Балалардағы созылмалы өкпелік тұқым қуалайтын ауру. Муковисцидоз. Балалардағы созылмалы өкпелік тұқым қуалайтын ауру. Муковисцидоз



бет3/10
Дата28.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#130063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
муковисцидоз

Тыныс алу жүйесінде: гиперсекреция мен аса тұтқыр қақырық қабаттасуы бронх клиренсі бұзылысынан мукоцилиарлық жетіспеушілікке әкеліп, кіші тыныс жолдарында қақырық іркілісі туындайды. Бронхтардағы қабыну үрдісінің алдында аңқа, көмей, кеңірдектің вирустық бұзылысы болуынан жылтыр эпителий жасушалары түсіп, бактериалды флораға жол ашады. Дертті айналыс дамиды: обструкция-қабыну-қақырықтың аса мол секрециясы. Мукостаз бен созылмалы бронх инфекциясы қайталамалы респираторлық эпизодтар фонына айналады: бронхиолиттер, бронхиттер, пневмониялар.


Халықаралық  жіктелуі
  • Аралас, асқазан-ішек жолдары мен бронх-өкпе жүйесінің бұзылысы(75-80℅)
  • Өкпедегі басым(15-20℅)
  • Ішектігі басым (5℅)

Клиникалық корінісі:
  • Енжарлық.
  • Қуқыл өң 
  • Салмағы төмен.
  • Өмірінің алғашқы күндерінде жөтел.
  • Жотел цианозбен ентігумен білінеді
  • Қақырық тұтқырлығы артады
  • Гипоксия күшейе түседі
  • Тыныш жағдайда ентігу
  • Саусақтарында Барабан таяқшалары, Сағат шынысы тәрізді өзгерістер
  • Тері құрғауы мен түлеуі
  • Шашы сынғыш

Шағымдар: қинаумен ұстама тәріздес өнімді, қиын ажырайтын қақырық жөтел, тұрақты демікпе, іштің ауыруы, әлсіздік, шаршағандық, мол, жиі (тәулігіне 4-6 рет), жылтыр, майлы, сасық үлкен дәрет.

Физикальды зерттеу: • іріңді қақырығымен немесе қақырықсыз тұрақты жөтел • өсудің және дамудың бұзылуы: дене массасының төмендеуі • сыртқы түр сипаты: «қуыршақ» бет, кеңейген, өзгерген кеуде қуысы бөшке тәріздес пішін кеуденің алға шығуымен, үлкен, үрленген, кейде «бақа тәріздес іш», арық аяқ-қолдары саусақ бөліктері барабан таяқшалары тәрізді, тері дәмінің тұздылығы • өкпенің созылмалы бактериялы асқынуы • мол, майлы және сасық иісті үлкен дәрет • перифериялық ісінулер • респираторлы симптомдармен сәйкестелген қант диабеті • этиологиясы түсініксіз гепатомегалиямен бауырдың ауыруы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет