Емдік дене шынықтыру: 1. «БАНАН» Бала арқасына жатады. Қолдары жоғары көтерілген және бір жаққа бағытталған (оң жаққа немесе сол жаққа). Денесі барынша иілген. Аяқтар тік созылған және қол сияқты бір жаққа бағытталған. 2. «БҰРАНДА» Бас және дененің жоғарғы бөлігі еденге, жауырының тигізіп жатқызылған. Қолдары жоғары созылған. Дененің төменгі бөлігі бір жаққа бұрылған (оңға немесе солға). Аяқтың төменгі бөлігі созылған. Аяқтың үстіңгі бөлігі тізеге максималды бүгілген. 3. «КОБРА» Бала ішке жатады. Аяқтары созылған. Қолдары артқа бөксеге дейін созылған. Содан кейін, бас және дененің жоғарғы бөлігі жоғарыға көтеріледі. 4. «ІЛМЕК» Отырған қалпы. Оң жақ аяқ тізеде бүгілген, солға бағытталған, сол тізеде орналасқан. Дененің жоғарғы бөлігі оңға бұрылған. Оң қол, тірек түрінде, бөксе артында, солға қарай. Саусақ ұштары артқа бағытталған. Сол қол шыңтағы оң жақ тізеге жабысқан. Содан кейін басқа жаққа. 5. «АУДАРЫЛУ» Отырған қалпы, тізе құлаққа тимеиінше, арқамен айналу. Қолдар бөксені ұстап тұрады.
Госпитальдау үшін көрсетімдер ***: Жоспарлы госпитальдау үшін көрсетім: • муковисцидоздың асқынуы; • бір ай және одан көп уақыт бойы жиі қайталанатын түсініксіз генезді ішектің соруының бұзылу синдромы. Жедел госпитальдау үшін көрсеткіштер: • алғашқы анықталған МВ; • ауыр тыныс алу жетіспеушілігі; • майлы дәреттің жиілеуі, 5% аса салмақ жоғалту.
Болжамы: өлім көрсеткіші 50-60℅,кішкентай балаларда одан да жоғары. Орташа өмір сүру бойынша Европада 40 жас, Россияда 22-29 жас. Орташа өмір сүру уақыты 15-31 жасқа дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |