Бақылау тапсырмалары
І. Тест сұрақтары
Скарлатина
1. Күлдің (скарлатина) қоздырғышы:
А) Вирус
В) β - гемолитикалық стрептококк
С) Алтын түсті стафилококк
D) Протей
E) Леффлер таяқшасы
2. Талаураған тері үстіндегі ұсақ бөртпе тән :
Туберкулезге
Дифтерияға
Күлге
Қызылшаға
Қызамыққа
3. Күлге тән:
Терінің түлеуі
Гиперкинездер
Гиперстезия
Қоңыр дақтың болуы
Бөртпелердің этаппен шығуы
4. «Бүлдірген тәрізді тіл» тән:
Қызылшаға
Туберкулезге
Мысқылға
Дифтерияға
Күлге
5. Баспа – бұл ... ауруының белгісі:
Туберкулез
Дифтерия
Күл
РС – инфекция
Желшешек
6. Мұрын - ауыз ұшбұрышында бөртпенің болмауы ... ауруына тән:
Туберкулез
Мысқыл
Дифтерия
Күл
Қызылша
7. Күлдің арнайы алдын алу үшін қолданады:
АКДС вакцинасы
Арнайы алдын алу жоқ
ОПВ вакцинасы
БЦЖ
Манту
Тест сұрақтарының жауаптары: 1 – В; 2 – C; 3 – A; 4 – Е; 5 – С; 6 – D; 7 – В.
ІІ. Сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу.
Аурудың түріне байланысты симптомдарын тап:
Ауру
|
Симптомдар
|
1. Туберкулез
2. Дифтерия
3. Күл
|
ашуланшақтық
талаураған тері үстіндегі ұсақ бөртпе
«көп көріп, аз естиміз»
баспа
терінің түлеуі
буындардың салқындап қабынуы
нағыз круп
ақшыл – сұрғылт қабықша
|
Жауабы: 1 – А, С, F; 2 – G, H; 3 – B, D, E.
ІІІ. Сұрақтарға жауап беру:
1.Күлге тән клиникалық белгілерді ата.
2. Күл ауруында диета ұйымдастырудағы негізгі қағидалар қандай?
3. Науқасты оқшаулау мерзімін және карантин мерзімдерін ата.
IV. Жағдаяттық есептерді шығару.
Жағдаяттық есеп № 1
Сіз жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс істейсіз. Бөлімге ақпанның 12 - де күл ауруымен 11 жастағы бала келіп түсті.
1. Науқасты оқшаулаудың нақты мерзімін көрсетіңіз.
2. Аурудан жазылғаннан кейін мектепке қай уақытта жіберіледі?
3. Осы мәселені шешу мақсатында мейірбикелі араласудың (МА) жоспары және оның орындалу кезеңдерін ұйымдастыр.
№ 1 – есептің жауабы:
1. Науқасты оқшаулау мерзімі 10 күн (12 – 22 ақпан).
2. Мектепке 22 ақпаннан бастап жіберіледі.
3. Күлде болатын асқынулардың алдын алу үшін диетаны сақтау мәселесі жөнінде мейірбикелік араласудың (МА) жоспары және оның орындалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |