III
____________________________________________________
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________
Оқушыларға Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған нәрселердің барлығында мойынсұнудың міндетті екендігін түсіндіріңіз. Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге Елші бергенді алыңдар және ол сендерге тыйым салған нәрселерден аулақ болыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят);
Оқушыларды Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан, соның ішінде ғайып нәрселер, мысалы, Қиямет Күнінінің басталуы, Жәннат пен Тозақ туралы сөздеріне сенуге ынталандырыңыз;
Оқушыларды Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаушылықтан ескертіңіз. Мысалы, Аллаһ Тағала Тозақтың тұрғындары осы жіберген кемшіліктері туралы өкініп, тәубе ететітінін айтады: «Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді", - дейді!» («әл-Ахзаб» сүресі, 66-аят).
Оқушылардың жүректерінде Аллаһқа тек Оның Өзі бұйырғандай етіп құлшылық ету және дінге Аллаһтың әмірі болмаған қандай да болсын жаңалықтар енгізбеу керек екендігін бекітіңіз. Мысалы, Пайғамбардың (оған АллаҺтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден Иерусалимге көтеріліп барған және көкке көтерілген (әл-исра уәл-миғраж) түнін, анасының күнін, туған күнін т.с.с. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Діндегі әрбір жаңалық – бұл адасушылық», - деген (бұл хадисті Муслим, № 867 жеткізген);
Оқушыларға Аллаһтың Елшісіне деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы махаббат оған барлық нәрседе бағынуда және оған ауытқымай ілесуде екенін түсіндіріңіз;
Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны туралы кейбір кітаптарды оқушыларға атап көрсетіңіз.
Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «Мухаммад – Аллаһтың елшісі» деген куәліктің мағынасын түсіндіру;
2 – Оқушыларға «Мухаммад - Аллаһтың Елшісі» деген куәліктің міндетті екендігіне дәлел келтіру;
3 – Оқушыларды Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайшы келуден сақтандыру.
АЛТЫНШЫ САБАҚ
ИСЛАМНЫҢ ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТІРЕКТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |