Жедел ішек жұқпалы аурулары
Жедел ішек жұкпалы аурулары – диарея, құсумен сипатталатын аурулардың бір тобы.
Жедел ішек жұқпалы ауруларының жіктелуі:
1. а) бактериямен шақырылатын жедел ішек жұқпалы аурулары (дизентерия, холера иерсиниоз)
б) патогенді микобактериямен шқырылатын жедел ішек жұқпалы аурулары (клебсиелла, протей, көк іріңді таяқша).
2.Вирустық диареялар (ЭКХО, ротовирустар, аденовирустар).
Жедел ішек жұқпалы аурулары қоздырғыштары сыртқы ортада төзімді фекальды оралдық жолмен таралады яғни ол турмыстық қатынас, тамақ, су арқылы жұғады.
Жасырын кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады.
Барлық жедел ішек жұқпалы ауруларына 3 басты синдром тән:
Температураның жоғарлауы
Әлсіздік, тез шаршау
Терінің бозаруы, кейде «мрамор суреті» тәрізді.
Тәбетінің төмендеуі анорексия – тәбетінің болмауы.
«Жергілікті синдром»: ас қорыту жолының зақымдануы.
Ішінің ауруы, тенезм (ауырып, күшеніп үлкен дәретке нәтижесіз отырғысы келуі).
ішінің құрылдауы, метеоризм
жүрегі айну, құсу
диарея (жиі, сұйық, патологиялық жалқық араласқан нәжіс)
Эксикоз - «қорғау» синдромы:
Шырышты қабықтардың, терінің құрғауы
Терінің созылғыштығының төмендеуі
Салмағының кемуі
Үлкен еңбектің төмен түсуі
Бет әлпетінің өзгеруі
Көз шүңірейген, көзінің жылты аз.
Олигурия.
Дизентерия
|
Сальмонеллез
|
Эшерихиоз
|
- Ректальды түкірік тәрізді нәжіс (шырыш, қан, ірің аралас)
- Тенезм
- Анустың ашылып тұруы
|
- Жасыл батпак тәрізді нәжіс (су тәрізді, көбікті, өте көп мөлшерді шырыш аралас, жасыл түсті нәжіс)
- Улану белгілері айкын байқалады
|
- Нәжіс өте көп мөлшерде шашырағыш, суы көп, сары - жасыл, сары - қызғылт түсті нәжіс, мөлдір шырыш аралас.
- Үнемі құсу
- Бір тәуліктік ішінде эксикоз дамиды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |