Нақты дәлелденген ақпараттар жоқ. Бұрынырақ балаларға вакцинацияның салдарынан пайда болды деген болжам бар.Ал психоаналитиктер ойынша ата-ананың эмоционалды салқындығынан пайда болады деп түсіндіреді.Ең соңғы мәліметтер бойынша аутизмге ұшыраған балалардың тумасынан миының дамуында кінәрат бар екені анықталды(мидың бір бөлшегі нашар дамыса,екінші бөлігі өте жақсы дамыған,хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер).Гендік өзгерістердің пайда болуы,жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның әсері,стресстер.Бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады.