Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина


Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту



бет2/14
Дата05.02.2022
өлшемі4,58 Mb.
#17216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту

«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен
интеллектуалды артықшылықтар емес,
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз»
Джордано Бруно

Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді.


Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:
- тәлімгердің балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуді, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау - балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жасжарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».
Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады Т. А. Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу енгізу бас миының сөйлеу зонасының қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған. В. В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.
Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау
Жұмысқа кіріспес бұрын қалай жұмыс жасау керек, қандай материалдар қолданамын деген мақсатта нақты жоспар құрдым. Жұмысымның негізіне ойындар енгіздім. Қозғалысты ойын - балалар үшін дүниені танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Алдымен мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының (4-5 жасар) саусақтары мен қол ептілігін анықтайтын диагностика жасадым. Диагностика жасау барысында балаларға үш түрлі жаттығу ұсындым:

- доппен ойнау (допты лақтыру және оны ұстап қолмен алу, ұстаған допты бір қолмен еденге ұрып алып жүру, жоғары лақтырып, оны қағып алу)


- қарындашпен ойнау (затты айналдырып сызу және оны сызыққа тастау)
- саусақпен жеке қимыл жасау.
Өзіме мынадай міндеттер қойдым: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне –өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаландым. Тәлімгер мен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойдым.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойдым. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым – қатынасын негізге алған микроклимат жасалды.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар». Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірледім: «Қоян мен түлкі», «Бауырсақ» және т.б.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды жиі қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көз бен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау - қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлауына септігін тигізеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сондай –ақ, балаларды ойындар мен инсценировкада қолданған қағаздан ұсақ–түйектерді жасауға үйреттім.
Бірлескен қызметке сурет салудың көптеген дәстүрлі емес түрлерін пайдаландым: тампондау, қылқалам, май шам, тіс щеткасы көмегімен қолдан жасалған мөр және т.б. Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу альбомы мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.
Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс – тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір – біріне қосу. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша бірлескен қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылды.
Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады.(ЛЕГО базасындағы конструкторлар). Балалар көптеген және түрлі құрылыстар тұрғызды. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау, шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай - ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б.) қолдандым. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарға массаж жасау, сипау арқылы затты анықтау, сипау арқылы заттарды санау. Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуға байланысты дидактикалық ойындар ойластырдым: «Санайық» ойыны (бау арқылы заттар санының қатыстылығы мен саны), «Сиқырлы моншақ» ойыны (түрлі нысандағы жазық геометриялық фигуралар көлемін тізбектеу, баудың түсі; заңдылықты сақтай отырып, жазық бойынша фигураны орналастыру).
Өткізілген жаттығулар мен ойындарды жұмыстың түрлерімен ұластырдым. Әрине, жұмыс жасау барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескердім. Жыл аяғында ұсақ қол мен буын моторикасын дамытудың қорытынды диагностикасын жасап отырдым. Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жасалған жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі оң әсер еткенін көрсетті. Ата – аналармен жұмыс жасау жұмыстағы ең маңызды бағыттың бірі. Ата – аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеті – ата – ананың балалар қызметіне белсенді араласуын қалыптастыру. «Саусақтық гимнастика», «Жазудың бірінші қадамы» тақырыптарда көрнекілік – папка әзірледім. Педагогтар мен ата – аналарға балабақшада және үйде баланың ұсақ қол моторикасын дамытудағы көкейкесті мәселесін көрсететін консультация өткізілді.
Қорытынды:Осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозғалысын қалыптасыру бойынша түрлі – әдіс –тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде пайдаланылуы қажет. Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқадым. Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім»,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оныңдеңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. 9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет