«Балаларға Ислам туралы» сериясы Оқытудың үшінші жылына арналған оқу құралы


) Исламның тіректеріне қатысты Сүннеттен дәлел келтіріңіздер



бет15/94
Дата27.02.2020
өлшемі9,37 Mb.
#58673
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94

3) Исламның тіректеріне қатысты Сүннеттен дәлел келтіріңіздер. 



Ислам – бұл Жәннатқа кірудің және Тозақтан құтылудың жалғыз себебі.




III
____________________________________________________

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР:


____________________________________________________



 Оқушыларға Исламның осы тіректері онсыз дін тұра алмайтын іргетас болып табылатынын түсіндіріңіз, өйткені ғимарат та іргетассыз және тіректерсіз тұра алмайды ғой;

 Оқушыларға Исламды ұстанудың жемістеріне мұсылманның өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға болмайтындығы жататынын түсіндіріңіз. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Маған адамдар: «Лә иләһа иллә-Ллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ)», - деп айтпайынша олармен соғысу бұйырылды. Ал кім: «Лә иләһа иллә-Ллаһ», - деп айтса, сол арқылы менен өз мүлкі мен өмірін қорғап қалады, тек қақылы жағдайдан бөлек (мал-мүлкі мен өмірін алуға рұқсат ететін еш нәрсе істемесе), әрі сонда (тек) Аллаһ олармен есеп айырысады» (бұл хадисті әл-Бухари, № 2946 жеткізген). 

(Ал өзінің қоштасу қажылығында ол адамдарға (Арафатта) құтпа айтып, онда тағы да мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқады, әрі оларды (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Абу Бакр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, соңынан: «Ал сендер бүгін қандай күн екенін білесіңдер ме?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», - деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ ол: «Бұл - Құрбан Айт күні емес пе?», - деді. Біз: “Иә”, - деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл қандай ай?», - деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», - дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол: «Бұл - зуль-хижжа емес пе?», - деді. Біз: “Иә”, - деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың - сендер үшін осы қалаларыңдағы, осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болуы керек! Осындағылар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осындағы адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін»” (әл-Бухари 1741, Муслим 1679) – аудармашыдан (қаз)).



 Оқушыларға Ислам ғана Жәннатқа кірудің және Тозақтан құтылудың себебі екенін әрі Аллаһ Тағала Исламнан басқа ешқандай дінді қабыл етпейтінін түсіндіріп беріңіз. Аллаһ Тағала былай деді: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де, Ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады» («Әли Имран» сүресі, 85-аят);
 Оқушыларға Исламды қабылдап, осы дінді ұстану арқылы бақыт пен күш-қуатқа қол жеткізген бұрынғы және қазіргі заманның адамдары (халықтары, соның ішінде қазақ халқы, мысалы, біздің халқымыз он ғасырға жуық уақыт бойы мұсылман халықтарының құрамында болып келгені, сол арқылы өз діні мен мұсылмандық болмысын сақтап келгені, енді сол діннің елімізде қайта жаңғырып, халқымыз Құран мен Сүннетке иланып жатқаны, бабаларымыз да осы дінді ұстанудың арқасында берекелі өмір сүргені – аудармашыдан (қаз.)) туралы айтып беріңіз;
  Омар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Біз – Аллаһ бізді Ислам арқылы ұлықтаған халықпыз. Егер біз басқа нәрсе арқылы ұлылыққа ұмтылғанымызда, Аллаһ міндетті түрде бізді қорлайтын еді».

Бұл сабақтың мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет