«Балаларға Ислам туралы» сериясы Оқытудың үшінші жылына арналған оқу құралы



бет79/94
Дата27.02.2020
өлшемі9,37 Mb.
#58673
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94

III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:
____________________________________________________



 Оқушыларға Аллаһ адамдарға елшілер жібергені және оларға хақ жолын көрсету үшін Кітаптар түсіргені - Оның адамдарға деген шексіз мейірімі екендігін түсіндіріңіз;
 Аллаһ Өзінің елшілеріне түсірген кейбір Кітаптарды атап өтіңіз. Мысалы, Таурат пен Інжіл. Бірақ олар уақыт өте келе адамдар тарапынан өзгертілді. Ал Қасиетті Құранды өзгеріссіз сақтап қалуға Аллаһ кепіл болып, былай деді: «Расында, Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз» («әл-Хижр» сүресі, 9-аят);
 Оқушыларға Құран Кәрімнің мәртебесі мен артықшылықтарын түсіндіріңіз, оларды Құран оқуға, оны жаттауға әрі оған сәйкес амал жасауға шақырыңыз;
 Оқушыларға барлық елшілер мен пайғамбарларға иман келтіру парыз екендігін түсіндіріңіз. Ең алғашқы елші Нух (аләйһи-с-сәләм) болатын, ал олардың ең соңғысы - елшілер мен пайғамбарлардың ең абзалы болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын еді). Осы екі елшінің арасында басқа да көптеген пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері туралы бізге мәлім, ал кейбіреулері туралы бізге білім жеткен жоқ.

 Оқушыларға барлық елшілер адам болғанын және Аллаһ тарапынан жаратылғанын түсіндіріңіз. Оларда раббылықтың немесе құдайылықтың ешқандай сипаттары жоқ, оларға ғайып нәрселер белгілі емес еді, әрі олар Ғаламның істерін басқармайтын;
 Оқушыларға кім өзін пайғамбар деп жарияласа, сол кәпір болатынын әрі оған сенген адам да кәпір болатынын түсіндіріңіз, өйткені Мухаммад пайғамбардан кейін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа пайғамбар жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: «Мухаммад сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың Елшісі және пайғамбарлардың мөрі (соңы). Аллаһ әр нәрсені толық білуші»әл-Ахзаб» сүресі, 40-аят);
 Кейбір Пайғамбарлар мен олардың халықтарының, мысалы, Нухтың және Ибраһимнің (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) хикаяларын баяндап беріңіз.


Бұл сабақтың мақсаты:
1 – Оқушыларға «Кітаптарға және елшілерге иман» деген сөздердің мағынасын түсіндіріп беру;
2 – О
қушыларға Құран Кәрім Аллаһтың сөзі екендігін түсіндіру;
3 – О
қушыларға Кітаптар мен елшілерді теріске шығаратындардың шариғи үкімін түсіндіру;
4 – О
қушыларға Аллаһ Құранды Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсіргендігін түсіндіру.



ОН ҮШІНШІ САБАҚ

ИМАННЫҢ БЕСІНШІ ТІРЕГІ




Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет