ нүкте тәрізді бөртпе.

  • бөртпе дененің екі бүйірінде көптеп орналасады, іштің төменгі жағында, табиғи қатпарларда орналасады;

  • бөртпе ауыз мұрын үшбұрышында болмайды – «Филатов белгісі».

  • Тіл ақшыл жалатпамен жабылған, 2 – 3 күндері тазарады – «бүлдірген тәрізді тіл».

  • Аурудың алғашқы аптасында «ақ дермографизм» байқалады.

  • Аурудың 5 – 7 күндері терілері түлейді (әсіресе алақан, табан терілері).

Қанның жалпы сынамасында – лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылайды. Скарлатинамен ауырғаннан кейін асқынулар жиі кездеседі. Мысалы: ортаңғы құлақтың отиті, лимфаденит, синусит, ревматизм, нефрит.

Емі. Антибиотиктер, антигистаминдер, детоксикалық, симптомдық ем жүргізіледі. Баспаны жергілікті емдеу үшін тамақты шаю (түймедақ, календула, фурациллинмен) керек.

Скарлатинамен ауырғаннан кейін өмірлік антитоксикалық тұрақты иммунитет қалыптасады. Ал стрептококқа қарсы иммунитеті әлсіз, сондықтан қайта жұқтырылған кезде стрептококты жұқпаның басқа түрлерімен ауырады (баспа, күйдіргі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет