6.Көпшіліктің ойы: салқын тиген бала серуенге шықпауы тиіс. Егер баланың температурасы жоғары болмаса, серуенге міндетті түрде шығу керек. Науқас баланы апта бойы пәтерде ұстап отыру үлкен қателік. Мүмкін өзіңіз байқаған да боларсыз таза ауада тыныс алуы жеңілдейді, мұрын тазаланады, терең демалуы жақсарады. Егер аздап аяз болса да кедергі емес. Баланың аузымен тыныс алмауын және терлемеуін қадағалаңыз, салқын жел тиіп қалмасын, өте көп қимылдауға жол бермеңіз. 7.Көпшіліктің ойы: баланың құлағы тоңғаны өте қиын. Балаға жеңіл-желпі салқын тигенде мұрын жолдары арқылы сұйық өзімен бірге инфекцияны бірге алып мұрыннан оңай ағып кетеді. Осының салдарынан жиі құлақ ауруы да болады, ол құлақтың тоңғанынан емес. Баланың мойынын және желке тұсын жабуға тырысыңыз – дәл осы жерлер жылуды тез жоғалтады.