Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина Құстардың ұясын бұзбаңдар!



бет8/13
Дата11.01.2017
өлшемі4,58 Mb.
#7361
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ойыншықтар әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»(Қайталау сабағы)

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы алған білімдеріне қорытынды жүргізе отырып,өткенді қайталау.Заттардың қасиеті,мақсаты арналуы және атқаратын қызметі туралы балалардың ұғымын бекіту.Түр және топтық түсініктерін бекіту.Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Топтың ойыншықтары.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбер.

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы күн достарым!

Сәлем бердік туған елім,

Тал бесігім,туған жерім.

Сәлем бердік бәріңізге

Өскен ортам елімізге


Барлық іс-әрекеттерімен шаттық шеңберін орындау.

Ұйымдастыру-

Ізденушілік


Балалар шаттық шеңбер орындаған соң,есік қағылып,топқа ренжіген қоян кіреді.

-Балалар,қараңдаршы,бізге қонаққа не келді?

-Сәлеметсің бе,қоян!Неге көңіл-күйің жоқ?

Қоян:


-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен орманнан келдім,менің достарым да жоқ,ойнайтын ойыншықтарым да жоқ.Сондықтан,мен ренжулімін!

Тәрбиеші:

-Қоян сен ренжіме,біз балалармен бірге,ойыншықтар әлеміне саяхат жасаймыз!Бізбен бірге жүр,саған ойыншықтар таңдап,сыйлаймыз!

-Бізде мынандай сиқырлы арба бар,осы арбаға бәріміз жайғасып,көзімізді жұмып отырайық.

-Балалар,қараңдаршы,қандай тамаша ойыншықтар әлеміне келдік!Ойыншықтар әлемінің жұмыс тәртібі ілініп тұр.Қане,балалар,есімізге алайықшы,бір аптада неше күн бар?

-Мансұр,атап өтші.

-Амир,бүгін аптаның қай күні?

-Бірінші сөреде қандай ойыншықтар тұр?

-Осы ойыншықтарды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Мына машина не тасиды?

-Мына машина қандай?

-Ал мынау не?

-Поезд қандай жолмен жүреді?

-Осы ойыншықтар неден жасалған?



-Қоян


-Аптада жеті күн бар.
-Дүйсенбі-жексенбі.

-Бүгін-бейсенбі.

-Машина,ұшақ,поезд....
-Көліктер деп атаймыз!
-Жүк тасиды.

-Жеңіл машина

-Бұл-поезд!

-Поезд-темір жолмен жүреді.

-Пластмасадан жасалған.





Екінші сөреде жануарлар.

Үшіншіде-құстар.

Төртіншіде-ыдыстар.

Бесіншіде-жеміс-көкөністер.

Алтыншыда-доптар.

Жетіншіде-қуыршақтар.

Сегізіншіде-жұмсақ ойыншықтар.

-Кел,қоян,бәріміз бір-бір жұмсақ ойыншық алып, «Биле,биле,қояным» деген би билейік!

-Қоян,көңіл-күйің көтерілді ме?

Осы «Ойыншықтар әлемінен» өзіңе ұнаған ойыншықты таңдап ал.



Барлық сұрақтарға толық жауап беру.

Рефлексивтік-

түзетушілік


-Ал,енді,бәріміз шеңберге тұрайық!

Ал балалар,тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көрісенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Сиқырлы арбаға отырып,топқа оралу!



Қоштасу.

Шеңберге тұру,дауыстап айту,қоштасу!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Заттардың қасиеті,мақсаты арналуы және атқаратын қызметі туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Жұмыс тәртібі,сиқырлы арба,т.б.

Ойыншықтар әлеміне саяхат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет