Балалардың туа біткен жүрек ақаулары



бет1/7
Дата29.12.2022
өлшемі44,72 Kb.
#164844
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тттт

Балалардың туа біткен жүрек ақаулары.

Жаңа туған балаларда туа болатын жүрек ақауларының жиілігі Европа елдерінде 7% құрайды. Олардың ішінен хирургиялық емдеусіз алғашқы бірінші жылы 50%, ал 5-жасқа дейін ауру балалардың 30% жуығы қайтыс болады.


Туа болатын жүрек ақауының /ТБЖА/ патогенезін түсіну үшін оның ұрықтық даму-ын және ұрықтық қан айналысынан туғаннан соң ұрықтан тысқа алмасу ерекшеліктерін білу қажет. Жүректің дамуы ұрықтық 2-ші аптасында басталады. Жүрек ақауы жүктіліктің 2-3-ші аптасында эмбриогенездің бұзылуы нәтижесінде қалыптасады немесе тұқым қуалау арқылы пайда болуы мүмкін. Олар аутусомды-рецессивті жолмен әр түрлі экспрессивті гендермен тұқым қуалайды. Пробанда ата-аналар үшін 1,7-2,75% ауру балаларының өлу қаупі дәлелденген.
Ата-аналардың жасының да, үлкен маңызы бар. 35 жастан асқан аналарда жүректің туа болатын ақауымен туылатын балалар жиі кездеседі. Туа болатын жүрек ақауларының себептері:
1. Жүрек дамуының тоқтауы туралы теория.
2. Сифилитикалық (мерездік) теория.
3. Аяғы ауыр әйелдердің тамақтануының өзгеруі.
4. Химиялық, сәулелік, физикалық факторлардың әсері.
5. Алкоголизм (ішкіштік).
6. Аяғы ауыр кезде, әсіресе оның І-ші жартысында, анасының кейбір науқастармен (тұмау, қызамық, жұқпалы паротит және т.б.) ауруы.
7. Созылмалы интоксикация (улану).
8. Тұқым қуалауға бейімділік.
Қазіргі уақытта патофизиологиялық себептері бойынша құрастырылған және үлкен, кіші қан айналымдарының гемодинамикасының бұзылуы бойынша бөлінген, туа болған жүрек ақауларының Мазо және И.Ф. Ширяева толықтырған жіктелісі қолданылады (85 кесте).
85 КЕСТЕ

Туа бІТКЕН жүрек ақауларының жіктелісі





Гемодинамикалық
бұзылуы

Цианозсыз

Цианозбен

Кіші қан айналымының толысумен

Артериялық өзектің ашықтығы /АӨА/, жүрекше және қарынша аралық перделердің мүкістігі, атриовентикулярлық коммуникация.

Эйзенменгер кешені, магистральды тамырлардың транспозициясы, жалпы артериялық сабақ.

Кіші айналым шеңберінің азаюымен.

Өкпе артерияларының жекеленген тарылуы

Фалло ауруы, үш жармалы қақпақтың атрезиясы, өкпе артерияларының тарылуы-мен қосарланған магистра-льды тамырлардың транс-позициясы. Жалпы жалған артериялық бағана, Эбштейн ауруы.

Үлкен қан айна-лым шеңберінің азаюымен

Гемодинамиканың бұзылуысыз.



Аортаның жекеленген тарылуы
Аортаның коорактациясы.

Шын және жалған декстрокардия, Аорта доғасының және олардың тармақтарының ақауы (анамалиясы), қарынша аралық перденің кішкене мүкістігі еттік бөлігінде (Толочинов-Роже ауруы)






.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет