12. Орманда шыны сындырма!
Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Жүргенде сен орманда
Шыны, әйнек сындырма
13. Өсімдіктерді тамырымен жұлма!
Гүлдің де жаны, тәні бар
Өзіндік әсем сәні бар
Қастерле, оны бағала,
Біздерге берер нәрі бар.
14. Ағашты бүлдірме!
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Жетпесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін!
Құрастырған
А.Т.Боранбаева
Достарыңызбен бөлісу: |