Балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің ерекшеліктері



бет5/8
Дата09.03.2022
өлшемі23,9 Kb.
#134726
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5,6,7 СӨЖ

Тәрбие процесінің мазмұнын әлеуметтік рольдер жиыны мен оларға сәйкес келетін әлеуметтік құндылықтар құрайды. 

Н. М. Таланчуктың пікірінше, тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін, мұратын, адамдар арасындағы тәртіп пен қатынас нормаларын меңгеруін педагогикалық қамтамасыз ету табылады. 
Оқу орындары ұжымын еңбек қатынасының бір түрі деп есептей келе, профессор Н. М. Таланчук оны балалардың кәсіптік-еңбек саласында әлеуметтік ролін орындауға дайындығын қалыптастыру үшін өте ыңғайлы және тиімді «жаттығу» деп қарастырды. 
Профессор Н. М. Таланчук халықаралық әлеуметтік тәрбие міндетті түрде білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесінің құрамдас бөлшегі болуы керек екендігіне сенімді. Халықаралық әлеуметтік тәрбие баланы жалпыадамзаттық құндылықтар мен қызығушылықтар рухымен жеке тұлға етіп қарастырады деп есептейді және оның себебін түсіндіреді:
1. Халықаралық әлеуметтік құндылықтар рухымен жеке тұлға қалыптастыру – бұл қажеттілік заңды құбылыс: адам өмір сүргісі келсе, онда ол жалпыадамзаттық құндылықтар, қызығушылықтар, мақсаттар негізінде бірігуі керек. 
2. Қоғамдық тәрбие міндетін халықаралық әлеуметтік тәрбие міндеттерімен толықтыру – бұл оның үйлесімділік табуы және одан әрі дамуы немесе еш дәлелдеусіз-ақ тек аясы тар әлеуметтік құндылықтар мен қызығушылықтарға құрылған тәрбие жүйесі бір жақтылықтан зардап шегетіні белгілі. Өйткені, ол жалпыадамзаттық тәжірибе мен дамудан бөлініп қалған. 
3. Жалпыадамзаттық және нақты әлеуметтік құндылықтар үйлесімділігімен тәрбиеленген жеке тұлға, өзі үйлесімділікке қожалық етеді, керісінше, жалпыадамзаттық бастаудан кейін қалған адам еш уақытта үйлесім таба алмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет