ЭКГ-де жүректің электрлік өсі оңға ығысады, оң қарыншаның гипертрофиясының белгілері байқалады, және тіркемеде – Т арақашықтығы изолиниядан төмен ығысады, метаболикалық бұзылыстар, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы анықталады. Т-тісшесінің амплитудасы жеткілікті болады.
Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе суреті азайған, сиректеу, коллатерал-дардың дамуына байланысты, арыққан болады. Жүрек көбіне ақауға тән «ағаш башмақ» тәрізді болады, көлеңкесі әдетте кішкене болып келеді.
Емі. ФТ бар балалардың бәріне оталық ем (паллиативті және радикальды) жүргізіледі. Опреацияны (паллиативті) шұғыл жасауға келесілер көрсеткіштер бола алады: 1. ФТ-тың гипоксемииялық ұстамалар байқалатын «соңғы» түрлері; 2. Консервативті ем-нен басылмайтын, тыныштық жағдайда байқалатын тұрақты ентігу және тахирдия; 3. Ауыр дистрофия мен анемияның арыта түсуі. Радикальды операция паллиативті опреация-дан кейін, егер консервативті ем тиісті нәтиже бермесе, 2-3 жылдан соң жасалады.
9.1.6. Аорта КОАРКТАциясы
Экг-де электрлік ось оңға ығысқан, оң қарыншаның гипотрофиясы, Т- арақашықтығы изолиниядан төмен ығысқан, және тіркемелерде Т-тісшесі теріс болуы мүмкін.
Рентгенограммадаөкпе көрінісі қатайған, жүрек шар тәріздес, аортаның өрме бөлігі кеңейген болып келеді.
Эхокардиография. Супрастернальды аймақта аортаның тарылуы анықталады. Допплер-кардиография көмегімен тарылуан кейін орналасқан қанның жеделдеген құйынды ағымын анықтауға және тарылу деңгейінде қысым градиенттін есептеуге мүмкіндік береді.
Емі. Аорта коарктациясының «инфантильді» түрінде жедел хирургиялық ем жүргізіледі. Ақаудың асқынбаған түрінде операция жасаудың тиімді мерзімі болып науқастың 3-5 жасқа, сиректеу 10 жасқа келуі есептеледі.
9.1.7. Аорта сағасының тарылуы (АСТ)
Электрокардиография. Жүректің электрлік өсі қалыпты немесе солға ығысқан. Айқын тарылуда жүректің сол бөлімдерінің гипотрофиясы, ырғағының бұзылуының әр түрлерінің белгілері байқалады.