Тыныс алу жүйесінде: гиперсекреция мен аса тұтқыр қақырық қабаттасуы бронх клиренсі бұзылысынан мукоцилиарлық жетіспеушілікке әкеліп, кіші тыныс жолдарында қақырық іркілісі туындайды. Бронхтардағы қабыну үрдісінің алдында аңқа, көмей, кеңірдектің вирустық бұзылысы болуынан жылтыр эпителий жасушалары түсіп, бактериалды флораға жол ашады. Дертті айналыс дамиды: обструкция-қабыну-қақырықтың аса мол секрециясы. Мукостаз бен созылмалы бронх инфекциясы қайталамалы респираторлық эпизодтар фонына айналады: бронхиолиттер, бронхиттер, пневмониялар.
Халықаралық жіктелуі
- Аралас, асқазан-ішек жолдары мен бронх-өкпе жүйесінің бұзылысы(75-80℅)
- Өкпедегі басым(15-20℅)
- Ішектігі басым (5℅)
Клиникалық корінісі:
Шағымдар: қинаумен ұстама тәріздес өнімді, қиын ажырайтын қақырық жөтел, тұрақты демікпе, іштің ауыруы, әлсіздік, шаршағандық, мол, жиі (тәулігіне 4-6 рет), жылтыр, майлы, сасық үлкен дәрет.
Физикальды зерттеу: • іріңді қақырығымен немесе қақырықсыз тұрақты жөтел • өсудің және дамудың бұзылуы: дене массасының төмендеуі • сыртқы түр сипаты: «қуыршақ» бет, кеңейген, өзгерген кеуде қуысы бөшке тәріздес пішін кеуденің алға шығуымен, үлкен, үрленген, кейде «бақа тәріздес іш», арық аяқ-қолдары саусақ бөліктері барабан таяқшалары тәрізді, тері дәмінің тұздылығы • өкпенің созылмалы бактериялы асқынуы • мол, майлы және сасық иісті үлкен дәрет • перифериялық ісінулер • респираторлы симптомдармен сәйкестелген қант диабеті • этиологиясы түсініксіз гепатомегалиямен бауырдың ауыруы
Достарыңызбен бөлісу: |