ЕКЕНІНІҢ АЙҒАҒЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ ҚОСЫМША БАҚЫЛАУ МЕН ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ. БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ 1
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС- ТЫҚ ДАМУЫ Нәресте дүниеге келгенде бірқатар туа біткен шартсыз рефлекстерге ие болады, олардың бір бөлігі оған өмір сүру үшін қажет (тыныс салу, қан айналымы, іздеу, сору рефлексі, қарашық, жыпылықтау және т.б. рефлекстері), ал басқалары – эволюция барысында бала өмірі үшін мәнін жоғалтқан рефлекстер (қармау, сүйену, өздігінен жүру, Моро және т.б.). Есейген сайын кейбір рефлекстер жойы- лады, ал басқалары орныға түседі, ал тағы бір рефлекстер тобы өзге рефлекстердің қалыптасуына негіз болады.
Өмірінің алғашқы айында нәресте аз қимылдайды, уақытының көп бөлігін өзін ересектер жатқызған қалыпта жатып өткізеді, қолдарының және аяқтарының бүккіштерінің бұлшық ет тону- сының физиологиялық көтеріңкілігі байқалады, ересек адам оны қолына алып көтергенде, басын ұстай алмайды.
1-2 айға дейін баланың қол-аяғының қимыл-қозғалысы бейбе- рекет сипатқа ие. Тек 1-1,5 айда бала басын ұстап үйренеді.
2-3 айлығында бала шалқасынан жатқанда басын орта сызықта ұстай алады, қолдарын кеудесінің орта сызығына әкеліп қоя алады, аузына апара алады, қолына ойыншық ұстатса, қолын қысады. Осы жаста сәбидің қолына ойыншықпен тиіссе, жұды- рығын ашады, біршама уақыт бойы қолына берген ойыншықты ұстап тұра алады, өз қолдарына қарай алады, өз бетінше шалқасынан бір бүйіріне аударыла алады, етбетінен жатқанда тепе-теңдігін сақтай алады (арқасына немесе кеудесіне құла- майды).
3 ай толғанда сәби көрген затына қолын созады, өзіне ыңғайлы қолымен оны қармайды, ұстап тұрады, аузына қарай тартады.
3 айлығында бала етбетінен жатқанда басын 45-90 градусқа көтереді (кеудесі көтеріңкі, білегіне, шынтағына иығы деңгейін- де немесе иықалды деңгейінде сүйенеді).