Мысық пен тышқан.
Мақсаты: Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық-тышқан ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды.
Мысықты алдайды,
Құйрығымен мысықты.
Тышқан түртіп, зып етті,
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр.
Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама қарсы
ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық.
Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды.
Сөзіне сәйкес қимыл жасау.
|
«Құстар фабрикасы»
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт
сөз айта білу.
Ойын барысы: Тәрбиеші 3-4 рет ойыншықтарды көрсетіп, олардың шығаратын даусын клтіреді,кеін ойыншықтарды алып қояды. «Балалар құстар фабрикасына барайық. Алдымыздан тауық шықты, ол бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі қарай барайық алдымыздан қаз шықты,
ол қалай амандасады:га-га-га»
Кейін тәрбиеші қалған ойыншықтарды
көрсетеді, ал балалар дауыстайды.
|