Бауыр қызметтері: Бауыр заттардың барлық метаболизміне қатысады.Бауырда белоктар және амин қышқылдары,липидтер,көмірсулар,биологиялық активті заттар(гормондар, биогенді аминдер,витаминдер),микроэлементтер алмасуының күрделі процесстері,су алмасуының реттелуі өтеді. Бауыр маңызды функцияларды атқарады: - Реттеуші-гомеостатикалық;
- Пластикалық;
- Қор жинау;
- Энергетикалық;
- Қорғаныштық;
- Секреторлы және экскреторлы;
1.Реттеуші-гомеостатикалық
Бауыр қандағы глюкозаның, ТТЛП-дің, холестериннің, фосфолипидтердің қалыпты мөлшерлерін ұстап тұруға қатысады.
Глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұру глюкостатикалық қызметі деп аталады.
2.Энергетикалық қызметі
Бауырда қарқынды түрде жүретін процестер: гликолиз, пентозофосфатты цикл, үш карбон қышқылдар циклі, биологиялық тотығу, БМҚ-ның β- тотығуы, кетон денелерінің және гликогеннің синтезі.
3.Пластикалық қызметі
Бауырда түзілетін заттар:
қан плазмасының белоктары (фибриногеннің 100%, альбуминдердің 95 %, глобулиндердің 85 %, қан ұю және қан ұюға қарсы жүйесінің белоктары, тасымалдаушы белоктар- транскортин, трансферрин, церулоплазмин);
липопротеидтердің апобелоктары;
4.Секреторлы және экскреторлы
- Бұл бауырдың өт түзу қызметі.
- Бауырда тәулікте 500-700 мл өт түзіледі.
- Өттің түзілуі үздіксіз өтеді. Асқорыту жүрмегенде ол өт қапшығында жиналады.
- Бауырлық және өт қапшығының өттері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |