Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы


-парграф. Балалар өнер мектептерінің «Классикалық би»



бет13/31
Дата25.01.2017
өлшемі7,17 Mb.
#7696
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

16-парграф. Балалар өнер мектептерінің «Классикалық би»



пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      800. Балалар өнер мектептерінің «Классикалық би» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) пәннің мазмұныны, білім алушылардың білімдері мен біліктеріне қойлатын талаптарды, бағдарламаның негізгі тараулары бойынша оқу-тақырыптық жоспарды анықтайды.

      801. Классикалық би барлық би пәндер кешенін оқытудағы жалпы іргетасы, классикакалық би жоғары орындаушылық мәдениетінің көз-бұлағы болып саналады. Бұл жүйелік жаттығу түрлері дененінің икемді әрі қозғалмалы болуын қамтамасыз етеді.



      802. Бағдарламаның мақсаты: білім алушылардың табиғи қабілеттерін ескеріп техникалық орындаушылық дағдыларды және классикалық бидің комбинациясын меңгеру.



      Класиикалық бидің мақсаты: білім алушылардың эстетикалық дамуына, көркемдік талғамының дамуына мүмкіндік беретін білім алушылардың физикалық қасиеттерін дамыту, қажетті техникалық дағдыларды қалыптастыру.



      Классикалық жаттықтырушылар мақсаты: арнайы жаттығулар арқылы би техникасын меңгеруге, классикалық би элементтерін игеруге, әртістік және көркем мәнерінің тәрбиесіне қажетті дағдыларды дамытуға бағытталады.



      803. Классикалық би өнерін үйрену барысында келесі негізгі қағидаларды ескеріледі:



      1) баланың табиғи қабілетінің біртіндеп дамуы;



      2) техникалық тәсілдер мен би лексикасын игерудегі жүйелілік (бірізділік);



      3) сабақтың жүйелі және уақытылы өткізілуі;



      4) оқу үдерісінің мақсаттылығы.



      804. Білім алушылардың даярлық сатысы кезеңінде «Ырғақ» және «Гимнастика» пәндерінің негізгі курстарын жетілдіре меңгеріп алған соң, хореография бөлімінің білім алушылары «Классикалық би» пәнін бірінші сыныптан жетілдіре үйрене бастайды.



      805. Балалар өнер мектептері хореография бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8-ден кем емес жән 20 адамнан артық емес.



      806. Барлық сыныптардағы классикалық би және кіші сыныптардағы халықтық-сахналық би бойынша сабақтартоптың құрамына байланысты қыздар және ұлдар үшін бөлек топтың топтасуына байланыссыз педагогтің нақты жұмыс істеген уақыты бойынша төленеді.



      807. Балалар өнер мектептерінің (хореография бөлімдері) үлгілік оқу жоспарымен анықталған сағаттардан тыс классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, заманауи, балдық билер, ритмика және концерттік номірлерге дайындық бойынша сабақтарөткізу үшін концертмейстерлік сағаттар Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (оқу уақытының 100 пайызы) қарастырылады.



      808. Концерттік нөмір қою әр білім алушыүшін пәнге бөлінген 0,5 сағаттың есебінен жүргізіледі.



      809. Оқу процесін жетілдіру мақсатында есептік концерттерді (спектакльдерді) дайындауға қоюшы-режиссер, балетмейстер аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме бойынша төлемімен үш айдан артық емес уақытқа шақырылады.



      810. Бағдарлама 9-жылдық оқу мерзіміне арналып жасалған. Бірінші және бесінші сынып аралығында классикалық би әліппесі үйретіледі.



      6-7-сыныптарда классикалық би дағдыларының негізі қаланады, адажио мен аллегроның жаңаша екпіні, сондай-ақ бұрылу қозғалыстарының техникасы игеріледі. Бағдарламаға жоғарыдан секіру және қарғу еңгізіледі, tours – ты үлкен қалпта үйрену басталады. Бұлшық еттің күші артып, би орындаушылық көркемдік мәнерге және айқындылыққа ие бола бастайды.



      8-9-сыныптарда техникалық шеберлік әрі қарай дамытылады және өтілген материалға сахналық өңдеу жүргізіледі. Білім алушылар оқып үйренген элементтер негізінде қарапайым комбинацияларды ойдан шығарады. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсуге дайындалады.



      811. Бағдарламада кез келген нақты жағдайларда сынып құрамындағы білім алушалардың мүмкіндігі мен өзіндік шамасын ескерген педагогтің пайдалануына болатындай материалдың ең жоғарғы деңгейі алдын-ала қарастырылған.



      Білім алушалырдың мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты білім алушыларының оқып үйренуіне қиындық келтіретін негізгі бағдарламаны педагог өз қалауы бойынша қолданыстан шығара алады, немесе оқытуды келесі сыныпқа ауыстыра алады.



      812. Педагог білім алушылардың нақты бір тобына айқын, ашық көзқарасын білдіреді және оқу үдерісінде алдына қойып отырған мәселелерді шығармашылықпен шешеді. Күрделі және ерекше жағдайларда оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін негізгі тапсырма бес жұмыс әдісініздеп табу болып саналады.



      813. Оқу түрі – топтық. Топ құрамы – 8 - 12 білім алушы.



      814. Пәнді оқытудың негізгі кескіні: тәжірибелік сабақ. Классикалық би сабақтарының әрқайсысы оның даму заңдылықтарына сүйеніп қарапайымдылықтан – күрделіге, кішіден – үлкенге бағытталған қағидатына негізделеді.



      815. Классикалық би сабақтары төрт бөлімнен тұрады:



      1) станок алдындағы және зал ортасындағы экзерсиз;



      2) adagio;



      3) allegro және башпай жаттығулар;



      4) тыныс алуды қалпына келтіру және ақзаны байсалды жағдайға келтіруге арналған port de bras түрлі нысандары.



      816. Станок алдындағы жаттығулардың реті: plie, battement tendu, battement tendu jete, rond de jambe рar terree, battement fondu немесе battement soutenu, battement frappe, battement double frappe, rond de jambe en l’air, petit battement sur le cou-de-pied, battement developpe, grand battement jete. Зал ортасындағы экзерсиз ықшам, қысқа және шебер жасалады.



      817. Сабақ екі академиялық сағатқа есептелген. Бірінші және екінші сыныпта уақыттың көп бөлігі бұлшық ет жүйесі мен тірек-қозғауыш аппараты бекігенше par terre жаттығуларына беріледі. Осылайша омыртқаға түсетін артық жүктеме алынып тасталынады.



      818. Оқытудың бірінші жылының міндеттері - бас, қол, аяқ, тұла бойдың классикалық жаттықтырушының қарапайым жаттығулары арқылы қойылуы, қимыл үйлесімділігінің қарапайым дағдыларын дамыту, орындау кезінде ұқыптылықтың болуы, тәртіп, зейін тәрбиесінің пайда болуын көздейді.



      819. 3-сынып уақытының көп бөлігі асатаяқ алдында жасалатын жаттығуларға бөлінеді, оқу жылының аяғында бұл жаттығулар 45 минуттар аспайды. Әр жыл сайын шапшандықты арттыру салдарынан экзерсиз уақыты қысқартылады.



      820. Бірінші жартыжылдықта барлық қимылдар бетімен таяққа қарап тұрып, оны екі қолымен ұстап тұрып жүргізіледі. Кейін таяққа қырымен тұрып және оны бір қолымен ұстап тұрып, екінші қолын 2 қалыпта аша отырып жаттығуларды жасайды. Саба би маршымен ақырын қарқынмен басталады, оларды жылдамдатуға немесе бәсеңдетуге болады. Марш ағзаны жұмыс күйіне келтіреді, тыныс пен қан айналымды қалыпқа келтіреді.



      821. 4-сыныпқа білім алушылардың аса таяқ алдындағы жаттығуларда тұрақтылығын қалыптастырады, осы жаттығуларды дәл сол кезекпен залдың ортасына қарай ауыстырады, олар станоктың қасындағылардан да мықты жүргізіледі. Залдың ортасында экзерсиске біртіндеп денені epaulement күйінде en face қалпынан бұрылады және кері жасайды. Бірқатар жаттығуларда қолдың II позициясы төмендейді: қолдар жоғары дайындық жағдайында қолдар жайылады. Қарғып секірулер күшті және бұлшықеттің иілгіштігін дамытады.



      822. 5-ші сыныптың негізгі міндеттері: жарты башпаймен жаттығу жасаудағы орнықтылығы бекітіледі. Бағдарламаның жаңа қозғалыстары таза түрде үйретіледі. Үйлестіруді дамыту үшін бірқатар жаттығуларбіртіндеп epaulement ауыстырылады, алдымен залдың ортасында орындалады, ең жеңіл және қарапайым croisee позасын үйретеді. Башпаймен секірудегі және жаттығулардағы epaulement қалыбы өзінің бағытын біраз өзгертеді және сыныптың бірінші жоспары бағытына қарай бағыты өзгертіледі және ауысады.



      823. 6-сыныптың міндеттері: тұрақтылықты дамыту, өткен жаттығулардың санын көбейту арқылы аяқтың күшін дамыту, мейлінше шапшаң жылдамдықта жаттығуларды орындау техникасын дамыту. En face, epaulement жаттығулары, таяқтың алдында, сонымен қатар ортасында, бірге қосылады, басында екіден артық емес. Үйлестіруден басқа, қымылдардың тіркесі бишілікке тәрбиелейді. Музыканың сүйемелдеуімен, қимылдардың үйлесімінде, әуеннің жалпы сызығы сақталады, тактің ішіндегі ырғақтық сурет қана өзгереді, осылайша үйлесімді қимылдардың сипаты қоюлана түседі. Секіру жаттығулары секіру биіктігін жетілдіреді және төмен секіру кезінде бұлшық еттер жаттығады.



      824. 7-ші сыныпта орындаудың дұрыстығы мен тазалығы қалыптасады, күш пен шыдамдылық дамиды, залдың ортасында жарты башпайлы жаттығуларда тұрақтылық қалыптасады, қимылдарға көркемдік бояулардың элементтерін енгізу арқылы бишілік дами бастайды. Тұла бойдың тірек аяққа тура келу қалпын тексеретін тәсіл қолданылады (әрекет соңында тірек аяқтың жарты башпайымен тұрып қалады, бұл кезде қозғалыстағы аяқ cou-de pied немесе кез келген 45,90 градус бағытында болуы мүмкін).



      825. 8-сыныпта трамплин сипатындағы қарғулар енгізіледі, ол қысқа, бірақ қатты pliй (бірінші, екінші қалыпта; кейіннен – бір аяқта тұрып екіншісі cou-de pied қалыпты алға және артқа). Тактің сегізінші бөлімімен орындалады. Созылмалы жұмсақ қарғулар мен трамплинді ауысырып отыру аяқтарды биіс, жеңіл қарғуларға дайындап, дамытады.



      826. 9-сыныптағы экзерсистің негізгі міндеттері: бір аяқпен жартылай бұрылыс жаттығулары кезіндегі орнықтылықты бекіту және жетілдіру, тұла бойдың салмағы түскен ортаны тепе-теңдікті сақтай отырып ауыстыра білу. Зал ортасындағы экзерсисті қимыл-қозғалыстың өз есебінен, мысалы, rond de jambe par terre және battement fondu кезектестіре отырып немесе үйлесімді қимылдар саның шектей отырып қысқартуға болады. Үлкен қалыптағы tours-ке мұқият дайындық басталады. Әуелі бір орындағы, кейіннен қимыл-қозғалыстағы үлкен секірулер енгізіледі.



      827. 10-сыныпта түрлі тәсілдер арқылы pirouettes, аяқты тез алмастыру техникасын (заноски) игере бастайды. Үлкен қалыптағы tours-ты оқып үйрену басталады. Бір қалыптан екінші қалыпқа ауысу кезінде иілгіштік пен нәзіктілік жетіледі. Аdagio-ның барынша күрделі формасы енгізіледі. Үлкен секірулерде элевация дамытылады.



      828. 11-сыныпта трамплиндік секірулерді орындауды жалғастыру қажет, оның жай түрі мен қоса күрделі түрінде орындалады (мысалы: бір аяқпен temps leve), себебі еденнен күшті серпілісті талап ететін барынша биік секірулер үйретіледі. Түрлі тәсілдер арқылы секірулерді орындау игеріледі және жоғары секірулерде «баллон» тәсілі жетілдіріледі. Қарқыны шапшаң аяқты жылдам алмастыру тәсілдері күрделене түседі.



      829. Білім алушылардың білімі мен икемділігіне қойылатын талаптар.Белгілі бір білім мен дағдылар аясын игеру білім алушылардың көркемдік талғамының артуына көмектеседі, ал ол эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Би сабақтары және көрермен алдында топпен бірге билеп өнер көрсету білім алушылар бойында ортақ іске деген жауапкершілік сезімін, достық және жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Сабақтарды балаларға мәдениеттілік дағдылары дарытылады. Би сабақтары білім алушы денесінің шынығуына мүмкіндік туғызады, ағзасын күшейтеді және олардың келбеті мен қимыл мәдениетіне жақсы әсерін тигізеді.



      830. Білім алушылардың бишілік шеберлігі мен білімі педагогпен тексеріледі:



      1) әр сабақта;



      2) жарты жылдықта өткізілген бақылау сабақтарында;



      3) 2, 4, 6, 8-сыныптардағы сыныптан -сыныпқа көшіру емтихандарында;



      4) 9-сыныптағы бітіруші мемелекеттік емтиханында.



      831. 9-сыныптан кейін білім беру ұйымын бітіргені жөнінде куәлік беріледі.



      832. Төменгі сыныптарда бақылау сабақтарында білім алушылар тұла бойдың дұрыс қойылу дағдыларын, қол мен аяқтың тура қалыптарын игеру барысын көрсетеді, аяқтың қайырылу күйіндегі дағдылары да болады; кіріспе және қорытынды аккордтарды естіп, оның мәнін түсіне біледі.



      833. Білім алушылар біледі:



      1) қол мен аяқ қалыптарын, классикалық бидегі башпайлардың топтасуын;



      2) preparation (қолдың дайындықтағы күйден бірінші қалып арқылы екіншісіне ауысып ашылуы және қолдың екінші қалыптан дайындықтағы күйге ауысып жабылуы, сонымен қатар preparations-тін түрлі жаттығуларын);



      3) түрлі жаттығуларға түрлі preparation;



      4) қимылдың әуелі станокқа қарсы қарап тұрып станок алдында «таза күйінде» орындау әдістемесі.



      834. Орта сыныптарда білім алушылар станок алдында және ортада экзерсистің негізгі қимылдарын сауатты түрде орындалуын, секіру бөлімдерінде амал әрекеттердің қарапайым түрлерін тиянақты, мәнерлі, жақсы үйлестірілген түрде орындалуын көрсете біледі; айналу кезіңде нүктені яғни тұрған орынды «ұстай білу».



      835. Бітіру сыныптарында білім алушылар біледі:



      1) барлық би әлемінде қабылданған француз тіліндегі классикалық би терминалогиясын біледі;



      2) оқу бағдарламасының толық көлемін, игерілген қимыл-қозғалыстардың орындалуы мен амал-тәсілдерінің барлық ережелерін біледі;



      3) өз денесін иелену, оқу тапсырмаларының мүмкін болып табылатын барлық түрін (олардың түрінің кез келген өзгерісінде де) ешқандай қиындықсыз, барынша белсенді, дәл, орнықты, икемді және жұмсақ, жеңіл орындай алады;



      4) дамыған жақсы зейін, тамаша музыкалық және хорегорафиялық жад; ырғақты сезіну, әуенді әсерлене қабылдау, табиғи және айқын қиял, жақсы орындаушылық талғамдардың дамыған сезімдеріне ие болады;



      5) түрлі тәсілдер арқылы екі еселенген pirouette-ті; диагональ және шеңбер бойынша дөңгеленуді; үлкен қалыптағы tours-ті меңгереді;



      6) секірулердің жеңіл техникасын, сонымен қатар элефацияны және үлкен секірулердегі баллонды игерген;



      7) оқып-үйренген элементтер негізінде қарапайым амал-әрекеттерді ойдан шығара біледі.



      836. Классикалық би музыкамен тығыз байланысты. Сол себепті білім алушылардың музыкалық сауаттылығын білуі және кез келген музыкалық аспапта ойнай білуі білім алушыларға музыканы түсіне білуге көмектеседі, оның ырғағы мен тақырыбын – тұтастай өзін тыңдай білуге үйретеді және есту қабілетінің, білімі мен талғамының жетілуін, музыкалық тақырыптың ырғағына беріле әсерленуге үйретеді.



      837. Тарихи тұрмыстық би пәні 6-сыныпта оқып-үйренуге болады, бұл уақытқа дейін классикалық бидің негіздері epaulement қалпы жақсы игерілген, қимыл әрекеттері мен табан күші жетілген.



      838. Білім алушылар классикалық жаттықтырушыда белгілі бір дағдыларды игере отырып, бұлшық ет жүйесі мен таяныш қозғалтқыш аппаратқа зиян тигізбей және терең түрде халықтық-сахналық бидің өзіндік ерекшелігін және басқа да пәндерді меңгере алады.



      839. Классикалық бидің негізгі міндеті – білім алушылардың сапалы білім беруі болып табылады, ол кәсіби деңгейі жоғары педагогтер құрамына, дұрыс және жүйелі құрылған оқу үдерісіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оқу және дайындық жаттығуларын өткізуге қажетті жағдайлармен де байланысты:



      1) оқу сыныптарының болуы (екіден кем емес);



      2) сыныптың жабдықталуы: станок, айна, балубалы еден немесе арнайы еденге арналған төсем (биге арналған ленолиум), кондиционер, шешініп-киінетін бөлме (екіден кем емес), білім алушыларға арналған бөлме.



      3) техникалық жабдық: магнитофон, фортепиано, СD - ойнатқыш, бейнемагнитофон, бейнекамера.



      4) дайындық жаттығуларына арналған сахналық алаң.



      840. Коцерттік нөмірлерді дайындау:



      1) костюмдерді репертуарға сай даярлау;



      2) сахнаға және сабақтарға арналған аяқ киімдер (балеткалар, пуанттар);



      3) жасанды (бутафория);



      4) сахнаны безендіру (қойылым тақырыбына сай).



      841. Нөмірдің музыкамен жабдықталуы:



      1) ноталы материалдардың жинақталуы;



      2) музыкалық материалдардың таратушы құралдары: СD-дискі, мин дискілерде жинақталуы.



      3) оқу үдерісі мен сахналық материалдардың бейнежазулар мен фотосуреттерде, сонымен қатар сандық таратушы құралдарда тіркеліп қалуы.



      842. Оқу сағаттарының сыныптар бойынша бөлу.



      3-сыныпта – аптасына 5 сағаттан (жылына 170 сағат) басқа, 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін сағаттар саны – аптасына 4 сағат (136 сағат).



      4, 5, 6, 8-сыныптарда «таңдау бойынша пән» есебінен «классикалық би» пәніне бір сағат қосылады.



      843. Бағдарламаның тәжірибилік бөліміне орындаудың жоғарғы кәсіптік техникасын талап ететін қимылдар енгізілмеген. Барынша күрделі қимылдар қосымша сабақтарында үйретіледі (педагогтің қалауы бойынша).



      844. Бағдарламаның негізгі бөлімдері бойынша тақырыптық оқу жоспары.



      1 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 40 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 96 сағат, барлығы – 136 сағат;



      2 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 46 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 90 сағат, барлығы 136 сағат;



      3 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 136 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 30 сағат, Allegro – 4 сағат, барлығы 170 сағат;



      4 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 64 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 38 сағат, Allegro – 24 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 10, барлығы - 136 сағат;



      5 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 64 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 30 сағат, Allegro – 26 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 16, барлығы - 136 сағат;



      6 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 56 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 46 сағат, Allegro – 22 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 12, барлығы - 136 сағат;



      7 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 54 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 46 сағат, Allegro – 24 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 12, барлығы - 136 сағат;



      8 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 52 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 44 сағат, Allegro – 24 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 16, барлығы - 136 сағат;



      9 оқу жылы: станок жанындағы экзерсис – 46 сағат, зал ортасындағы экзерсис – 50 сағат, Allegro – 22 сағат, аяқ ұшындағы экзерсис - 18, барлығы - 136 сағат;



      845. Балалр өнер мектептерінің «Классикалық би» пәні бойынша оқу- тақырыптық жоспары осы Баллар өнер мектептерінің «Классикалық би» пәні бойынша Білім беру бағдарламаларының 9-қосымшасында көрсетілген.



      846. Бірінші оқу жылының негізгі міндеттері – классикалық жаттықтырушының қарапайым жаттығулары арқылы қол, аяқ, бас және тұла бойдың дұрыс қойылуы, қимылды үйлестіретін (координация) қарапайым дағдыларды жетілдіру.



      Классикалық биді оқытудың екінші жылында бірінші сыныптың жаттығуларын пысықтау және бекіту жалғасады және күрделі жаттығулар қосылады.



      Оқудың үшінші және төртінші жылдарында қарғу жаттығулары арқылы бұлшық еттердің созымдылығы мен күші дамиды.



      Классикалық биге оқытудың бесінші жылында қимылдарды орындау техникасын одан әрі жүргізу. Жартылай башпайлармен жұмыс істеу арқылы табанның күшін дамыту.Бұлшықеттердің түрлі топтарын дамытуды қамтамасыз ететін жаттығуларды пайдалану.



      Классикалық биге оқытудың алтыншы жылында орнықтылықты қамтамасыз ететеін жыттығулар мен бұрылыстарды меңгеру.Айналуға арналған бастапқы жұмыстар. Жаттығулардың шапшаңдығын ұлғайту.



      Классиқалық биді оқытудың жетінші жылында зал ортасындағы орнықтылықты бекіту. Қимылдардың тазалығымен жұмыс. Түрлі тәсілдермен рirouette техникасын меңгеру.



      Классикалық биді оқытудың сегізінші жылында Еn tournant қимылын бастапқы үйретулер. Қимылдардың тазалығымен ары қарай жұмыс.



      Классикалық биді оқытудың тоғызыншы жылында түрлі бұрылыстардағы орнықтылықты бекіту.Қол мен тұла бойдың иілгіштігін дамыту. Бірініші жартыжылдық.

17-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Халықтық-сахналық би»



пәні бойынша білім беру бағдарламасы

      847. Балалар өнер мектептерінің «Халықтық-сахналық би» пәні бойынша білім беру бағдарламасы пәннің мазмұнын, оқытудан күтілетін нәтижелерді,білім алушылардың пәнді игеруден күтілетін нәтижелерді бақылау түрлері мен нысанданы, өнер мектептерінің хореография бөлімдерінідегі пәнге қолданылатын арнайы тәсілдерді, материалдардың көлемі мен олады әр оқу жылына бөлу мазмұнын анықтайды.

      848. Халықтық-сахналық би – өскелең ұрпақты бай бишілік және музыка шығармашылығына араластыратын негізгі құралдардың бірі, сол арқылы олар өздерінің өз ұлтына деген сезімін түсінуге, басқа халықтардың би мәдениетінің бейнелік мәнін түсіну және ену.



      849. Халықтық-сахналық бидің білім алушыларға ұлттық, интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі рөлі ерекше. Ұжымдық өнер ретіндегі хореография бала бойында ерте бастан ұжымдасу, бір-біріне талап қоя білу, мейірімділік, өз ойын айқын білдіруге, табандылық пен батылдық сезімдерін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал бұл жағдай білім алушылардың орындаушылық әрекеттеріне әсер етуі мүмкін, себебі би қимыл-қозғалыстары кезінде тұлғаның мінезі мен рухани қасиеті айқындалады.



      850. Халықтық-сахналық би балалар бойында халықтың би өнері шығармашылығына және биден байқалатын халықтық дәстүрге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді, олардың жалпы мәдениетінің дамуына, адамгершілік қасиеттерін және дене бітімінің жетілуіне көмектеседі.



      851. «Халықтық-сахналық би» пәні бойынша бағдарлама білім алушыларды «Классикалық би» пәніннің 3-жылдық оқуын аяқтағаннан кейін халықтық-сахналық биді 6 жыл ішінде, яғни 4-сыныптан 9-сыныпқа дейін оқып үйренуін қарастырады.



      852. Балалар өнер мектептерінің хореография бөлімдерінің топтарындағы балалардың сандық құрамы 8 адамнан кем емес және 20 адамнан артық емес.



      853. Барлық сыныптардағы классикалық би және кіші сыныптардағы халықтық-сахналық би бойынша сабақтартоптың құрамына байланысты қыздар және ұлдар үшін бөлек топтың топтасуына байланыссыз педагогтің нақты жұмыс істеген уақыты бойынша төленеді.



      854. Балалар өнер мектептерінің (хореография бөлімдері) үлгілік оқу жоспарымен анықталған сағаттардан тыс классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, заманауи, балдық билер, ритмика және концерттік номірлерге дайындық бойынша сабақтарөткізу үшін концертмейстерлік сағаттар Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (оқу уақытының 100 пайызы) қарастырылады.



      855. Концерттік нөмір қою әр білім алушыүшін пәнге бөлінген 0,5 сағаттың есебінен жүргізіледі.



      856. Оқу процесін жетілдіру мақсатында есептік концерттерді (спектакльдерді) дайындауға қоюшы-режиссер, балетмейстер аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме бойынша төлемімен үш айдан артық емес уақытқа шақырылады.



      857. «Классикалық би» пәніннен 3-жылдық оқуды аяқтаған кейін халықтық-сахналық би өнерін оқытуды 4-сыныптан бастаған жөн.



      Бұл жастағы балалар халықтық би қойылымдарының элементтерімен жақсы және шет ел халықтық би шығармашылығымен танысып, музыкалық қабілетке ие болады, кез-келген ұлттың мінез-құлқын би қимылдары кезінде айқын көрсете алады.



      858. Педагог әр жастағы баланың дене бітімі және рухани жағынан дамуының негізгі зандылықтарын ескеріледі.



      Кіші мектеп жасындағы баланың денесінің ерекшелігі, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда сүйектері мықты болып келеді, алайда онда шеміршек ұлпасы көп болады, омыртқаның, жамбас сүйектері мен аяқ-қол сүйектерінің қатаюы жоғарғы сыныптарда пайда бола бастайды. Бұл жағдайды хореографияның ұжымдық сабақтарын ұйымдастыру кезінде есте сақтау қажет. Балаларды шаршатудан, нәтижесінде жүрек қызметінің өзгеруіне соқтыратын бұлшық етке, денеге шамадан тыс күш түсіруден сақтандырған жөн.



      859. Оқу үдерісі барысында сабақтың тиімді болуы үшін дидактиканың негізгі қағидаттарына сүйенген жөн: әсерленгіштік пен ойшылдықтың үйлесімін, жалпы мен жекенің үйлесімін, көрнекілікті, метафора мен көркем сөздің қолданылуын, логигалық ұғымды, балалармен жұмыстың түрлі формасын өткізу әдістемесін қолдану кезіңдегі оқытудын жүйелілігін, қимыл-қозғалыстын жеңіл, кереғар және салыстырмалы жүйелі болуын үнемі басшылыққа алу керек.



      860. Білім алушылардың білімдері, біліктері және дағдылары бекітіледі:



      1) түрлі ырғақтағы және басқа да қимылдармен үйлестірудегі бағыттың өзгеру амал-әрекеттерін қайталау арқылы;



      2) оларды түрлі музыкалық-би жағдайлары мен білдіру құралы ретінде пайдалану арқылы;



      3) орындау ережелерін түсіндіру арқылы.



      861. Әдістемелік жағынан сауатты құрылған халықтық сахналық би сабақтары қимыл әрекеттерін жетілдіреді, бұлшық ет аппаратының күшейе түсуіне мүмкіндік туғызады, классикалық жаттығулары кезіңде көп қатыса қоймайтын бұлшық еттер де шынығады. Білім алушыларға түрлі халық билерін орындау ерекшелігі мен оның түрлі нақыштарын, ырғағы мен қарқынының күрделі жақтарын игеріп алуға мүмкіндік береді.



      862. Тәрбие үдерісінде білім алушылар бойында ырғақ пен есту қабілетінің дамуына ғана емес, сонымен қатар көркемді талғамының да жетілуіне жағдай жасайтын жақсы музыкалық сүйемелдеу маңызды рөл атқарады.



      863. Бағдарлама мақсаты – баланы тұлға ретінде тәрбиелеу, халықтық-сахналық билерді меңгеру арқылы білім алушылардың бойында эстетикалық үлгі қалыптастыру. Білім алушыларға халықтық-сахналық би өнерін меңгерту арқылы олардың ізденпаздығын дамытуға және тұлғаның көркемдік-эстетикалық тәрбиесіне жағдай жасау және халықтық хореографияға қызығушылығын қалыптастыру.



      864. Бағдарламаның міндеттері:



      1) халықтық-сахналық бидің ұлттық стилін, орындалу тәсілін, айқын палитрасын дәл көрсете білу шеберлігінің жетілуін қамтамасыз ету;



      2) өзін көрсете білу, жалпы мәдениеттілік, эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру;



      3) білім алушылардың хореография саласында бейнелі түрде ойлай білуі мен фантазиясының дамуына, сонымен қатар дербестік пен жауапкершіліктің дамуына көмектесу;



      4) би қимылдарын әсерлене отырып мәңерлі түрде орындауға тәрбиелеу;



      5) білім алушылардың өзін шығармашылықпен көрсете білуге оқу уәждемелерін дамыту;



      6) білімі мен біліктерін кең көлемде мерекелік концерттерде, байқауларда, фестивальдарда жүзеге асыруға мүмкіндік жасау;



      7) ансамбльде орындау икемдігі мен кеңістікке бейімделу дағдыларының дамуына көмектесу;



      8) қимыл-қозғалыстарда халықтық музыканың нақыштық ерекшеліктерін, оның ырғағы мен қарқынының әр-түрлілігін жеткізе білу шеберлігін тудыру.



      865. Осы бағдарлама аясындағы негізгі міндет-талаптарды орындау барысында педагогтердің дайындық деңгейіне байланысты педагог материалдың көлемі мен техникалық жағынан күрделілік дәрежесін білім алушылардың дайындығына байланысты азайтып немесе көбейте алады.



      Педагог сабақтар мен қойылымдарды шығармашылық тұрғыдан өткізу керек. Бағдарлама сабақтарға арналған материалдарды таңдау барысыныда педагогтің өзіне таңдау жасауға мүмкіндік береді.



      866. «Халықтық-сахналық би» бағдарламасының мазмұны білім алушылардың халықтық сахналық бидің тәжірибелік дағдыларын игеруіне бағытталған.



      Бағдарламаның аталған курсын игерудің нәтижесі ашық сабақ, этюдтер көрсету, бақылау сабақтары, емтихандар түрінде өткізіледі.



      Диагностикалық және оқыту әдістемесін жүзеге асыру – би міндетін қалыптастыру негізіне жататын құраушы бір бөлігін белгілеп алуға мүмкіндік береді.



      867. Халықтық сахналық биді оқытудың әр жартыжылдығын аяқтаған кезде, өтілген материалдың қорытындысы жасалады, яғни бақылау сабағы өткізіледі.



      Оқудың толық курсын аяқтаған соң емтихан өткізіледі, онда білім алушылар ансамбльде орындау дағдылары мен біліктерін, халықтық музыканың қимыл-қозғалыстағы нақыштық ерешеліктерін, оның ырғағы мен қарқынының әр-түрлілігін бере алудағы шеберліктерін көрсетеді.



      868. Апталық сағат саны: 4-сыныпта – 3 сағат (жылына 102 сағат), 5-9-сыныптарда – 4 сағат (жылына 136 сағат).



      869. Балалар өнер мектептерінің «Халықтық-сахналық би» пәні бойынша оқу-тақырыптық жоспары осы Балалар өнер мектептерінің «Халықтық-сахналық би» пәні бойынша Білім беру бағдарламасының 10-қосымшасында көрсетілген.



      870. Оқудың бірінші жылы – 4-сыныпта білім алушылар халықтық-сахналық бидің ерекшеліктерімен, оның дамуының негізгі кезеңдерімен танысады.



      Бірінші оқу жылының міндеттеріне қарапайым элементтерді орындау кезіндегі қол мен аяқтың негізгі қалыптарымен және орналасуымен, бас пен тұла бойдың орналасу қалпымен танысу жатады. Станок алдыңдағы, зал ортасындағы және диагональ бойындағы элементтерді игеру, қимыл-қозғалысты үйлестіретін қарапайым дағдыларды жетілдіру де жатады.



      Оқудың бірінші жылы үшін қазақ, орыс, беларус халықтарының билерінің, сондай-ақ Балтық жағалауы республикалары билерінің аз ғана әрекеттері мен элементтерін үйрену ұсынылады.



      871. 4-сыныпта аптасына 3 сағат, бірінші жарты жылдыққа 48 сағат бөлінген. Станок алдында жаттығу жасауды үйрену бірінші жарты жылдықта басталады, кейін зал ортасына көшіріледі. Қол мен тұла бойға арналған port de bras, халықтық бидің негізгі элементтерін игеру барлық жаттығулардың негізі болып табылады.



      Екінші жарты жылдықтың негізгі міндеттері станок алдында және зал ортасында жасалатын жаттығуларда тұла бойдың, аяқ, қол және бастың дұрыс қойылуын игеру болып табылады. Екінші жарты жылдық қимылдар үйлесімінің жетілдірілуіне жағдай жасайтын аса күрделі би композициялары мен элементтерін оқып-үйренуді қамтиды, аталған жаттығулар мен қимылдардың дұрыс игерілу дәрежесіне қарай, олардың жеңіл-желпі тәсілдері қарастырылады. Екінші жарты жылдықта барлық материалды оқып-үйренуге 63 сағат бөлінген.



      872. 5-сынып. Оқудың екінші жылы. Халықтық-сахналық би пәні бойынша екінші оқу жылының міндеттері – аяқ күшін одан әрі шынықтыру, би қимылдарының үйлесімділік дағдыларын жетілдіру болып табылады. Станок жанында және зал ортасында орындалуын жағынан халықтық сипаттағы аса күрделі жаттығулар үйретіледі. Станок жанындағы жаттығулардың игерілу деңгейіне қарай, олардын кейбірі зал ортасына шығарылады және тұла бой, қол және бас қимылдарымен үйлестіріле орындалады. Халықтық бидің кейбір элементтері бас кезінде станок жанында үйретіледі және олар бұлшықет тобына сай келетін амал-әрекетке кіреді.



      Үйлесімділікті дамытуға арналған аса күрделі би әрекеттерін оқып үйрену халықтық бидің өзіне тән орындалу тәсілін аша білу шеберлігімен тәрбиесіне үлкен мән беріледі.



      Бірінші жарты жылдықта сабақ аптасына 4 рет өткізіледі, барлығы 64 сағат. Қазақ, орыс, белорус билерінің ерекшелігі мен мәнерін оқып-үйренуды жалғастыра отырып, Украина және Италия билерінің элементтері еңгізіледі.



      Екінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағат, барлығы 72 сағат жүргізіледі.Екінші жарты жылдықта станок жанындағы жаттығулармен зал ортасындағы қимылдардың күрделенген түрлері енгізіледі.



      Биді орындау тәсілі мен оның өзіндік сипытын көрсете білу шеберлігі меңгеріледі. Қыздар үшін аяқпен еденді соғу күрделі қимылдары, ер балар үшін шапалақ, шапалақтау және жүрелеп отыру, жартылай жүрелеп отыру қимылдары енгізіледі.



      873. 6-сынып. Оқудың үшінші жылы.Оқудың үшінші жылында станок жанында және зал ортасында күш-қайраттың көп жұмсалуы мен орындалуында тиісті үйлесімділікті талап ететін техникасы жағынан күрделі элементтерді одан әрі оқып үйрену жүзеге асырылады. Күрделі ритмикалық суреті мен қарқыны жеделдетілген этюдтер. Композициясы жағынан өте күрделі әрекет қимылдары игеріледі.



      Халықтық биді үйрену барысында орындаудың мәнерлігіне және айқын тәсілі мен орындаудың нақты мінез-құлқын жеткізуге; бұрын игерілген аса күрделі үйлесімдегі би элементтерін қайталауға; халықтық хореографияның қалыптасуына әсер ететін өмірдің тарихи жағдайларымен, халық этнографиясымен таныстыратын жаңа халықтық билерді үйренуге ерекше көңіл бөлінеді.



      Бірінші жартыжылдықта сабақатар аптасына 4 рет, барлығы 64 сағат жүргізіледі. Аптасына 4 сағат, барлығы 64 сағат. Зал ортасында қазақ, орыс, беларус билері негізінде жеңіл-желпі әрекеттер мен композицияларды құрастыруға болады. Татар, башқұрт, өзбек билері элементтерін оқып-үйрену басталады.



      Екінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағаттан, барлығы 72 сағат жүргізіледі. Екінші жартыжарты жылдықта станок жанындағы жаттығулар күрделене түседі, зал ортасында және диагональ бойымен шыр айналу қимылдарына үлкен көңіл бөлінеді. Ер балалардың жүрелеп отыру және жартылай жүрелеп отыру қимылдарына, қыз балалардың аяқпен еденге соғу қимылдарына да көңіл бөлінеді.



      874. 7-сынып. Жетінші оқу жылы.Станок жанындағы және зал ортасындағы жаттығулар мен элементтерін үйрену, олардың epaulement croisee және effacee орындалуы, сондай-ақ жарты башпайда тұру және орындау жаттығулары жалғастырылады. Амал-әрекет техникалық және үйлесімділік жағынан барынша күрделі болуы керек. Акробатикалық және ептілік элементтері бар жаттығуларға дайындық басталады.



      Бірінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағат, барлығы 64 сағат жүргізіледі. Қыздардың айналым және аяқ пен еденге соғу қимылдары мен ер балалардың жүрелеп отырып-тұру және шапалақтау әрекеттері күрделене түседі. Қазақ, орыс және украин билері элементтері үйретіледі. Молдаван және поляк билері жаңадан үйретіле бастайды.



      7-сынып. Екінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағаттан, барлығы 72 сағат өткізіледі.Серіктеспен қарым-қатынасын дамытуға септігін тигізетін жұп болып билеуге үйрету. Орындау тәртібі мен сипатына бағытталған жұмыстар жүргізіледі.



      875. 8-сынып. Оқудың бесінші жылы. Күрделі ырғақты ритмикалық мәнердегі, жеделдетілген қарқындағы барынша қиын құрастырылған қимылдарды станок жанында және зал ортасында орындау, олардың epaulement croisee және efface орындалуы, сонымен қатар жарты башпайға тұру және қарғып-секіруді орындау әдістемесі меңгеріледі.



      Орындау кезінде ұлттық ерекшелік пен ұлттық сипаттың ашылуына, түрлі халықтың билерін жұптасып орындау кезінде бір-бірімен қатынас ерекшеліктерін басты назарда ұстай отырып, би қимыл-қозғалсының орындалу мәнерлі түрде болуына қол жеткізу қажеттігіне ерекше көңіл аудару керек. Аяқ пен еденге соға отырып айналудың барынша күрделендірілген түрі, акробатика және трюк элементтерін жасауға дайындық жұмыстары енгізіледі.



      Бірінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағаттан, барлығы 64 сағат жүргізіледі.Серіктеспен қарым-қатынаста болу дағдыларын дамытатын жұптасып билеу әрекеті үйретіледі. Қазақ, орыс билері элементтерін оқып-үйрену жалғастырылады. Грузин, сыған, венгр, испан билері үйретіле бастайды.



      Екінші жартыжылдықта аптасына 4 сағат, барлығы 72 сағат.



      876. 9-сынып. Алтыншы оқу жылы. Білім алушыларды этюдтер мен концерттік номірлерді және көркем безендіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған құрама комбинацияларды ойлап табуға даярлау.



      Бірінші жартыжылдықта сабақтар аптасына 4 сағаттан, барлығы 64 сағат оқытылады.Хореография өнерін игерудің соңғы жылы станок жанында және зал ортасында техникасы жағынан күрделі жаттығуларды оқып – үйренумен; орындаушылық деңгейдің мәнерлі болуымен музыкалық және әртістік қабілеттің жетілдірілуімен; қазақ, орыс, грузин, сыған, венгр, испан билерінің күрделі элементтерін оқып – үйренумен ерекшеленеді.



      Екінші жартыжылдықта аптасына 4 сағат, барлығы 72 сағат.



      877. Таңдауы бойынша болжамды репертуарлар.



      1) Қазақстанның билері: «Қамажай», «Тепеңкөк», «Көбелек», «Қара Жорға», «Домбыра», «Балбырауын», «Қазақ вальсі».



      2) Ресей билері: Орыс кадрилі; «Сегіздік»; «Бестік» переплясы; «Вензеля», «Қызға арналған пляска», «Ойна, гармонь», «Сібір полькасы» - билері; «Алтын цепочка», «Метелица», «Улитушка», «Березка» - хороводтары; Шәлі орамалмен солтүстік хороводы; Матрос биі «Яблочко».



      3) Алтай билері: «Аққулар», «Аққу», «Көңілді мараляталар», «Теленгитский», «Көгілдір таулардың гүлдері», «Урсулай».



      4) Белорус билері: «Крыжачок», «Веселуха», «Бульба», «Лявониха», «Янка».



      5) Литва билері: «Ругучай», «Микита», «Клумпакоис».



      6) Латыш билері: «Руцавиетис», «Цимду парис», «Мельница», «Шестерка».



      7) Эстон билері:«Ямая-лабаялг», «Йоксу-полька», «Качели».



      8) Румын биі: «Калабреазе».



      9) Украин билері:«Веснянка», «Гопак», «Метелица», «Ползунок».



      10) Молдаван билері:«Хора», «Жок», «Молдовеняска», «Сырба», «Букурия».



      11) Татар биі.



      12) Башқурт билері: «Жеті ару», «Гульназира».



      13) Чуваш биі: «Линка-линка».



      14) Орта Азия халықтарының билері.



      15) Тәжік билері: «Бубенчики», «Бақташы биі (Пастух)».



      16) Түрікмен билері: «Пиэла», «Жігіт биі».



      17) Әзірбайжан биі: «Газахы», «Узундара».



      18) Өзбек билері: «Андижан полькасы».



      19) Өзбек биі «Лязги».



      20) Осетин биі «Симд».



      21) Грузин биі «Лезгинка», «Картули».



      22) Поляк билері: «Краковяк», «Куявяк», «Понтозоо», «Оберек», «Мазурка».



      23) Болгар биі.



      24) Венгр билері «Харомугрош», «Чардаш».



      25) Итальян биі «Тарантелла».



      26) Чех биі «Обкрочак».



      27) Словак биі «Яношиковский».



      28) Американ биі «Көңілді ковбойлар».



      29) Испан биі«Фламенко», «Арагонская хота».



      30) Неміс биі «Тиррольский», «Шапалақтармен және бұрылыстармен би», «Полька».



      31) Грек биі «Сиртаки».



      32) Қытай билері: «Лотос биі», «Желпіуіштермен», «Шамдармен».



      33) Мексикан биі «Харбэ Астеко», «Авалюлька».



      34) Еврей биі.



      878. «Халықтық-сахналық би» пәнін оқу барысында білім алушыларға бағдарлама ұсынып отырған халық билерінің ұлттық ерекшеліктерімен таныстырып, халықтық әдет – ғұрып, салт – дәстүр, оның тарихы мен өмір жолы туралы әңгімелеп айту қажет. Осының бәрі ұлттық ерекшелікті терең түсінуге көмектеседі, орындаудың мәнерлілігін арттырады. Бидің орындалуы әрқашанда табиғи түрде болуы керек, ал ұсынылатын материал – білім алушылардың техникалық мүмкіндіктеріне ғана сай болып қоймай, олардың жас ерекшелігіне сай психолгиясын да ескеруі қажет.



      879. Әр бөлімнен кейін түрлі халықтың би этюдтерінің тізімі ұсынылған. Әр жарты жылдықта педагогтің таңдауы бойынша екі этюд қойылады.



      Әр оқу жылы соңында бала бойындағы ансамбльді құру өнері мен сахналық бейнені бақылауға бағытталған кең көлемдегі композиция немесе аяқталған би қойылымы дайындалуы қажет.



      880. Бағдарлама неғұрлым жеңіл меңгерілетін би мәтінін, оның түрленуін таңдап алуға мүмкіндік береді. Станок жанында немесе ортада жасалатын әр элементтің музыкамен сүйемелденуін таңдаған кезде, білім алушылардың музыканы түсіне білуіндегі жас ерекшеліктері ескерілуі қажет, ал бұл техникалық жағынан күрделі элементтердің игерілуін жеңілдетеді және би билеу мен мәнерлілікті жетілдіруге көмектеседі. Сипаты, стилі және ұлттық ерекшелігі жағынан музыка қимыл – қозғалыс мінезіне сай болады.



      881. Сабақтар станок жанында, кейін зал ортасында бұлшық ет аппаратына түсетін күш пен қиындық деңгейінің белгілі бір дәрежесі мен формасындағы, нақты бір жастағы білім алушыларға ыңғайлы болып келетін халықтық би элементтерін игеру жаттығуларымен басталады. Төменгі сыныптарда білім алушылар зал ортасындағы халықтық – сахналық биде қабылданған қол, аяқ қалыптарымен танысады, қарапайым үйлесімдерді, сондай-ақ балараға түсінікті би элементтерін игереді.



      882. Классикалық биді оқу үдерісімен байланыстыруға мүмкін емес күрделі халық билерінің өзіңдік ерекшеліктерін тым ерте және тез еңгізуден сақтау керек. Мысалы, қырына қисайған табан, кенеттен жүрелеп отырып қалу, аяқтың жабық қалпы, классика үшін әдеттенбеген тұла бойдың иілуі сияқты элементтер жиі қолданылатын болса, білім алушылардың бұлшық еттері физиологиялық жағынан қабылдамайды және оның ешқандай пайдасы болмайды.



      883. Жаңа материалды оқу барысында келесі өлшемдер ескеріледі:



      1) назар аудару, зейін қою (қимылдың мәні, оның құрылымы, амплитудалық ерекшелігі қаншалықты тез игерілді);



      2) қиындық деңгейі (даярлық жаттығулар қажеттілігі);



      3) музыкалық қабілет (қимылдарды музыкалық сипаттамасын ескере отырып орындау);



      4) үйлесімділік (қимылдарды «таза күйінде», қол, бас, тұла бой қимылдарымен үйлестіре отырып орындау).



      Бағдарлама бойынша оқытуды баланың бабын табуға сараланған тәсіліне сүйенеді.



      Оқудың бірінші жылында (4-сынып) келесі жылдары бекітілетін және дамытылатын дағдылары мен білімінің іргетасы қаланады. Бірінші жылдың ерекшелігі оқуды одан әрі жалғастыру үшін құрылатын нақты бір базаны игеруде білім алушыларға мүмкіндік беру болып табылады. Қазақ, орыс, белорус, татар билерінің кішігірім амал – әрекеттерінің элементтерін өту ұсынылады. Сонымен қатар, түрлі би билеу элементтеріне дайындайтын қосымша көмекші материалдар пайдаланылады.



      884. Техникалық қиындықтардың, ерекше үлкен жүктеменің болмауы сияқты жағдайлар педагогтің биді орындалу мәдениетіне ерекше көңіл аударуына мүмкіндік береді. Кеңістікке биімделе білу, алаңда түрлі ракурс пен көріністе қозғала біледі. Үйлесімділік дағдылары, қалыпты «поза» сезінуі, серіктеспен қатынас мәдениеті, ансамбльде орындаудың бастапқы дағдыларын дамытады. Орындаудың жақсы тәсілі мен нақыш тазалығын қалыптастырудың негізі болып табылатын халық музыкасының нақыштық ерекшеліктерін, оның қарқыны мен ырғағының әртүрлілігін көрсете білу, тез әсерленіп, ықыластану сияқты күрделі және алуан түрлі міндеттер оқытудың бастапқы кезеңін шешуге мүмкіндік береді.



      885. Оқу үдерісі жиынтық жаттығулар (дайындықтар) өткізуді қарастырады, олардың ұзақтығы оқу материалының көлеміне байланысты, алайда әрқайсысы 4 сағаттан аспайды (аптасына екі, тіпті үш ретке дейін).



      886. Оқудың екінші жылында (5-ші сынып) білім алушылар станок жанында және зал ортасында барынша күрделі жаттығуларды оқып үйренеді. Барлық оқу кезеңі бойында бұлшық еттің күш – қуатын одан әрі арттыру бірте – бірте және жоспарлы түрде, «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша жүргізіледі. Би этюдтері мен тапсырмалардың лексикасын, композициясын қиындату, жаңа техникалық әдіс – тәсілдерді енгізу – осының бәрі өткен оқу сабақтары барысында игерулері тиіс. Комбинация негізінің іргетасы бір элемент болуы керек, және оны амал – тәсілдерді қиындатылған басқа қимылдармен толықтыру қажет.



      887. Оқытудың үшінші және төртінші жылдарында (6-7-сыныптар) бұлшық ет аппаратының күш – қуатын арттыру, материал ұсынып отырған техникалық жағынан күрделілік дәрежесі біртіндеп арттырылған жаңа элементтерді терең оқып үйрену, жұптасып билеу элементтерін көбейту, тез әсерленіп ықыластану, орындаудың жақсы тәсілі мен нақыш тазалығын және жалпы мәдениеттілікті қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады.



      888. Оқытудың бесінші – алтыншы жылдарында (8-9-сыныптар) білім алушылар өнер мен мәдениет саласындағы кәсіптік оқу орындарында оқуды жалғастыруға қажетті арнайы міндеттерді игереді. Курсты бітірушілер бітіру емтихандарын тапсырады және оларға куәлік пен бағалары жазылған қосымша парақ тапсырылады.



      10-11-сынып білім алушылары мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындарына түсу үшін өнер мектептерінде белгілі бір бағыттағы бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра алады.



      889. Би пәндерін оқып-үйрену барысында пәнаралық байланыс маңызды рөл атқарады. Бір пәннің екінші бір пән материалын игеру кезінде олардың бір-бірінен асып кетуіне жол бермеуі керек. Халықтық-сахналық би педагогі оқыту үдерісін, басқа пәндер бойынша сыныптың дайындық деңгейін ескере отырып, құруға тиіс. Классикалық би мен халықтық-сахналық биге үйретуді бір мезгілде бастамау керек, себебі классикалық би білім алушылардың би қимылдарын игеруінің негізін дайындайды.



      890. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасау кезінде, «Шетел хореографиясы», «Қазақстан хореографиясы» және халықтық-сахналық би пәндері бойынша тақырыптарды өтілу мерзімімен келісілу қажет, ал бұл өтілетін материалдың әсерленгіштік палитрасын барынша терең түсінуге жағдай жасайды.



      891. Байқылаудың түрлері мен нысандары. Ағымдық бақылау бүкіл оқу жылы бойынша іске асырылады. Диагностикалық және оқыту әдістемелерінің орындалуы арнаулы міндеттердің қалыптасу негізінде жатқан бөлшектерді белгілеп алуға мүмкіндік береді.



      Оқудың әр жартыжылдығының аяғында қорытынды шығарылады – бақылау немесе ашық сабақтар өткізіледі. Білім алушыларды аралық аттестациядан (көшу емтихандары) өткізу және 9-сыныпта қорытынды аттестация (мемлекеттік емтихан) өткізіледі. Білім алушылар би техникасының, актерлік шеберлігінің және орындалу тәсілінің дамуы мен жетілдірілуін көрсетеді, ал бұл алынған білімі мен шеберлігінің қалыптасуына септігін тигізеді.



      892. 9-сыныптағы бақылау сабақтары тұтастай немесе жартылай білім алушылар ойлап шығарған амал-әрекеттерге құрылады, онда білім алушылар станок жанындағы және зал ортасындағы оқу амал-әрекеттерін, сауатты түрде ойлап шығара білу шеберліктерін, сондай-ақ этюдтердің композициялық құрылымын көрсетеді.



      893. Бағдарламаны іске асыру шарттары. Халықтық-сахналық бидің негізгі міндеті - білім алушыларға сапалы білім беру, ол тек педагогтік шеберлігіне, оқу үдерісінің дұрыс және жүйелі құрылғандығына ғана емес, сонымен қатар оқу сабақтарын өткізуге арналған қажетті жағдайдың болуына байланысты:



      1) оқу сыныптарының болуы (екіден кем емес);



      2) сыныптарды жабдықтау: станоктар, айналар, палубалы еден немесе би анрналған еден жапқыш, кондиционерлер, шешінетін бөлмелер (екіден кем емес), педагогтерге арналған бөлме;



      3) техникалық жабдықталуы: магнитафондар, баяндар, видеомагнитафондар, видеокамералар.



      4) дайындық жүргізуге арналған сахналық алаңдар;



      5) концерттік нөмірлерді әрлеу: репертуарларға сәйкес киімдер, сахнаға және сабаққа арналған аяқ киімдер (өкшесі бар); бутафориялар; сахнаны сәндеу (қойылымның тақырыбына сәйкес);



      6) нөмірлерді музыкалық әрлеу: материалдық шығындардың мүмкіндіктеріне қарай музыкалық материалдарға аранжировка жасау, музыкалық және ноталық материалдар қорын жинау.



      894. Күтілетін нәтижелер. Оқудың бірінші жылының аяғында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) дұрыс дене сымбатын сақтау;



      2) арнаулы алаң бойымен және суреттің өзгеруін есте сақтай отырып, белгілі бір өрнек бойымен қозғала білу;



      3) қимылды музыкамен үйлестіру;



      4) бір қимылдан екіншісіне ауыса білу;



      5) аяқ-қолды ұстау қалыптарын меңгереді.



      895. Оқудың екінші жылында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) тұла бойдың дұрыс қойылу негіздерін біледі (сонымен бірге педагог білім алушының дене бітімінің табиғи ерекшеліктеріне көңіл аударуы керек);



      2) бұлшықет аппаратын бірте-бірте шынықтыруға үйренеді (әсіресе, бел және іш прессі);



      3) станок жанындағы халықтық-сахналық экзерсистің қарапайым элементтерін және зал ортасындағы би элементтерін игереді;



      4) кеңістікке бейімдеді;



      5) ракурс пен қалыпты сезінеді;



      6) бұлшық еттің түрлі тобын шынықтыруға үйреді;



      7) музыка өлшемін біледі;



      8) ырғақты сезінуін жетілдіруі, музыканың ерекшелігін қимыл-қозғалыспен көрсете білуге үйренеді.



      896. Оқудың үшінші жылының соңында білім алушылар келесі білім, білік және дағдыларға ие болады:



      1) халық билеріндегі башпайлардың топтасу қолдың қойылу тәртібін біледі;



      2) сымбатты дене бітімін сақтай отырып, музыка ырғағымен дұрыс қозғала біледі;



      3) музыканың ерекшелігін сезіне білу және сонымен байланысты көңіл-күйді көрсете біледі;



      4) аса қиын емес би қимылдарын орындай біледі;



      5) актерлік айқындылық дағдыларын игереді, би қадамдарында бидің көркемді үлгісін көрсете біледі;



      6) түрлі жан толғанысындағы бейнені көрсете біледі.



      897. Ересек жастағы білім алушылар денеге (бұлшық етке) түсетін үлкен ауыртпалыққа да шыдай алады, атап айтқанда:



      1) (preparation) жаттығуларға дайындық жұмыстарын орындайды;



      2) қолдың даярлы қимылдарын біледі, қолдың бел тұсында дұрыс ашылуын және жабылуын біледі;



      3) бес қалыптан тұратын станокқа қырынан тұру қалпын игереді;



      4) аяқтың ашық болу қалпы дағдыларын үйренеді;



      5) қимылдарды тактінің соңғы буынынан басталатын (затактовый) әуендерге сай орындай біледі;



      6) орыс билерін немесе басқа да жеңіл-желпі билерді орындай біледі;



      7) орыс билерінің аяқты кезектестіріп адымдау, бір аяққа отырып жүру сияқты қимылдарын біледі;



      8) ер балалар жүрелеп отыру және шапалақтау қимылдарын дұрыс орындай біледі;



      9) қыздардың айналым және аяқты еденге соғу қимылдарын біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет