Балалар жұҚпалы аурулар кафедрасы



Дата31.01.2018
өлшемі164,5 Kb.
#37264

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

ДӘРІСТЕР КОМПЛЕКСІ




  1. Тақырыбы Диарея синдромымен жүретін дерт.

  2. Мақсаты Балалардағы ЖІИ сұрақ мәселелерімен және оларды шешу жолдарымен студенттерді таныстыру

  3. Дәріс тезистері Өзектілігі. Диарея – педиатрдың жиі кездесетін мәселелерінің бірі. Диарея дегеніміз – нәжістің жиілеуі, сулы және көлемінің көп болуы. Әрбір 3жасқа дейінгі бала эпизодпен көрінетін ішектік инфекцияларды кем дегенде 1-ден 3 ретке дейін өткереді.Нәрестелік өлімшіліктен диареялар ЖРВИ-дан кейінгі орынды алады. Ерте жастағы балалар арасынан өткерген ішектік инфекциялар созылмалы гастроэнтерологиялық патология дамуынық негізгі себебі болып табылады. Диареялар көптеген инфекциялық емес этиологиялы ауруларда кездеседі. ЖІИ бұл- бір мезетте интоксикация, диспепсиялық синдром, одан әрі сусызданумен көрінетін полиэтиологиялық дерттер тобы. ЖІИ этиологиялық факторлары : бактериялар, вирустар, қарапайымдар және саңырауқұлақтар болып табылады. Ішектік дерттер негізгі берілу механизмі фекальді- оральді, тұрмыстық- қатынастық, ауалы- тамшылы, тағам және су арқылы. ЖІИ патогенезінде негізгі рольді бактериялардан бөлінетін эндо-, экзотоксиндер (энтеро және цитотоксиндер) алады. Көрінісі:ЖІИ 3синдромдардан тұрады: интоксикация, эксикоз, АІЖ зақымдануы. ЖІИ диагностикасы алдын-ала қойылған және қорытынды диагноздарына байланысты 2 этаптан тұрады: қазіргі уақытта БАБЖ бағдарламасы бойынша алдын- ала қойылған диагнозды секреторлы, инвазивті(дизентерия), созылыңқы диарея түрін ажыратады. Бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулерден кейін ЖІИ этиология көзін тауып, қорытынды диагноз қояды. Дерттің ауырлығын анықтағаннан кейін В.Ф.Учайкин 1991жылғы ұсыныстарын қолданады.ЖІИ қойылғаннан кейін СЭС-қа жедел хабарлама жібереді. Науқасты жүргізу тактикасын біріншілік диагноз қойылған соң анықталады. ЖІИ профилактикасы негізінен жалпы гигиеналық шаралар комплексінен тұрады. Арнайы жоспарлы профилактика жүргізілмейді.

  4. Иллюстрациялы материалдар

Схема, таблица, суреттер.

  1. Әдебиет

  1. «Балалар инфекциялық аурулары»В.Н.Тимченко 3-ші басылым СПб.:СпецЛит ж. 608б:илл

  2. В.Ф.Учайкин,Н.И.Нисевич,О.В.Шамшева «Балалар инфекциялық аурулары»:М:гэотаР Медиа 2010-688б

  3. «Балалар инфекциялық аурулары» Д.Марри ред. аударма М:Практика 2006-928б

  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Секреторлы диареяға анықтама беру

  2. Инвазивті диареяға анықтама беру.




  1. Тақырыбы Балалардағы вирусты гепатиттер

  2. Мақсаты Вирусты гепатиттер бойынша түсінік қалыптастыру

  3. Дәріс тезистері Вирусты гепатиттер – әлемде кең таралған жұқпалы ауру. Дүние жүзінде әр үшінші адам осы жұқпалы аурумен кездескен 400 млн. адам– гепатит В вирусын тасымалдаушы 500 млн. адам– гепатит С вирусын тасымалдаушы. Вирусты гепатиттердің кең таралуы Жиі созылмалыға ауысуы Дәрілік зақымдауы бауырдың Адамдардың алкогольді қолдануының өсуі. Вирусты гепатиттердің өлімге әкелу қаупінің болуы. Бүгінгі таңда вирусты гепатиттерді тудыратын 10 вирус белгілі: A, B, C, D, E, G, TTV. SEN, X, Y –2002 жылы ашылды. Бауыр зақымдалуының негізгі патологиялық үрдістері. Гепатоциттер мембрансының өткізгіштігінің жоғарлауы. Токсикалық өнімдердің усыздану қабілетінің төмендеуі. Мезенхимальды тіннің белсендеуі. Гепатоциттерде синтездеу үрдісінің төмендеуі. Йонсыздау үрдісінің төмендеуі. Иммуннды реакциялардың бұзылыстары. Гепатоциттердің ұлғаюы → өт жолдарының басылуы, өт шығарудың бұзылыстары. ВГА- Жедел, циклді басталатын РНК –сы бар, энтеровирустар түріне жататын, фекальды-оральды жолмен жұғатын, улану мен бауыр қызметінің уақытша бұзылып,ағымы қолайлы жұқпалы ауру. Инфекция көзі (антропонозды ауру) ауру адам. Мерзімділігі – күз,қыс. Қабылдаушылық - жоғары. Вирус организмнен фекалиямен бөлінеді. Инкубацияның соңынан, сарғаю алды мен (бастапқы) сарғаю кезеңінде жұқпалы. 4 -8 жастағы балалар жиі ауырады, 1 жасқа дейін – сирек.

Клиникасы: Периодтары: 1. инкубациялық (10-45 күн,орташа 15-30); Бастапқы (продром, сарғаю алды 5-8 күн. АлАТ, АсАТ жоғарылайды; Өршу кезеңі.Сарғаю кезеңі.Гипербилирубинемия, билирубиннің тікелей фракциясы есебінен Кері даму фазасы Реконвалесценция (2-3 ай). ВГЕ- Фекальды-оральды жұғу механизмі ,жиі ересектер ауырады (15-40 жас), балалар 30 %. Созылмалы ағымы болмайды. Жүкті әйелдерге қауіп тудырады,өлімге алып келуі мүмкін,сулық көтерілістер тән. ВГЕ Регистрациясы : С Индия, Непал, Ортаазиялық республикалар, ТМД /СНГ/.

  1. Иллюстрациялы материалдар

Power Point бағдарламасында презентация, слайдттар

  1. Әдебиет

1. Инфекционные болезни у детей. Тимченко В.Н С.-Петербург, 2006, 583

2. Инфекционные болезни и вакцинопрофилактика у детей Учайкин В.Ф , Нисевич Н.И, Шамшева О.В М, Учебник для вузов.2006г 688 с

3 Инфекционные болезни у детей Под ред. Э.Н Симовьян . Ростов на Дону Феникс 2007 763с

3. Интегрированное ведение больных детского возраста ВОЗ, ЮНИСЕФ, 1997

4. Стратегия интегрированного ведения больных детского возраста (ИВБДВ), процесс адаптации и планирования в Казахстане. 2002 г

5. Программа ВОЗ по ИВБДВ.Женева,2003г



  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. ВГ ерте клиникалық симптомы

2. ВГА инкубациялық кезеңі

3. ВГ ауырлығын анықтайтын критерилер


  1. Тақырыбы Баспа белгісімен жүретін дерттер

  2. Мақсаты Студенттерді баспа белгісімен жүретін жұқпалы дерттердің этиологиясымен, көрінісімен, диагностикасымен және емімен таныстыру.

  3. Дәріс тезистері Баспа дегеніміз-бадамша бездің және жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабатының қабынуымен жүретін жедел жұқпалы дерт. Ұлыбританиядағы зерттеулерге қарағанда, дәрігерлер оған қаралған әрбір 100 адамның 9 баспа диагнозын қояды. Дәрірге келгендердің 5% тамағының ауыруына шағымданады. Бұл емхана дәрігеріне келгендердің шағымдарының жиілігі жағынан 3-і.

Кесте – Тамақтың жедел ауырсынуының себептері

Бактериальды инфекция

Вирусты инфекция

Басқа инфекциялар

Қан дерттері

Баспа /Streptoc. Pyogenes/. Баспа /Staph. aureus/. Венсан баспасы.. Перитонзилляр. абсцесса. Күл. Фарингит /Neisseria gonorrhoeae/. Фарингит /Naemophil. influenza/. Инфекциялық мононуклеоз. ЭВИ. Фарингит /Жәй герпес/. Аденовирусты инфекция. Коронавирусты инфекция. Риновирусты инфекция. Тұмау. АҚТВ-инфекциясы. Кандидозды стоматит. Фарингит /Mycop. pneumon./. Фарингит /Chlam. pneumon./. Агранулоцитоз. Лейкоздар.

Жоғары тыныс жолдарын тітіркендіру:

-темекі шегу

-антисептик. ауызға салатын сорғыштарды шектен тыс пайдалану.

Ең қауіпті дерттер: эпиглоттит, стрептококкті баспа мен оның асқынулары, перитонзиллярлы абсцесса, күл, ауыз қуысы мен ауыз-жұтқыншақты ісігі, қан дерттері, АҚТВ-инфекциясы.

Тамағының ауырсынуына балардың іштерінде негізінен олардың 4 жастан асқандары жиі шағымданады. Олардың 50% вирусты фарингитке және стрептококкті баспаға байланысты /Streptococcus pyogenes /ß-гемолитический стрептококк группы А/.

Тамақтың ауыруы тұрақты және ол жұтынғанда күшейеді.Ол дәрігерге қаралғанда дерттің тек жалғыз белгісі болуы ықтимал. Онымен бірге науқаста - әлсіздік, енжарлық, қызба байқалады. Бұл шағымдар жиі ЖРВИ тән.

4 жасқа дейінгі балаларда баспа мен фарингит басқаша жүреді: балалар тамағының ауырғаны мен жұтынуының қиындағанына емес, жүрегінің айнуы, ішінің ауыруы және денесінің қызулауына шағымданады. Тамағының ауыруы жиі жедел, сирек-ұзақтау болады..

Тексеру.


Шағымы және мәліметтер жинау:

-ауырсынудың орналасуы /мойын, жұтқыншақ/ мен оның сипаты /беткейлі ауырсыну, тамақтың ашуы, керіп ауыруы, қысылуы/;

-басқа белгілерін сұрайды-қызба, жоғары тыныс жолдарының инфекцияясы, жөтел, құлақтың ауыруы, мұрыннан демалудың қиындауы, мұрнынан су ағу, аузынан темір дәмінің шығуы;

-анықтайды, демікпемен ауыратындығын /және гормонмен ингаляция алатындығын/;

-анықтайды, қандай дерттерге байланысты екпе алғандығын.

Дерт туралы мәлімет басты сұрақты шешуге көмектеседі: тамақтың ауыруы баспаға байланысты ма, әлде жоқ па.

Науқасты қарап, тексеру:

-жалпы хал-жағдайына баға беру, денесінің терісіне көңіл бөледі /лейкозда/, мұрнының дем алмауы /инфекциялық мононуклеозге/, аузынан шығатын сасық иіс /стрептококкті баспаға/;

-лимфа түйіндерін басып қарап, оның ауыратындығы мен ұлғаюын анықтайды;

-ауыз қуысын, бадамша безді және оның иіндерін, жұтқыншақтың артқы қабырғасын қарап, егерде өзгеріс болса, оларды сипаттайды.

Лабораторлық зерттеулер:

-қанның жалпы анализі;

-бадамша безден және жұтқыншақтың артқы қабырғасынан микроскопияға жағынды алу;

- Пауля-Буннеля тәсілі;

- Иенсен реакциясы.

Емі:


-антибиотиктер - бактериальді инфекцияда, егерде перитонзиллярлы абсцесса болса-оны ашу;

-вирусқа қарсы ем, егерде ол ауыр жүрсе;

-керек болса, арнайы ем;

-симптоматикалық ем.



  1. Иллюстрациялы материалдар кестелер, суреттер, диаграммалар ж.б.

  2. Әдебиет

  1. «Балалар инфекциялық аурулары»В.Н.Тимченко 3-ші басылым СПб.:СпецЛит 2008ж. 608б:илл

  2. В.Ф.Учайкин,Н.И.Нисевич,О.В.Шамшева «Балалар инфекциялық аурулары»:М:гэотаР Медиа 2010-688б

  3. «Балалар инфекциялық аурулары» Д.Марри ред. аударма М:Практика 2006-928б

  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

- күлдегі жабындыға сипаттама беру?

- ЭВИ жабындыға сипаттама беру?




  1. Тақырыбы Аурухана ішілік инфекциялар

  2. Мақсаты Студенттерді аурухана ішілік инфекциялардың ерекшеліктерімен таныстыру және алдын алу шаралары.

  3. Дәріс тезистері Ауруханадағы өлім жағдайының себептерінің бірі болып саналатын аурухана ішілік инфекцияның маңызы зор. Әсіресе жиі аурухана ішілік микроорганизмдердің штаммының жұқтырылуы қарқынды терапия бөлімшесінде, реанимация бөлімшесінде, сонымен қатар науқастарды асептика және антисептика шаралары дұрыс сақталмаған жалпы палаталарға жатқызылғанда байқалады. Әдетте ауруханада аурудың жұқтырылуы ауа- тамшылы жолмен, тікелей инфекция көзімен қарым қатынаста болғанда, қоршаған заттармен, персонал қолымен, инструменттермен, ине, катетер, системалар, егулер жасау кезде, төсек жабдықтары және тағы жабдықтар арқылы жүзеге асуы мүмкін. Аурухан ішілік инфекцияны алдын алуда ұсынылатын принцип: - ол «әрбір жұқпалы аурумен сырқаттанған науқасқа – жеке бокс немесе жартылай бокс», бір мезетте палатаны толтыру принципі, негізгі принцип – санитарлы – гигиеналық шараларды толық сақтау, жұқпалы аурулар бөлімшесі аса толтырмау қажет. Әсіресе қарқынды терапия жүргізілетін бөлімшеде жеке жатқызу принципі сақталуы керек. АҚШ-ғы ауру сырқаулықты бақылайтын орталықтың ұсынған жалпы профильдегі жұқпалы бөлімшелерде мүмкіндік барынша науқастарды категорияларға сай жатқызу керек. Ол 6 жіктеуді ұсынады:

1) қатаң жекелеу;

2) қарым қатынасты жекелеу;

3) респираторлы жекелеу;

4) туберкулёздегі жекелеу;

5) ішек инфекцияларындағы жекелеу;

6) науқастың бөліністеріне байланысты жекелеу



  1. Иллюстрациялы материалдар Power Point бағдарламасында презентация, слайдттар

  2. Әдебиет

  1. Кулешова Л.И Пустоветова Е.В Инфекционная безопасность в лечебно-профилактических учреждениях.М. 2005.

  2. «Балалар инфекциялық аурулары»В.Н.Тимченко 3-ші басылым СПб.:СпецЛит 2008ж. 608б:илл

  3. В.Ф.Учайкин,Н.И.Нисевич,О.В.Шамшева «Балалар инфекциялық аурулары»:М:гэотаР Медиа 2010-688б

  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Аурухана ішілік инфекцияның жұғу жолдары.

  2. Алдын алу шаралары.




  1. Тақырыбы Балалар жұқпалы аурулар пәніне кіріспе. БАБЖ.

  2. Мақсаты Инфекция және инфекциялық процесске түсінікпен таныстыру

  3. Дәріс тезистері Жұқпалы аурулардан жиі болатын өлім себептері /ДЖДСҰ/ 1.АИВ/ЖИТС-26,6% 2.Диарейлі аурулар-19,2 % 3.Туберкулез-15,4 % 4.Балалардың вакцинатәуелді аурулары /қызылша,қызамық,күл,сал,тырыспа/ 5.Малярия-10,8% Осы жұқпалы аурулар -85 % жағдайда өлімге әкеледі

Жаңа мыңжылдықта жұқпалы аурулармен күрес актуальды медициналық проблема мен қоғамға маңызы бар саяси жағдай болмақшы,себебі жұқпалы аурулар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді

Xx-ғасырдағы 3 глобальды жетістік

1.Жұқпалы ауруларды емдеуде антибактериальды препараттарды кең қолдану

2.Жаппай вакцина енгізу бірқатар жұқпалы ауруға қарсы

3.Жаңа лабораторлы тәсілдермен жұқпалы аурулардың этиологиясын анықтау

Жұқпалы аурулар (от лат. Тілінен infectio - жұғу, лантану)

-Бактериялар, вирустар, қарапайымдылармен шақырылатын жұқпалылығымен инкубациялақ кезеңімен циклдық өтуімен сипатталатын клиникалық көріністері бар арнайы иммунитет түзетін аурулар тобы . Жалпы ерекшеліктері:

1. Сау адамға жұғу мүмкіндігі (қолайлы жағдайда);

2. Эпидемия туғызу қабілеті

Инфекция немесе инфекционды үрдіс деп сыртқы орта әсерінен болытын микроорганизмдердің арақатынасы. Егер осы арқатынас нәтижесінде макро-органимнің қызметі бұзылып, аурудың морфологиялық субстраты түзілсе клиникалық симптомдар көрінеді, келесі өзгерітер пайда болады :

тистикалық жіктелуіне сәйкес өлім себептерінің құрлымы 5 топтан құралған:-жұқпалы емес аурулар-59%-жұқпалы аурулар+респираторлы жұқпалы ауру-25,9% + паразитарлы аурулар - травмалар-9 %- басқа себептер-6,1 %


  1. Иллюстрациялы материалдар Power Point бағдарламасында презентация, слайдттар

  2. Әдебиет

1. Инфекционные болезни у детей. Тимченко В.Н С.-Петербург, 2006, 583

2. Инфекционные болезни и вакцинопрофилактика у детей Учайкин В.Ф , Нисевич Н.И,

Шамшева О.В М, Учебник для вузов.2006г 688 с

3. Инфекционные болезни у детей Под ред. Э.Н Симовьян . Ростов на Дону Феникс 2007

763с

4. Интегрированное ведение больных детского возраста ВОЗ, ЮНИСЕФ, 1997



5. Стратегия интегрированного ведения больных детского возраста (ИВБДВ), процесс

адаптации и планирования в Казахстане. 2002 г

6. Программа ВОЗ по ИВБДВ.Женева,2003г


  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. Инфекциялық процесс деген не

2. Өлім құрылымы




  1. Тақырыбы «Бөртпе синдромымен жүретін сырқаттар»

  2. Мақсаты Бөртпе синдромымен жүретін сырқаттармен студенттерді таныстыру.

  3. Дәріс тезистері Балалар инфектологиясында бөртпе синдромдарымен жүретін жұқпалы аурулар жиі кездеседі. Оларға қызылша, қызамық, жәнжау, желшешек, менингококцемия және т.баурулар жатады. Клиникалық көріністерінің, бөртпенің орналасуы және морфологиялық өзгерістерінің ұқсастығына байланысты салыстырмалы диагностика жүргізу қиындықтар туғызуы мүмкін. Қызылша. Сезімталдық аса жоғары. Қызылша қоздырғышы – вирус. «ұшқыш», сыртқы ортада төзімсіз. Жиі ересек топтағы балалар ауырады. Клиникасы: басталуы жедел, тыныс жолдарының катары, конъюнктивит, жарыққа қарай алмаушылық, қызба, аурудың 4-5 күнінен бастап өзгермеген теріде дақты-папулезді бөртпе, этаппен шығады, одан кейін пигменттік дақ және түлеу болады. Зертханалық зерттеу: вирусологиялық, серологиялық (РТГА, ИФА), ПЦР, гематологиялық. Қызамық: кең тараған ауру. Ауру көзі: науқас немесе тасымалдаушы. Таралу механизмі: ауа – тамшы, туа пайда болған қызамықта – трансплацентарлық. Клиникасы: дене қызуы қысқа уақытқа 38 С дейін жоғарлайды, катаралдық белгілер айқын емес, бөртпе аурудың бірінші күні пайда болады, дақты –папулезді немесе ұсақ дақты-папулезді, көбіне аяқ-қолдың жазылу беткейінде, жамбас аймағында орналасады. Экзантема қысқа уақытқа шығады, кейін дамуы кезінде пигменттік дақ болмайды, артқы мойын және желке лимфатүйіндері ұлғайған. Асқынуы: энцефалит. Зертханалық зерттеу: серологиялық: ИФА, РНГА, ПЦР, вирусологиялық. Жәншау: Аурушаңдылық жоғары деңгейде. Ауру көзі: науқас жәншаумен, баспамен немесе назофарингитпен. Таралу механизмі: ауа-тамшы және тұрмыстық-қатынас. Клиникасы: жедел басталады, тамақтың ауруы, құсу, баспа, шектелген ауыз-жұтқыншақтың гиперемиясы, бөртпе аурудың алғашқы сағатынан бастап пайда болады, ұсақ нүктелі қызарған тері фонында, табиғи қатпарлар мен іштің төменгі бөлігінде жиі орналасады, аурудың 5-6 күнінен бастап түлеу пайда болады, денесінде ұсақ қабыршықты, аяқ-қолында ірі-қабыршақты. Зертханалық зерттеу: гематологиялық, бактериологиялық, серологиялық. Желшешек: сезімталдығы 100%. Қоздырғыш «ұшқыш», сыртқы ортада тұрақсыз. Клиникасы: жедел басталады, дене қызуы жоғары, бөртпе бүкіл денеде, шаш арасында пайда болады, келесі даму кезеңдерңмен: дақ, папула, көпіршік, қабықша. Дене қызуы қысқа мерзімге, субфебрилді, улану айқын емес. Асқынуы: іріңді: пустуллалар, абсцесстер, флегмоналар, остеомиелиттер; орталық жүйке жүйесінің зақымдануы: энцефалиттер, менингоэнцефалиттер, миелит. Зертханалық зерттеу: серологиялық : ИФА, РНГА, ПЦР, иммунофлюоресцентді әдіс, вирусологиялық. Менингококцемия – сезімталдық өте жоғары. Клиникалық критериялар: кенеттен басталады, дене қызуы - 39 – 40С, қалтырау, бас ауруы сезімі, қайталап құсу. «Жұлдызша» тәрізді геморрагиялық бөртпелер, ортасында некрозбен. «Найзағай» тәріздес түріне айқын клиникалық көрініс және ИТШ тән. Зертханалық зерттеу:- ликворды бактериологиялық егу, қанның «толық» тамшысы, серологиялық реакциялар : ИФА, РНГА, ПЦР.

  4. Иллюстрациялы материалдар слайдтар.

  5. Әдебиет

1. Инфекционные болезни у детей. Тимченко В.Н С.-Петербург, 2006, 583

2. Инфекционные болезни и вакцинопрофилактика у детей Учайкин В.Ф , Нисевич Н.И,

Шамшева О.В М, Учебник для вузов.2006г 688 с

3. Инфекционные болезни у детей Под ред. Э.Н Симовьян . Ростов на Дону Феникс 2007 763с



  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

Қызылша, қызамық, жәншау және желшешек кезінде шығатын бөрпені сипаттаңыз; шығу уақытын көрсетіңіз?



беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет