Бақылау тапсырмалары
І. Тест сұрақтары
Қызылша. Қызамық.
1. Жүктіліктің алғашқы триместрінде қызамықпен ауырған әйелде болатын қауіптілік:
Әйелде бронх демікпесі дамиды
Әйелде пиелонефрит дамиды
Әйелде қант диабеті дамиды
Нәресте аномалиялары дамиды
Қауіптілік жоқ.
2. Қызылшада науқас баланы оқшаулау мерзімі:
Бөртпе шыққаннан бастап 5 күнге
Соңғы бөртпеден бастап 5 күнге
Ауру басталған күннен бастап 30 күнге
21 күнге
14 күнге
3. Қызылшада карантин:
7 күн
10 күн
14 күн
21 күн
30 күн
4. Барлық балалар бөліміне карантин салынатын ауру:
Мысқыл
Қызылша
Қызамық
Скарлатина
Энтеробиоз
5. Қызылшаның қоздырғышы:
Леффлер таяқшасы
Борде-Жангу таяқшасы
Βета - гемолитикалық стрептококк
Стафилококк
Вирус
6. Қызамықта карантин:
А) 5 күн
В) 7 күн
С) 14 күн
D) 21 күн
E) Карантин салынбайды
7. Қызылшаға тән:
А) Коньюнктивит, жарықтан қорқу
В) Филатов белгісі
С) Реприз
D) Парез, паралич
E) Құлақ маңы безінің ұлғаюы
8. Шүйде лимфа түйіндерінің үлкеюі тән:
Қызылшаға
Қызамыққа
Дифтерияға
Көк жөтелге
Мысқылға
9. Бельский – Филатов - Коплик белгісі тән:
Қызылшаға
Қызамыққа
Дифтерияға
Көк жөтелге
Мысқылға
10. Қызылшаға тән:
Бөртпелердің кезеңмен шығуы
Бөртпелердің талаураған тері үстіне шығуы
Геморрагиялық бөртпелер
Терінің түлеуі
Бір мезгілде терінің барлық жеріне бөрпиелердің пайда болуы.
11. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу бұйрығы:
А) № 741 19.12.07 ж
В) № 466 27.07.07 ж
С) № 684 26.12.08 ж
D) № 476 23.04.02 ж
E) № 270 26.06.95 ж
Тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D; 2 – А; 3- D; 4 – В; 5 – Е; 6 – Е; 7 – А; 8 – В; 9 – А; 10 – А; 11 – А;
ІІ. Сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу.
1. Аурудың белгісіне қарай сәйкестігін тап:
Ауру
|
Симптомдары
|
1. Қызылша
2. Қызамық
|
папула тәрізді бөртпелер, бір - бірімен қосылуға бейім
папула тәрізді бөртпелер бір - бірімен қосылмайды
дақ қалдырмайтын бөртпелер
бөртпелердің кезеңмен шығуы
шүйде лимфа түйіндерінің үлкеюі
катар белгілерінің айқын болуы
коньюнктивит
Бельский-Филатов-Коплик белгісі
|
Жауабы: 1 – A, D, F, G, H; 2 – B, C, E.
2.Ауруға тән бөртпе түрлерін анықта:
Достарыңызбен бөлісу: |