Сабақтың тақырыбы Механикалық жұмыс және энергия



Дата06.01.2022
өлшемі44,94 Kb.
#109873
түріСабақ
Байланысты:
Механикалық жұмыс және энергия


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

9.3А Сақталу заңдары

Педагогтың аты-жөні

Н.Татибеков

Күні

23.01.2021

Сыныбы

9В-1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Механикалық жұмыс және энергия

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.5 – механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау;

9.2.3.6 – жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

  • механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтау;

  • жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру;

  • энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолдану;

Жетістік критерийі

  • механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтайды;

  • жұмыс және энергияның байланысын түсіндіреді;

  • энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолданады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу.

«Кіру билеті» арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан күтілетін нәтижелерін анықтау

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Оқу мақсатымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.



Оқушылар оқу мақсатымен және сабақтағы бағалау жүйесімен танысады,








Сабақтың ортасы

«Төнкерілген сабақ» әдісі бойынша меңгерген жаңа сабақты тексеру.

1-тапсырма. «QUIZIZZ» қосымшасы арқылы оқушыларға тест тапсырмалары беріледі.

1. Күштің, орын ауыстырудың және күш пен орын ауыстыру бағыттарының арасындағы бұрыштың косинусының көбейтінділеріне тең шама:

  1. Жұмыс

  2. Энергия

  3. Қуат

  4. Импульс

2. Жұмыстың ХБЖ-гі өлшем бірлігі:

  1. Ватт

  2. Ньютон

  3. Джоуль

  4. Паскаль

3. Дененің орын ауыстырған кездегі жұмысы қалай анықталады?

  1. A=Fs

  2. A=Fk

  3. A=Fp

  4. A=Ft

4. 15 Н күштің әсерінен дене 30 см-ге ауыртырса дененің атқаратын жұмысы қандай?

  1. 4 Дж

  2. 4,5 Дж

  3. 5 Дж

  4. 5,5 Дж

5. Үйкеліс күшінің атқаратын жұмысы:

  1. A=mgh

  2. A=Fscosα

  3. A=mυ

  4. A=­­-μmgs

6. Дененің жұмыс жасау қабілетін сипаттайтын физикалық шама:

  1. Жұмыс

  2. Энергия

  3. Қуат

  4. Имиульс

7. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия:

  1. Механикалық

  2. Потенциалдық

  3. Кинетикалық

  4. Динамикалық

8. Массасы 2 кг дененің жылдамдығы 3 м/с болса, кинетикалық энергиясы қандай?

  1. 7 Дж

  2. 8 Дж

  3. 9,5 Дж

  4. 9 Дж

9. Кинетикалық энергияның өзгеруі туралы теорема:

  1. A=Ep2­­-Ep1

  2. A=Ek2­­-Ek1

  3. A=-(Ep2­­-Ep1)

  4. A=­-(Ek2­­-Ek1)

10. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы қандай: (g=10м/с2 )

  1. 60 Дж

  2. 80 Дж

  3. 70 Дж

  4. 90 Дж


2-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы есептер шығару.



  1. Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады.

  2. Массасы 2 кг орындықты 5 м жерге орын ауыстырғанда баланың істеген жұмысының шамасы неге тең?

  3. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер.

  4. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

  5. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

Дескрипторлар:

  • есеп шартын толық жазады;

  • өлшем бірліктерді ХБЖ-не аударады;

  • формулаларды дұрыс қолданады, түрлендіреді;

  • есептеулерді дұрыс жүргізеді;

  • есеп жауабын ХБЖ-не жазады.


3-тапсырма. Т-кестесі

Механикалық жұмыс

Энергия









«QUIZIZZ» қосымшасы арқылы оқушылар берілген тест тапсырмаларына жауап береді

Оқушылар жұптасып жұмыс жасау арқылы есептерді шығарады

Оқушылар жеке жұмыс жасау арқылы жұмыс пен энергия шамаларын салыстырады



Кері байланыс

Кері байланыс

Бірін бірі бағалау


Ұялы телефон

Карточка №1

Карточка №2


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар «Шығу парағы» арқылы рефлексия жасайды.

Сабақ қалай өтті, оқу мақсатына жеттіңіз бе?

Сабақ туралы ұсыныс немесе пікіріңіз қандай?


Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді

Кері байланыс

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?



Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет