Балалардағы бауыр ауруларының ерекшеліктері



бет2/18
Дата04.03.2022
өлшемі0,49 Mb.
#134367
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әбдірахман Дәулет ЖМҚБ 02-20 Биохимия СРС 2 Март.

Бауыр қызметтері:

Бауыр заттардың барлық метаболизміне қатысады.Бауырда белоктар және амин қышқылдары,липидтер,көмірсулар,биологиялық активті заттар(гормондар, биогенді аминдер,витаминдер),микроэлементтер алмасуының күрделі процесстері,су алмасуының реттелуі өтеді.

Бауыр маңызды функцияларды атқарады:

  • Реттеуші-гомеостатикалық;
  • Пластикалық;
  • Қор жинау;
  • Энергетикалық;
  • Қорғаныштық;
  • Секреторлы және экскреторлы;

1.Реттеуші-гомеостатикалық
Бауыр қандағы глюкозаның, ТТЛП-дің, холестериннің, фосфолипидтердің қалыпты мөлшерлерін ұстап тұруға қатысады.
Глюкозаның қалыпты мөлшерін ұстап тұру глюкостатикалық қызметі деп аталады.
2.Энергетикалық қызметі
Бауырда қарқынды түрде жүретін процестер: гликолиз, пентозофосфатты цикл, үш карбон қышқылдар циклі, биологиялық тотығу, БМҚ-ның β- тотығуы, кетон денелерінің және гликогеннің синтезі.
3.Пластикалық қызметі
Бауырда түзілетін заттар:
қан плазмасының белоктары (фибриногеннің 100%, альбуминдердің 95 %, глобулиндердің 85 %, қан ұю және қан ұюға қарсы жүйесінің белоктары, тасымалдаушы белоктар- транскортин, трансферрин, церулоплазмин);
липопротеидтердің апобелоктары;
4.Секреторлы және экскреторлы
  • Бұл бауырдың өт түзу қызметі.
  • Бауырда тәулікте 500-700 мл өт түзіледі.
  • Өттің түзілуі үздіксіз өтеді. Асқорыту жүрмегенде ол өт қапшығында жиналады.
  • Бауырлық және өт қапшығының өттері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет