Балалардың 3 айға дейінгі дамуы


БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-



бет26/31
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#81116
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
3 апта Касымова

БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2
ТІЛ ДАМУЫ (ТІЛ ДАМУ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ)
Өмірге келгеннен кейінгі алғашқы жыл – баланың тілдік мүмкіндіктері дамуындағы дайындық кезеңі. Тіл дамуы айналадағы әлемді игерумен тығыз байланысты. Баланың тілдік белсенділігі көру мен естудегі бағдарлау қабілеттерін жетілдіру, ересектермен эмоционалдық байланыс орнату және қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту жағдайында көрініс береді.
Жаңа туылған сәби айғай, жылау, бет-аузын тыжырайту және дене қалыбы арқылы тілдесуге қабілетті.
Жатысы жайсыз болғанда, тоңғанда, ашыққанда, бір жері ауырғанда айғайлап белгі береді. Сәби екпінді сору қимылдарын жасайды, аталмыш қимылды жасау үстінде шолпылдаған дыбыс шығады. Сору рефлексі – кейінгі тіл дамуының ең маңызды қимыл-қозғалыстық алғышарты. Бірте-бірте эмоционалдық-мәнерлі мінез- құлық дамиды («жандану кешені»). Бала көмейлік дыбыстар шығара алады, күлімсірей алады, аяқ- қолымен белсенді қимыл-қозғалыс жасай алады.
3 айлығында балалар сөздердің мәнін түсіне алмайды, алайда, әртүрлі дауыс ырғағына
әртүрлі жауап қайтарады: мысалы, көңілді, жұмсақ, сазды ырғақ баланы күлімсіретеді. Бұл жаста айғай сапасы өзгереді, гу-гулеу, күлкі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет