3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС- ТЫҚ ДАМУЫ Туа сала нәресте бірқатар туа біткен шартсыз рефлекстер- ге ие болады, оның бір бөлігі жойылады, екіншілері – ор- нығады, ал тағы бір бөлігі өзгелерінің қалыптасуына негіз болады. Өмірінің алғашқы айында бала аз қимылдайды, ол көбінесе жатқызған күйінде жата береді, қол мен аяқ бүккіштерінің бұлшық ет тонусының физиологиялық кө- теріңкілігі байқалады. Ересектер баланы қолға алғанда ол басын ұстай алмайды. 1-2 айлығында баланың аяқ-қолда- рының қимыл-қозғалысы бейберекет сипатқа ие.