ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ – 9 АЙЛЫҒЫНДА БАЛА: 1. Cүйеусіз бірнеше минут бойы нық отыра алмайды;
2. Eтбетінен немесе төрт аяқтап тұрған немесе шалқасынан жатқан күйден өз бетінше отыра алмайды;
3. Етбетінен немесе төрт аяқтап еңбектемейді;
4. Орындықта отырған күйден, тізерлеп тұрған күйден сүй- еніштен ұстап тұрып өз бетінше тұра алмайды;
5. Сүйенішті қос қолдап ұстаған күйі тұра алмайды немесе тұруға тырысады, бірақ дене салмағының басым бөлігін қолдарына, кеудесіне, ішіне аударады (сүйенішке қолда- рымен, кеудесімен, ішімен «ілініп» тұрады»);
6. Қос қолдап ұстап, сүйеніштің жанында тұра алады, бірақ табаны жерге толық тимейді (аяғының ұшына сүйеніп тұрады);
7. Қозғалыссыз, сондай-ақ, қозғалысты әртүрлі дене қалыпта- рында асимметрия байқалады (мысалы, тек бір бүйірінен ғана аударылады, отырады; отырғанда, тұрғанда дене сал- мағы тек бір жағына ғана ауады, дененің және аяқ-қолда- рының оң және сол жақтарының қимыл-қозғалысы көлемі мен сапасы жағынан қатты өзгешеленеді).
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, БАЛАНЫ ҚОС ҚОЛЫНАН ТАРТЫП ОТЫ- РУҒА ҮЙРЕТПЕГЕН ЖӨН, СЕБЕБІ, БҰЛ ТӘСІЛ ФИЗИОЛО-