Баланың үш жасына дейін айқын байқалады.Ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесінде олай емес екенін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды, уақыт өтісімен ,сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады.Күнде бір ойыншықпен ,жалғыз ойнайды.Тіпті ойыншықтың жарты бөлігімен ойнай береді.Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды.Бала көзге тіке қарамайды. Зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен. Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға щалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.