Үшіншіден, М.Әлімбаев поэзиясының тақырыбы аса бай, әрі соның көбі қазақ оқырмандары үшін соны, тың. Мәселен, спорт жөніндегі цикл өлеңдер, стюардесса, монтер, корректор, сылақшы, студент т.б. Көптеген өлең тың тақырыпты болуымен бірге, танымдық мәні зор. Ақын көптеген саланы қазақ өлеңі үшін бірінші болып ашқан. «Оның шығармалары тақырып байлығымен оқшаулана көзге түседі. Тіпті талай-талай тақырыптарда М.Әлімбаев ізашар, тұңғыш түрен салушы десек әділ» - дейді сыншы Бақыт Сарыбалаев. Мәселен, стюардесса туралы өлеңді қазақ тілінде бірінші болып жазған – Мұзафар. «Арфа», «Медуза», «Баобаб ағашы», «Пони», «Ақсақалдың ақ батасынан», «Диалог өлеңдері», «Шынықсаң шымыр боласың», «Жаттығу – жанның тынысы», «Жаңбыршы», «Адас атаулар», «Қарама қарсы қызық сөз» - т.б. да сондай тұңғыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |