Тоғызыншыдан, ақын өлеңдерін ғылым мен техниканың соны жаңалықтарына сүйене отырып жазады. Бұған ақынның бала психологиясын, таным процесін жете зерттеуі себеп деп ойлаймыз. М.Әлімбаев стюардесса еңбегінің мәнін ашып, оны «Аспандағы әпке» деп баламалапты.
Оныншы ерекшелік, ақын өлеңдерінде тәрбиелік ой екінші бір құбылыспен астастырыла айтылады. Бұл – ойды оқушыға сіңімді жеткізудің тәуір жолы дерлік. Әрі көркемдік шарт та. «Кітапты жел парақтады» аталатын өлеңінде ой былай жеткізіліпті:Кітапты жел парақтады,Парақтады қарап тағы.Өршеленді, жалақтады,Парақтады, парақтады.Түсіне алмай, алақтады...Түсінуге зерде керек,Құр парақтау неге керек?Осы өлеңдегі оқушыға айтылар мораль әрі қарапайым, әрі ойлы, табиғи... Немесе «Көктем кімге көңілді, кімге көңілсіз?» деген өлеңінде де бала кейіпкер көктемгі табиғат көркіне тебірене тұрып та:Жолдастарым не білді?Сол көктемнің өзі деБолмайды екен көңілді«Екілік» алған кезіңде...деп түйіпті ойын. Алдыңғы өлеңмен салыстырғанда, осы шумақта ұтымды екі сәт бар. Біріншіден, көктемгі табиғат пен бала көңілі астастырылған, салыстырылған. Екіншіден, көңілсіз көріністі басқа емес, бала кейіпкердің өзі мойындап тұр. Егер, өлең түйініне айналған мораль кейіпкер атынан берілмей, автор атынан баяндалар болса, сіңімсіз шығар еді. Ақын орайын тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |