«ИСЛАМ» сөзінің мағынасы:
Аллаһқа бірқұдайшылық арқылы мойынсұну, Оған бой ұсыну арқылы бағыну және көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдардан бас тарту.
«ИСЛАМ» сөзінің мағыналық түсіндірмесі:
Аллаһқа бірқұдайшылық арқылы мойынсұну – бұл жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету;
Оған бой ұсыну арқылы бағыну – бұл Аллаһ бұйырған нәрселерді орындап, Ол тыйым салған нәрселерден тыйылу;
Көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдардан бас тарту – бұл көпқұдайшылықты жек көру және оның жалған екендігіне мығым сену, сондай-ақ көпқұдайшылдарды ұнатпау.
Достарыңызбен бөлісу: |