Балалар жөне диеталық тағамдар шығаратын консервілер өндірісінің ерекшелігі



бет6/8
Дата22.12.2021
өлшемі21,71 Kb.
#127465
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ет консервілері
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, тауартану 1-13, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс., 8 сем
Көкөністерді дайындау. Жасыл бұршақты егістік жерінде немесе алғашқылық өңдеу пункттерінде сабағынан бұршақтарды бөліп, алғашқы тазалаудан өткізеді. Бұршақтың дәнін қосымша қоспаларынан тазалайды және флотациялық немесе лабиринтті жуу машиналарында жуады, сосын оны бөгде қоспалары мен зақымдалған дәндерінен тазарту үшін ленталық конвейерде инспекциялайды, одан кейін пісіруге жібереді.

Тазартылған бұршақты қолданғанда оны ленталық конвейерде инспекциялайды және 0,3 МПа қысымдағы сумен шаяды (1 т шикізат үшін 1 м3 мөлшердегі су шығындалатын есеппен), сосын оны пісіруге жібереді.

Көк шөптерді жәшіктерден шығарады да, оны конвейерге береді. Конвейерде көк шөптер сортталады, сары және шіріген жапырақтары алынып тасталады және сабағының қатты бөлігі кесіліп алынады. Сосын көк шөптерді үш қатарынан орнатылған жуу машиналарында жуады. Жуылған көк шөптерді 5 мм артық емес өлшемде көк шөптерді кесетін машиналарда кеседі немесе қолмен пышақ арқылы турайды.

Кабачкиді жуу машинасынан шығарады. Жуғаннан соң оларды қабығынан тазартады. Тазаланған кабачкиді инспекциялайды және инспекциялық конвейерде олардың өзегін алып тастайды. Сосын кабачкиді ұсақтайтын машинаңға бағыттайды, онда кабачкиді дөңгелек қалыңдығы 20 мм етәіп турайды. Кесілген дөңгелектерді уату машинасына береді, онда кабачкиді 3-5 мм өлшемде ұсақтайды. Уатылған массаны сораппен жылытқыш арқылы айдап, пісіруге жібереді.

Ақ капустаны инспекциялайды, ақауларын алып тастайды, сосын сыртқы ластанған және жасыл қабаттарынан тазартады және өзегін ойып алып тастайды. Тазартылған капустаны екі жуу машинасында жуады, сосын 5 мм өлшемде көкөніс кесетін машиналарда турайды. Туралған массаны инспекциялайды және ірі кесектері мен қалың жапырақтарынан тазартады.

Картопты құрғақ қоспаларынан (топырақ, құм және т.б.) тазартады және жуады, сосын бу-термиялық агрегатта қабығынан тазартады да, тағы жуады. Картоптың қабығын тазалауды механикалық жолмен іске асыруға болады. Онда кедір-бұдыр бетті машинаны пайдалынады. Тазартылған картопты инспекциялайды және қолмен қайта тазалап, оны сумен жуады және ені 5-6 мм өлшемде ломтиктерге кеседі.

Пиязды инспекциялайды, ұштарын кеседі, калибрлейді және қабығынан тазартады. Сосын тағы бір рет тазартады, инспекциялайды, жуады және қалыңдығы 3-5 мм дөңгелекке кеседі.

Бізі бар контейнерлерді контейнер төңкеретін рамаға орнатады, онда төңкерумен қатар майда қоспалар – тас, құм, топырақ бөлінеді. Сәбіз жуу машинасының бункеріне келіп түседі, онда екінші рет жуылады да, инспекция және сәбіздің ұштарын кесу жүргізілетін конвейерге түседі. Осы жерде сәбіз булық бланширлеуге беріледі, ол жерде будың әсерінен қабығы аршылады. Бланширлеуден сәбіз жуу машинасына беріледі, онда сәбізді қабығынан ақырғы тазарту жүргізіледі. Тазартылған сәбізді инспекциялайды, сосын қолмен қосымша тазартады.

Тазартылған сәбізді бланширлегішке береді, онда сәбіз 100 0С температурада суда бланширленеді, сосын өлшемі 3-5 мм ұсақталады. Сәбізді бланширлемей бірден ұсақтауға болдаы, онда пісіру уақыты ұзақтау болады.

Асқабақты ваннаға салады, онда ылғалдандыру жүреді. Ылғалдандырғаннан кейін асқабақты жуады, сосын инспекциялайды және өзегін алып тастайды да, ені 60мм өлшемде кеседі. Асқабақ кесектерін дәнінен тазарту үшін жуу машинасына береді. Дәнінен тазартылған асқабақты ленталық конвейерде инспекциялайды, сосын қосымша өлшемі 20-30 мм кесектерге кеседі, шаяды және 3-5 мм өлшемде ұсақтайды.

Томаттарды екі рет жуу машинасында су ағынын ауамен барботирлеу арқылы жуады, сосын инспекциялайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет