Таңғы ас
|
Астарың дәмді болсын!
Ас уақытында балаларға тамақты таусып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету.
|
Ойын- жаттығу:
Астың алды үнемі,
Сабынмен қол жуамыз,
Таза болды мұнтаздай,
Тағамға қол созамыз.
|
Бата беру
Астарыңа адалдық берсін!
Бастарыңа амандық берсін!
|
Кезекшілердің еңбек әрекеті (ас ішу құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Көркем сөз
«Ас – адамның арқауы»
Мақсаты: Балаларға тамақтану әдебі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу,
Ас қайыру
Дастарқаныңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
Әумин
|
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
Сурет салу
«Саты»
Мақсаты:
Керіктің мойнының ұзындығына қарай түрлі бағыттарда сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету. Жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
|
Саусақ ойыны
«Көңілді саусақтар»
Бас бармақ – атам,
Балан үйрек - әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен,
Міне, менің барлық отбасым.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
|
Құрастыру, жапсыру
«Жаяу жүргіншілерге және машиналарға арналған кең, тар жолдар»
Мақсаты: Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған кең және тар жолдарды құрылыс материалдарынан құрастыру, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, өзара қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |