Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



бет12/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

15-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер



мектептері музыка бөлімдерінің «Орыс халық аспаптары оркестрі»


пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      720. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Орыс халық аспаптарының оркестрі» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) оқу пәнінің мазмұнын, болжамды бағдарламалық талаптарды, бақылау нысандарын, бағалау өлшемдерін және бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелерді анықтайды.

      721. «Орыс халық аспаптары оркестрі» бағдарламасының мазмұны тұлғаның өзін тануы мен шығармашылығын уәждемелеуді дамытуға, білім алушыларды әлемдік мәдениет құндылықтарына араластыруға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, аспапта ойнаудың дағдыларын практикада қолдануға бағытталған.



      722. Бағдарлама оқыту мен тәрбие беру үдерістерінің біртұтастығын ескереді. Бағдарламаның іске асырылуы келесілерге байланысты:



      1) әр баланың музыкаға деген қызығушылық деңгейін, оның музыкалық есту қабілетінің дамуын, музыканы тұрақты қабылдауын, шығармашылық елестетуінің, қиялының, тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын үнемі бақылап отыру;



      2) әр адамның музыка әлеміне араласуына мүмкіндік беру және сол арқылы оның өзінің жан-жақты қабілеттерін айқын көрсете алуына қажетті жағдай жасау;



      3) тұрақты топтық сабақтар: орындалатын барлық тапсырмалардың шығармашылық сипаты баланың белсенді әрекетін дамытуға, олардың музыка мәдениетінің көркем-эстетикалық құндылықтарын игеруге, тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге бағытталған.



      4) баланың танымдылық-көркемдік әрекетінің дамуын, дыбыстар әлемін көркемдік тұрғыдан игеру, шығармашылық тұрғыдан ойлау дағдысының қалыптасуын қамтамасыз ететін өнердің түрлері арасындағы пәнаралық байланысты орнату.



      723. Бағдарламаның мақсаты: білім алушының оркестрде ойнау дағдылары мен әдістерін қалыптастыру және дамыту, ұлттық, классикалық және заманауи музыкасымен таныстыру.



      724. Бағдарламаның міндеттері:



      1) балаларға ұлттық аспаптада ойнауды үйрету, репертуарды шығармашылық-эмоциялық орындауды үйрету;



      2) музыкалық шығарманы бейнелі-эмоциялық құрылымын жеткізу;



      4) музыканы естуді, ырғақ сезімін, есте сақтау мен зейін қоюды дамыту;



      5) шыдамдылық пен еңбекқорлықты тәрбиелеу;



      6) балаларды тату шығармашылық ұжымға біріктіру және өзін өзі дамытуға талпындыруды тәрбиелеу.



      725. Бағдарлама осы бағдарламаның музыка өнері саласындағы техникалық және кәсіби негізгі білім беру бағдарламаларымен сабақтасуын ескере отырып әзірленген.



      726. «Оркестр сыныбы» пәні бойынша бағдарламаны меңгеру мерзімі 5-7 жылды құрайды. Мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі негізгі және жалпы орта білімді аяқматаған, бірақ музыка өнері саласындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуді жоспарлап отырған балалар үшін бір-екі жылға ұзартылады.



      727. Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан 4 адамға дейін.



      728. Сабақтардың негізгі түрлері болып түрлі әдістер қолданылатын топтық сабақтар табылады: ойын, көрнекті (практикалық көрсетілім), ынталандыру және қолдау, салыстыру, сөзбен түсіндіру әдісі. Оқыту үдерісінде диагностикалық әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу.



      Сабақ түрлері:



      1) шығарманы талдау, ансамбльдік және оркестрлік ойнау дағдылары мен амалдарын игеруден тұратын практикалық сабақтар.



      2) дайындықтық-концерттік сабақтар – бұл жеке концерттік нөмірлерді дайындау және жеке концерттік нөмірлерді көпшілікке көрсету;



      3) ойын сабақтары – бұл партияны ең үздік орындауға, партияның нақты жерлерін тез жаттауға арналған байқаулар;



      4) саяхат сабақтары: кәсіби және әуесқой ансамбльдердің және орыс халық аспаптар оркестрлерінің концерттеріне бару.



      729. Білім алушылардың оркестрде ойнау әдістері мен дағдыларын біртіндеп және терең меңгеруінің маңызды құрамдас бөлігі болып жеке топтармен сабақ жүргізу болып табылады, жеке сабақтар нақты партияның мақсатына сәйкес ерекшеліктері мен қыр-сырына назар аударуына көмектеседі, сонымен қатар әр білім алушының орындаушылық мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Партияларды жақсы білу оркестр сабақтарының бос уақыттарының негізгі бөлігін орындалатын шығарманың көркемдік жағымен жұмыс жасауға жұмсауға мүмкіндік береді.



      730. Осы бағдарламаны іске асыратын негізгі тиімділік көрсеткіштері:



      1) оркестрлік орындаушылыққа деген білім алушыларды жоғарғы дәрежеде уәждемелеу;



      2) дарынды балалардың кәсіби озін-өзі анықтауы;



      3) білім алушылардың шығармашылық өзін-өзі танытуы, ұжымдар мен олардың жеке орындаушыларының көрсетілім-байқауларына, фестифальдарға, концерттік-топтық шараларға қатысуы.



      731. Білім беру бағдарламасын іске асыру үшін білім беру ұйымы:



      орыс халық (оркестрлік) аспапатарының санының жеткілікті болуы;



      медиаторлар мен ішектерінің, шулы және соқпалы аспаптардың жиынтығының санының жеткіліктілікті болуы;



      ноталық мәтіндерді оқуға арналған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін пульттер (аяқ қоюға арналған құрылғы) – үш қатысушыға біреуден кем болмауы қажет;



      аспаптарды нақты және ыңғайлы түрде жөндеп күйге келтіруге арналған электронды немесе акустикалық камертон;



      оқыту аудиториялары дыбыстық оқшауланған болуы керек;



      оркестр ұжымының қатысушылары сахналық костюмдермен қамтамасыз етеді.



      732. Сыныпты толық құрылғыландыру үшін фортепианоның болуы шарт.



      Мектепте жарықтық және дыбыстық құрылғылары бар концерт залы болғаны абзал.



      733. Білім беру бағдарламасын іске асыру үшін оқу-әдістемелік шарттары болып ноталық әдебиеттер, оркестрлік партитуралар, оркестрлік партиялардың жазбаларына арналған ноталық дәптерлердің, әдістемелік әдебиеттер және дидактикалық материалдар (көрнекі оқу құралдары, фонетика мен видиотека, танымдық ақпарат жазылған тақта) жатады.



      734. Дәрісханалық сабақтарды өткізу түрлері: топтық.



      Дәрісханадан тыс жұмыстардың түрлері:



      1) үй тапсырмасын орындау;



      2) концерттік көрсетілімдерге дайындалу;



      3) білім алушылардың концерттерге, шығармашылық шараларға қатысуы;



      4) филармония, театрлар мен мұражайларға және тағы басқаларға баруы.



      735. «Орыс халық аспаптар оркестрі» пәні арнайы пәндер сыныбында таңдау пәні бойынша алған білімдерін ұжымдық музыка ойнау әдісі арқылы тәжірибеде қолдануға арналған.



      736. Оркестр сыныбында білім алушылар ойнауды, тыңдауды және музыкалық шығарманы түсінуді, оның негізгі тақырыбын, қосалқы дауыстарды, вариацияларды, түсінеді, әуендік, үйлесімді тембрлі естуді дамытады, нотаны парақтан оқуды үйренеді және дирижерлік қимылдарды түсінеді.



      737. Оркестр сыныбындағы сабақтар кешенді оқу-тәрбиелік мәнге ие және білім алушылардың классикалық мұраны, халық музыкасын, отандық және шетелік классиканы оқу үдерісінде негізгі және пәндік білімді қалыптастыруға бағытталған.



      738. Орыс халық аспаптарында ойнауды насихаттайтын және білім алушыға ұжымдық көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысуға қажетті дағдыларды, камералық музыкада ойнауды үйрететін оркестр ұжымының концерттік практикамен дәлеледенеді.



      739. «Орыс халық аспаптары оркестрі» пәнінің мақсаты: музыкалық халық аспаптарында ойнау арқылы білім алушылардың рухани мәдениетін байыту, ұжымдық орындаушылық саласы негізінде алған білімін, дағдысы мен біліктерін музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.



      740. «Орыс халық аспаптары оркестрі» пәнінің міндеттері.



      1) білім алушылардың арнайы сынып сабақтарында алған білімін, дағдысын және біліктерін дамыту және бекіту;



      2) арнайы сыныптарда алған тәжірибелік дағдыларын оркестрде ойнау кезінде қолдану;



      3) оркестрдің барлығы немесе жекелеген оркестрлік топтар орындайтын музыкалық шығарманы – оның негізгі тақырыбын, қосалқы дауысты, вариацияларды және тағы басқаны түсіну;



      4) оркестрде ойнау кезіндегі сезімділігін, есте сақтауы, елестетуін және шығармашылық белсенділігін дамытуға ынталандыру;



      5) білім алушының оркестрде ойнауына қажетті кешенді орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;



      6) орыс халық аспаптары оркестрінің репертуарымен таныстыру арқылы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту;



      7) коммуникативтік міндеттерді (шығармашылық дамуына әсер ететін түрлі жас шамасындағы білім алушылардың бірлескен шығармашылығы, музыканы бірге ойнау барысында араласа білу, бір-бірінің ойнауын бағалау) шешу;



      8) ансамбльді (оркестрде ойнау барысындағы серіктестікті сезіну), әртістік пен әуенділікті сезіну;



      9) ұжымдық муызка ойнау дағдыларына, өз беттерінше жұмыс істеуге үйрету;



      10) парақтан оқу дағдыларына үйрету;



      11) ұжымдық музыка ойнау дағдыларына үйрету;



      12) ұжымдық шығармашылық тәртіпті дамыту;



      13) оркестрлік музыка ойнау саласында білім алушылардың шығармашылық қызметтері мен көпшілік алдындағы өнер көрсетуден тәжірибе жинақтау;



      14) білім алушылардың музыкалық, көркемдік және эстетикалық талғамын тәрбиелеу;



      15) біршама дарынды түлектердің кәсіби орындаушылық шеберлігін қалыптастыру.



      741. Бағдарлама жалпы дамытушылық бағытқа ие, орыс халық фольклоры, әлем халықтары фольклоры, түрлі нақыштар мен дәуірлердің авторлық музыкалары, заманауи би музыкасы мен балалар әндері бағдарламаның музыкалық негізін құрайды.



      742. Бағдарлама дайындалып отырылған бағдарламаның келешекте жалғасын табуын қамтамасыз етуді және музыкалық өнер саласындағы кәсіби орта білім берудің негізгі кәсіби білім бағдарламаларын ескере отырып әзірленген.



      743. Әр жартыжылдықтың басында оркестрге арналған жоспар құрылып, білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог тапсырмаларды орындау сапасы мен алдыңғы тізімдердегі бекітілген өзгерістерді енгізеді, ал жылдың соңында оркестр ұжымының музыкалық және техникалық дамуын, үлгерімі мен еңбекке қабілеттілігінің сипаттамасын береді.



      744. Оркестрдің жоспарын құру кезінде жылдың басы мен соңындағы сипаттамасына сәйкес оркестрдің жұмысын жоспарлаудың келешекті және ағымдық міндеттері ескеріледі.



      745. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, оркестр ұжымының мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.



      746. Педагог бағдарламаның көлемі мен қиындығын репертуарлық тізімге жаңа репертуарлар енгізе отырып өзгертеді. Репертуарғы түпнұсқалық шығармалар, орыс халық аспаптарына арналған өңдеулер мен заманауи композиторлардың шығармалары кіреді.



      747. Оркестрдің жоспары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 19-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтуды көрсетеді.



      748. Жоспарда оркестрдің жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:



      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;



      2) жалпы даму, эмоциялылық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;



      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;



      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;



      5) жылдың аяғындағы табыстары;



      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.



      749. Ансамбль сыныбы мен оркестр сыныбының міндеттері: ансамбльде және оркестрде ойнау дағдылары мен әдістерін қалыптастыруды және дамытуды, халықтық музыкалық аспаптарында ойнату арқылы рухани мәдениетін байыту.



      Музыка мектептерінің ансамбль сыныптарының міндеттері: аспаптар сыныбында алған дағдылары мен білімдерін практикада қолдану және бекіту, музыкалық талғамды дамыту, ұжымдық шығармашылықты және орындаушылық тәртіпті тәрбиелеу.



      750. Балалар музыка мектебінде білім алу барысында білім алушылар ансамбль мен оркестрде ойнауды үйренеді, оркестрлік музыканы түсінуді, халықтық музыкалық шығармашылығымен, классикалық музыканың үздік үлгілерімен, қазіргі заман авторларының ең атақты шығармаларымен, сондай-ақ шетел композиторларының алдыңғы қатарлы шығармаларымен танысады.



      751. Әрбір жарты оқу жылынан кейін білім алушыларға баға қойылады. Баға қою үшін негізінен білім алушының аталған кезеңде оркестр мен ансамбльде ойнау дағдыларын игеру деңгейі, сондай-ақ ынтасы мен тырысуы назарға алынады.



      752. Оркестрдің әр өнер көрсетуі (мектептің есеп беру концерті, байқаулар және тағы басқа) тұтас оркестр үшін де, оған қатысшы үшін де сынақ болып табылады.



      Есеп беру концерттерінің бағдарламаларын оркестрдің жетекшісі ұжымның мүмкіндіктері мен өсуін ескере отырып құрастырады және оны білім беру ұйымының басшысы бекітеді.



      753. Оркестрді құру. Халық аспаптары оркестрі арнайы сыныптарда таңдау пәні бойынша аспапта ойнаудан алған белгілі дағдыларды меңгерген 5 жылдық оқу мерзімі бойынша 3-5-сынып білім алушыларынан және 7 жылдық оқу мерзімі бойынша 3-7-сынып білім алушыларынанқұралады. Музыкалық мектептер мен өнер мектептеріндегі таңдау бойынша пән оркестрді құруда үлкен рольді атқарады.



      754. Таңдау бойынша пән халықтық бөлімнің білім алушыларына оркестрге келгенге дейін тиісті дайындық алуларына мүмкіндік береді және негізгі аспаптардан басқа сүйемелдеу тобын, альттар тобын, партиялар басын және тағы басқаларды құру керек болатындықтан оркестрдің толықтырылу мүмкіндігін біршама кеңейтеді.



      755. Ерекшелік ретінде, оркестр сыныбындағы сабақтарға арнайы сыныптардағы өзінің бағдарламасын жемісті орындап жүрген және теориялық пәндерді үлгеріп жүрген 5 жылдық оқу бойынша 2-сынып және 7 жылдық оқу бойынша 4-сынып білім алушылары жіберілуі мүмкін.



      Кіші сыныптың білім алушыларын тарту оркестрді кеңейтуге мүмкіндік береді.



      756. Халық аспаптары оркестрінің негізі ішекті аспаптар тобы – домра мен балалайка екендігі белгілі. Балалайка тобы аз болғанда немесе болмағада оркестр жетекшісі орындалатын шығарманың фактурасын сақтай отырып, балалайкалар жүзеге асыратын сүйемелдеуді домра тобына жүктеледі.



      757. Үш–төрт ішекті домра сыныптары бар музыкалық мектептер үш ішекті домрасы бар аралас оркестрге арналған репертуарды пайдалана отырып домраның екі түрін бір оркестрде біріктіріледі.



      758. Оркестрдің бас партияларын қалыптастыру кезінде дирижер алдына ала бас-оркестрде ойнайтын қатысушыларды дайындайды: бас пен балалайка-контрабас, домра-бас пен домра-контрабас. Аталған аспаптарда ойнауға ырғақты жақсы сезінеді деген білім алушыларды үйрету ұсынылады.



      759. Оркестрлік сыныпты дамыту және кеңейту үшін халықтық шертпелі музыкалық аспаптармен таныстыру тәртібі бойынша баяншылар мен аккордеонистерді ішекті халық аспаптарында (бас, контрабас, балалайка-секунда және балалайка-альт) ойнауды үйретуді тәжірибеде қолдану ұсынылады.



      760. Оркестр құрамына соқпалы, дауыс ырғағы аспаптардың және оркестрлік баяндардың, мыстан және ағаштан жасалған үрмелі аспаптардың, контрабастың, кейде фортепианоның енгізілуі оркестрдің дыбыстық политрасын байыта түседі.



      761. Баяншылар ансамблі 5 жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 3-5-сынып білім алушыларынан және 7 жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 4-7-сынып білім алушыларынан құрылады. Музыкалық мектептердегі аснамбльдердің негізгі құрамы – дуэттер мен трио, квартеттер, квинтеттер, секстеттер және тағы басқа.



      762. Баяншылар оркестрі орыс халық аспаптары секілді көбінесе халықтың ішекті аспаптары (домра, балалайка) сыныптары жоқ немесе аз дамыған музыкалық мектептерде 5 жылдық оқу мерзімі бойынша оқитын 3-5-сынып білім алушыларынан және 7 жылдық оқу бойынша оқитын 4-7-сынып білім алушыларынан құрылады.



      Баяншылар оркестрінің негізін дайын аккордтары бар баяндар мен оркестрлік баяндар құрайды. Оркестр құрамына кіретін барлық аспаптар бірдей күйленеді.



      763. Мектепте аккордеон сыныбы болған жағдайда баяншылар оркестрінің құрамына аталған сыныптың білім алушыларын қосқан дұрыс. Бұл оркестр сыныбын кеңейте түседі және оркестрге жаңа тембрлік үн береді.



      764. Баяншылар оркестрінің дыбысталуы біртекті екендігін ескере отырып оның тембрлік байлығын және оркестр үнінің әр түрлілігін қамтамасыз ету үшін халық аспаптары оркестрі секілді оркестр құрамына басқа аспаптарды, мысалы, ішекті немесе контрабасты, соқпалы аспаптар тобын, мыстан және ағаштан жасалған үрмелі аспаптарды және тағы басқаларды енгізу ұсынылады.



      765. Оркестрдің сандық құрамы 15 – 40 адам аралығында болуы мүмкін, ол музыкалық мектептің халық аспаптары бөлімінің мүмкіндігіне байланысты болады.



      766. Баяншылар оркестрінің негізі болып бірінші және екінші баяннан, альтадан, тенор мен бастар тобынан тұратын квинтет саналады. Дауыстар көлемі оркестр құрамына аспаптардың басқа түрлерін, мысалы, жоғарыда аталған аспаптарды енгізу есебінен ұлғайтылуы мүмкін.



      767. Оркестрдің жетекшісі өз жұмысында баяншылар триосы мен квартетіне арнап жазылған немесе бейімделген пьесаларды пайдалана алады.



      768. Оркестрмен жұмыс істеудегі басты элементтердің бірі – оның қатысушыларын дайындықтар мен концерттерде дұрыс орналастыру. Оркестрдің орындаушылары жинақы отырады. Білім алушыларды музыкалық дайындық деңгейлері мен тәжірибелеріне байланысты оркестрдің тобы ішінде де дұрыс отырғыза білу маңызды.



      769. Баяншыларды отырғызудың бір үлгісі ұсынылады:



      1 қатар – бірінші және екінші баяндар;



      2 қатар – альттар, тенорлар мен бастар.



      Қалған аспаптар дирижердің шешіміне сәйкес орналастырылады. Оркестр топтарының концертмейстері етіп ең қабілетті және үздік, оркестрде ойнау дағдысы бар білім алушыны тағайындаған жөн.



      770. Музыкалық мектептердің оркестр құрамдары білім алушылардың мектепті бітіріп кетулеріне байланысты жыл сайын өзгеріп отыратын болғандықтан оқу жылының басында жұмыс істеу үшін жаңадан келгендердің құрамға тезірек сіңісіп кетулеріне көмектесетін біршама жеңіл және оңай шығармалары таңдалады.



      771. Оркестрде әр білім алушы оркестрлік аспаптардың түрлі міндеттерімен танысады. Оркестр жетекшісі оркестрге қатысушының осы уақыт ішінде оркестрдің түрлі партияларын – бірінші және екінші баяндарды ғана емес, сондай-ақ альттар, тенорлар және бастар партияларын да орындауын қадағалап отырады. Сонымен бірге әрбір оркестрде ойнаушының оркестрде болған уақыты ішінде жанры, түрі және сипаты әр түрлі болып келетін музыкалық шығармалармен танысып шығуы да маңызды.



      772. Оркестрдің, ансамбльдің репертуары.Оркестрдің дайындық деңгейінке сәйкес келетін қажетті, қызықты ноталық материалды іріктеу оның жемісті жұмыс істеуіне әсер ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Оркестрде түрлі сынып білім алушыларының бар екендігін және олардың дайындықтарының әр түрлі екендігін ескере отырып жетекші шығарманы мазмұны мен техникалық қиындығы жағынан оркестрге қатысушылардың барлығы орындай алатындай етіп таңдалынады.



      773. Оқу жылы ішінде оркестр сыныбында 4-6 шығарманы үйреніп шығады, оның біреуінің ірі көлемдегі шығарма болғаны жақсы.



      774. Ансамбль мен оркестр сабақтарында оркестрде ойнаушы нотаны парақтан оқып үйренеді. Аталған дағдыны біртіндеп және жоспарлы түрде дамыту мақсатында жұмысты орындауға қолайлы болатын тональдықтағы, альтерациялық белгілері аз және ырғақ суреті қарапайым жеңіл шығармадан бастаған дұрыс.



      775. Нотаны парақтан оқу барысында орындалатын шығарманың түрі мен мазмұны туралы дұрыс түсінік алу үшін берілген партитураның қарапайым талаптары орындалады.



      Пысықталатын музыкалық шығармалардың саны, олардың жанры, түрі, фактурасы мен сипаты бойынша әр түрлі болуы оркестрде ойнаушының музыкалық ой өрісін кеңейтіп қана қоймай, нотаны парақтан оқу дағдысын дамытады.



      776. Полифониялық пьесаларды талдау және үйрену ерекше зейін қоюды талап етеді, оларды орындау үлкен музыкалық және тәрбиелік маңызға ие және музыкалық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Оркестрлер мен ансамбльдердің репертуарларында әндерде көп кездесетін қосымша дауысты полифонияларды, сондай-ақ классиктер мен қазіргі кездегі композиторлардың үздік шығармаларын кеңінен қолданылу ұсынылады.



      777. Репертуар тізімінің келесі тараулардан тұрады:



      1) халық аспаптары оркестріне арналған шығармалар – түпнұсқалық өңдеулер және инструментовкалар;



      2) халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуіндегі түрлі аспаптарға арналған шығармалар;



      3) халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуіндегі дауысқа арналған шығармалар;



      4) баяндар оркестріне, сондай-ақ баяндардың дуэті, триосы, квартетіне, аккордеондардың дуэтіне, триосына арналған шығармалар.



      778. Репертуар тізімі ақырғы нұсқау болып табылмасы анық. Оркестр жетекшісі өз қалауынша оркестрдің немесе ансамбльдің құрамын және дайындық деңгейін ескере отырып ұсынылып отырылған тізімді жаңа, орыс, қазақ және шетелдік композиторлардың жаңадан шыққан шығармаларымен (түпнұсқалармен, өңдеулермен және бейімдеулермен), өңделген халық әндерімен және өзінің инструментовкаларымен толықтыра алады және толықтыруға міндетті.



      779. Оқу-тақырыптық жоспар. Бірінші оқу жылы.



      1) Оркестрлік музыка аспабымен танысу – 12 сағат.



      2) Ұжымдық музыканың негізгі қағидаларын меңгеру – 22 сағат.



      3) Дирижерлік қимылмен танысу, оны дұрыс түсінуді үйрену – 10 сағат.



      4) Оркестрлік партияны орындау шеберлігін қалыптастыру – 26 сағат.



      5) Музыкалық шығарманы зерттеу жұмысы – 32 сағат.



      6) Жиынтық дайындықтар – 18 сағат.



      Екінші оқу жылы.



      1) Аспапта ойнауды жетілдіру және оркестрде ойнаудың негізгі қағидаттарын одан ары дамыту – 22 сағат.



      2) Қосалқы дауысты, жеке орындаушы мен сүйемелдеу партияларын есту шеберлігін қалыптастыру – 16 сағат.



      3) Жылдам қарқынды ырғақтық тұрақтылықпен жұмыс – 22 сағат.



      4) Музыкалық шығарманың орындау айқындығына бағытталған құралдарды меңгеру (баса айту (фразировка), динамика, артикуляция, тембрлік салыстыру) – 24 сағат.



      5) Оркестрлік партиядағы техникалық қиындықтарды анықтау және жеңу шеберлігі – 18 сағат.



      6) Жиынтық дайындықтар – 18 сағат.



      Үшінші оқу жылы.



      1) Күрделі фактуралы шығармалардағы ансамбльдік ойнау дағдыларын жетілдіру – 24 сағат.



      2) Музыкалық тілдің негізгі құрамдастарымен жұмыс (ырғақ, жоғарылығы, ладтық тартылыс, мелодия, сүйемелдеу) – 20 сағат.



      3) Концерт кезіндегі оркестрлік орындаушылық, әртістік, өзін өзі ұстау дағдыларын дамыту – 18 сағат.



      4) Жоғарғы қиындықты жаңа музыкалық шығармалармен жұмыс – 28 сағат.



      5) Концерттік көрсетілімге дайындық – 12 сағат.



      6) Жиынтық дайындықтар – 18 сағат.



      780. Оркестр сыныптарындағы сабақтар Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бес жылдық оқу мерзімі бойынша 3-сыныптан бастап және жеті жылдық оқу мерзімі бойынша 5-сыныптан бастап аптасына 3 рет жүргізіледі.



      Бұдан басқа, оркестр сыныбында айына 2 сағат жиынтық дайындықтар өткізуге бөлінеді.



      781. Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында музыкалық ұжымдарда (оркестр, ансамбль) сабақтарын өткізуге кәсіби орындаушы (педагог) аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме төлемімен шақырылады.



      782. Оркестр құрамында бес жылдық оқу бойынша 6-7-сынып білім алушылары және жеті жылдық оқу мерзімі бойынша 8-9-сынып білім алушылары оқуын жалғастырады, оларға педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес арнайы кәсіби орта оқу орындарына түсуге дайындық жасау мақсатында мектепте оқуына рұқсат етіледі.



      783. Оқыту жылдары бойынша қойлатын бағдарламалық талаптар.



      Оқу жылы ішінде бірқатар шығармашылық көрсетілімдер жоспарланады:



      1) педагогтер мен ата-аналарға арналған ашық дайындық сабақтар;



      2) есептік концерттер;



      3) музыкалық білімді насихаттауға арналған шараларға қатысу (жалпы білім беретін мектептерде, демалыс орындарында, балалардың шығармашылық үйлерінде және тағы басқа дәріс-концерттер);



      4) байқауларға, фестивальдарға, көпшілік-концерттік шараларға қатысу;



      784. Оркестрде ойнауда жеке орындаудағы секілді аспапты игерудің төмендегідей белгілі бір музыкалық-техникалық дағдыларының, бірлесе ойнау дағдыларының болуы қажет:



      1) оркестрде ойнаған кезде орындаушылық ниеттің бірлігі мен орындаушылық ойдың жүзеге асырылуын көрсететін ұжымдық шығармашылық, оркестрде орындау саласындағы қалыптасқан білік және дағдылар;



      2) музыкалық шығарманың түрі, жанры мен стилінің көркемдік мазмұны және ерекшеліктері бойынша музыкалық-орындаушылық міндеттерді кеңейту дағдылары.



      785. Бірінші оқу жылының бағдарламалық талаптары.



      Оркестрдің негізгі аспаптары (кіші домра, балалайка примасы, баяндар) мен қосымша аспаптарында (альт домрасы, балалайканың секундасы және альті, бас тобы) бастапқы ойнау дағдыларын игеру.



      Мамандандырылмаған сынып білім алушыларының ойнау техникасының негізгі дағдыларын (отырыс, дыбыс шығару әдістері, аппликатура) игеру.



      Ұжымдық ойнау дағдыларын, оркестрлік партияларды өз бетінше талдау дағдысын дамыту.



      Автордың ой мен оркестр жетекшісінің талаптарын орындай отырып өзінің партиясын орындау дағдысын қалыптастыру.



      Кәсіби терминологияға қатысты осы кезеңге қажетті білімді игеру.



      Дирижер қимылымен таныстыру, ойынды дирижердің қол қимылымен бастау және аяқтау дағдыларын игеру.



      786. Екінші оқу жылының бағдарламалық талаптары.



      Музыкалық аспаптарда ойнауды игерудің техникалық мүмкіндіктерін одан ары жетілдіру, ойнаудың жаңа әдістерін енгізу арқылы репертуарды күрделендіру.



      Партияларды біркелкі аспаптар тобында және өз бетінше үйрену дағдысын; қосалқы дауыстарды, әншінің партиясы мен сүйемелдеуді есту, дирижердің қимылын түсіну дағдысын қалыптастыру.



      Жылдам екпіндегі ырғақтың тұрақтылығын дағдыландыру.



      Оркестрде орындаушылық және артистікт дағдыларын дамыту.



      Музыкалық жанрлармен, композиторлардың шығармашылықтарымен, үздік орындаушылармен және оркестрлермен таныстыру, олардың ойнаулары мен жазбаларын тыңдау.



      Дирижерлік етудің негізгі схемаларын білу.



      Мәнерлі орындау әдістерін (фразировка, динамика, артикуляция) игеру.



      787. Үшінші оқу жылындағы бағдарламалық талаптар.



      Ансамбльде ойнау дағдыларын біршама күрделі фактурада жетілдіру, ойнау тәсілдерін синхронды орындау, орындалатын партия унисонының жоғары деңгейіне қол жеткізу.



      Біршама жылдам және ақырын екпіндерде ырғақтың тұрақтылығын дағдыландыру.



      Музыка тілінің негізгін құраушылармен (лад тартылысы, әуен, сүйемелдеу) таныстыру.



      Ноталық мәтіндерді партиялар бойынша және оркестрдің барлық құрамы болып сауатты оқу.



      Дыбыс шығарудың негізгі әдістерін, дыбыс атакасының түрлерін, артикуляция амалдарын, аппликатураны дұрыс қолдануды игеру.



      Партиялардағы техникалық қиындықтарды анықтай және өте білу, үйреніп жатқан шығармасының эмоциялық-бейнелік мазмұнын түсіне білу шеберліктері.



      Музыкалық шығарманы талдай және құрылу түрін анықтай білуін дамыту.



      Концерт кезіндегі сахналық тәртіп дағдысын қалыптастыру.



      788. Оркестр сыныбындағы білім беру кезінде білім алушылардың музыканы бірлесе орындауларына қажетті білім кешені, біліктері мен дағдылары қалыптасады, атап айтқанда:



      1) оркестрлік өнердің негізін, орыс халық аспаптары оркестрінің көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін біледі;



      2) кәсіби терминологияны біледі;



      3) оркестрдегі ұжымдық орындаушылық шығармашылығы дағдылары, соның ішінде әнші мен оркестрдің өзара қатынасын көрсететін дағдыларға ие;



      4) композитордың ойына және дирижердің талаптарына сәйкес оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысы;



      5) дирижердің қимылын түсіну дағдысы;



      6) оркестрдің барлығы немесе жекелеген оркестрлік топтар орындайтын музыкалық шығарманы түсінеді;



      7) негізгі тақырыпты, қосалқы дауысты, сүйемелдеуді ести білу дағдысына ие болады;



      8) оркестр орындайтын шығарманы сауатты талдай біледі.



      789. Білім алушылардың оркестр сыныбында алған білімдері мен біліктері түлектерге кейін түрлі кәсіби емес музыкалық ұжымдарға қатысу үшін, сондай-ақ кәсіби оқу орындарында оркестр сыныбындағы оқуын жалғастыру үшін қажет.



      790. Білім алушылардың дайындық деңгейлерінеқойылатын талаптар.



      Оркестрлік ойнауда жеке орындаудағы секілді аспапты игерудің төмендегідей белгілі бір музыкалық-техникалық дағдыларының, бірлесе ойнау дағдыларының болуы қажет:



      1) оркестрде ойнаған кезде орындаушылық ниеттің бірлігі мен орындаушылық ойдың жүзеге асырылуын көрсететін ұжымдық шығармашылық, оркестрде орындау саласындағы қалыптасқан кешенді білік және дағдылар;



      2) музыкалық шығарманың түрі, жанры мен стилінің көркемдік мазмұны және ерекшеліктері бойынша оркестрде орындаудың музыкалық-орындаушылық міндеттерін шеше білу дағдылары.



      791. Оркестр сыныбындағы оқу кезінде түлектердің музыканы бірлесе орындауларына қажетті білім жиынтығы, біліктері мен дағдылары қалыптасады:



      1) ансамбльде, оркестрде ойнау дағдылары;



      2) музыкалық шығармаларды орындау кезінде тыңдауға бақылауын жүзеге асыра біледі;



      3) музыкалық жанрлар мен нақыштық бағыттардың оларға тән ерекшеліктерін біледі;



      4) музыкалық терминдерді білу және оларды тәжірибеде қолдана алады;



      5) көркемдік бейне жасай алады;



      6) үйреніп жүрген шығарманың орындаушылық жоспарын интонациялаудың, баса айтудың және динамиканың мәнмәтінінде анықтай біледі;



      7) практикада орындалатын шығармалардың нақыштық ерекшеліктерін қолдана біледі;



      8) музыкалық аспапты игерудегі өзінің техникалық мүмкіндіктерін жетілдіре алады;



      9) музыканы ұжымдық ойнау арқылы музыкалық, көркемдік және эстетикалық талғамын тәрбиелеу, білім алушының рухани әлемін арттыру және байыту;



      10) сахналық тәртіп дағдыларына ие болады;



      11) оркестрлік өнердің бастапқы негіздері жайындағы, оркестрдің көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктері туралы білімді игереді;



      12) кәсіби терминологияға қатысты білімді игереді;



      13) композитордың ойына және дирижердің талаптарына сәйкес оркестр ұжымында өзінің партиясын орындау дағдысын игереді;



      14) дирижердің қимылын түсіну дағдысын игереді;



      15) негізгі тақырыпты, қосалқы дауысты, сүйемелдеуді ести біледі;



      16) оркестр орындайтын шығарманы сауатты талдай алады.



      792. Білім беру бағдарламаларын меңгеруденкүтілетін нәтижелер.



      Білім алушы:



      1) рухани-адамгершілікті, эстетикалық сапаны, жоғары көркемдік талғамды, өнер мен өмірге деген эстетикалық көзқарасты, өнертанушылық, эстетикалық және этикалық, музыкалық-тарихи білім жүйесін, музыкалық түсініктердің қалыптасқан кешені бар;



      2) репертуарының мол,шығармаларды өз бетінше талдайды және жаттай алады, шығарманы аспапта айқын және техникалық орындайды (балалар музыка мектептерінің репертуар көлемінде);



      3) парақтан оқу, есту арқылы әуенді және қарпайым сүйемелдеуді теру, ансамбльде музыка ойнау және тасымалдау (транспонирования) дағдыларының болуы.



      793. «Орыс халық аспаптары оркестрі» пәні бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесі болып білім, білік, дағды табылады:



      1) оркестрлік орындаушылыққа арналған көркемдік-эстетикалық, техникалық ерекшеліктерді білу;



      2) музыкалық терминологияны білу;



      3) оркестр құрамында партияны тәжірибе жүзінде орындау дағдылары;



      4) музыкалық шығарманы аспаппен оркестрде үздік орындай білу;



      5) парақтан оқы дағдылары;



      6) аспаптарда түрлі жанрлар мен нақыштарда музыкалық шығармаларды өз бетінше жаттай алу;



      7) аспаптарға арналған оркестрлік репертуарды білу.



      794. Бақылау нысандары мен әдістері, бағалау жүйесі.



      Оркестрді оқыту бағдарламасында үлгерімді бақылауды негізгі екі фтүрі бар – үлгерімді ағымдық бақылау, аралық бақылау болып табылады.



      Ағымдық бақылау:



      1) сыныптағы жұмысына баға қою;



      2) ағымдық партияны тапсыру;



      3) әр тоқсанның соңында бақылау сабағы.



      Аралық бақылау: көшіру сынағы келесі сыныпқа ауыстыру кезінде және пәнді игеру мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі.



      795. Педагог білім алушы үлгерімінің есебін ағымдық білімінің, сабаққа қатысуының, оркестрлік партияларға қатысты білімін жекелей және топпен тексерудің негізінде жүргізеді. Білім алушыны бағалау кезінде оның ұжымдық концерттерге қатысуы да ескеріледі.



      Педагог әр білім алушыны күнделікті бағалай отырып, олардың бұрынғы анықталған дайындық деңгейлеріне, әр баланың дайындығына сүйене отырып ең алдымен олардың оқу материалды игеру серпілісіне, оның іждағаттылық деңгейіне талдау жасайды, мүмкіндігінше оның оқуға деген қызығушылығын арттыруға тырысады.



      796. Қорытынды (ауыстыру) бағаны шығаруда келесілер ескеріледі:



      1) білім алушының жыл бойғы жұмысын бағасы;



      2) партияларды тапсыру кезінде қойылған бағасы;



      3) білім алушының жыл бойғы басқа да концерттерге қатысу бағасы.



      Оркестрдің әр қойылымы (есептік концерт, байқауға қатысуы және тағы басқа) толық оркестр үшін және әр қатысушысы үшін сынақ болып есептелінеді.



      797. Қорытынды шығару түрлері:



      1) түрлі дәрежелі концерттерге қатысу;



      2) оқу жылы аяғында орыс халық аспаптары оркестріның есептік концертін беру.



      798. Бағалау өлшемдері. Бағдарламаны орындау қорытындысы бойынша өткізілетін сынақта бес балдық жүйе бойынша баға қойылады.



      5 бағасы (үздік) – оркестр сабақтарына тұрақты қатысу, себепсіз сабақтан қалмау, оркестр сыныбында үйретілетін барлық шығармалардағы өзінің партиясын білуі, сабақтарда белсенді эмоциялық жұмыс жасау, ұжымның барлық концерттеріне қатысу.



      4 бағасы (жақсы) – оркестр сабақтарына тұрақты қатысу, себепсіз сабақтан қалмау, сынып жұмысына белсенді араласу, қиын техникалық бөліктерін өңдеу жеткіліксіз болғанда партияның барлық бағдарламаларын тапсыру, оркестрдің концерттеріне қатысу.



      3 бағасы (қанағаттанарлық) – оркестр сабақтарына тұрақты түрде қатыспау, себепсіз сабақтан қалу, сынып жұмысына селқос қатысу,партияны тапсыру кезінде кейбір партирураларды білмеу, партияны қайта тапсыру керек болған жағдайда мектептің есеп беру концертіне міндетті түрде қатысу.



      2 бағасы («қанағаттанарлық емес») – оркестр бойынша өтілген сабақтарға тұрақты келмегені, сабақтан уәжсіз қалғаны, сыныптағы енжарлығы, жалпы бағдарламаның көпшілік партитурасын қанағаттандырарлықтай тапсырмағаны үшін қойылады.



      799. Білім алушыларды аттестациялауды жүргізуге арналған бағалау қоры түлектердің алған білімдерінің, біліктері мен дағдыларының сапасын бағалауды қамтамасыз етуге міндеттеледі, сонымен қатар түлектердің музыка өнері саласында кәсіби білімдерін жалғастыру мүмкіндіның дайындық дәрежесін бағалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет