Жеңіл түрі.Белгілері ұқсас,дегенмен,балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары.Белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол сананы жетік меңгере алады.Логикасы жақсы дамыған,сөйлей алады. Бірақ адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиын.
Ретта синдромы
Аутизмнің сирек кездесетін түрі.Әрі тек қыздарда.Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, мануальді іс қимылдардың жоғалуымен, сөйлеудің ауыр бұзылыстарымен, энурез,энкопрез және де ентігу ұстамаларымен қатар жүретін ауыр патология. Сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм.Ер балаға тән.Олар 3-5 жасқа дейін уақытылы дамып, кейінен қабілеті жоғала бастайды.