Кіріспе
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу, білім реформасын жүзеге асыру алғы шартта тұрғаны баршамызға аян.
Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ әлеуетін оқытып тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан – жақты білімді, парасатты, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой – өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:
Баланы оқи білуге үйрету;
Баланы ойлай білуге үйрету;
Баланың өзін – өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларғ меңгерту барысында жобалық оқыту технологиясы тәжірибеге енгізілді.
Мақсаты: технология сабағында сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс тәсілдерін үйрету, сабақтар барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс - әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көптеген нәтижелерге жету.
Міндеттері:
оқушының ғылыми - зерттеушілік іс - әрекеттерін қалыптастыру;
жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу – тәрбие үрдісінде қолдану;
оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
оқушының шығармашылығын дамыту;
оқушы дамуына мониторинг жүргізу.
Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға, тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екні – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалық оқыту технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылыүлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» деген екен Килпатрик.
Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Жобаның тиімділігі – қөзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық қызығушылыққа, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.
Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін, оны жоспарлай білу қажет:
Жоба жұмыстарын дайындау кезеңдері:
бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау;
ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдеби көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру;
нәтижені өңдеу: зерттеу тақырыптары бойынша презентациялар дайындау; тұсау кесу: жұмыстарын қорғау
Оқу үрдісінде заманауи технологияларды қолдану әдістемесі
Заманауи сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында оны дәстүрлі сабақпен салыстырудың көптеген жолдарын қарастырып көрейік:
Біріншіден: сабақ үш - төрт оқушыдан үй тапсырмасын сұраудан басталады. Сонымен бірге бір оқушы сабақ уақытының көп бөлігі кететін тапсырманы шешеді немесе үй тапсырмасын оқиды.
Екіншіден: мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма орындайды;
Үшіншіден: сабақтың ресми бөлігі – мұнда мұғалім жеке оқушыларға бағаларын айтады, үй тапсырмасын береді.
Төртіншіден: үлгірімі нашар оқушылардан сұралмай қалуы да мүмкін,
өйткені олардың ойларын толық жеткізуі үшін бағалы минуттар қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді.
Бесіншіден: сол сабақта өз ойын айтқысы келген оқушылардың жабулы қазаны жабулы күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын жеткізуіне, сабаққа қатысуына мұғалімнің мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн.
Енді заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталып өтсек:
- Оқушы барынша еңбек етеді.
- Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады.
- Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.
- Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды.
- Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады.
- Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.
- Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ.
- Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын сабақ.
- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ.
- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбектеніп жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады.
Заманауи педагогика бізден не талап етеді?
- Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.
- Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.
Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.
- Заманауи сабақ құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз жұмысын өзі бағалайды.
Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімнің өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!
- Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды?
- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.
- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.
- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет?
- Әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу.
- Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау
- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.
- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.
- Сабақты Блумның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.
- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену.
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану.
- Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру.
- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау.
Сонымен қатар мына нанымды сөздер де мұғалімнің есінде болып, үнемі қолданатын құралы болса:
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.Заманауи сабақ мұғалімнен нені талап етеді?
- шығармашылық ізденісті
- мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімін
- тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін
- сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын
- қажетті ақпаратты іріктей алуын
- сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын
- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастыру түрін хабарлауын
- үнемі ізденіс үстінде болуды
- әр тақырыптың мағынасын аша алуды
- сабақтың мақсатын ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін
- Оқушылардың осы сабақта меңгеретін және болашақта нақты құрамды құзыреттілікті меңгеруі үшін қажетті операцияны таңдай алуын
- Сабақтың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін қажетті және жеткілікті мазмұнның оқулықта болуын анықтай алуын
- Берілген сабақ бойынша оқулықтағы ақпаратты қажетті және жеткілікті ақпаратпен салыстыра алуын
- Оқулықта артық ақпарат көп болса, қажетті және жеткілікті ақпаратты қалай бөліп алу керектігін ойластыра алуын. Оқулықта қажетті және жеткілікті ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын
- Берілген оқу тапсырмасын оңтайлы орындауға қандай оқу техникасы мүмкіндік беретінін анықтау қажеттігін.
- Сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін
- Берілген сабақтың алдында өткізілген сабақпен салыстырмалы талдауын жасауын. Әр оқушының оқу траекториясына назар аудару қажеттілігін. Барлық оқушылардың сабақ мақсатына жеткен - жетпегеніне назар аударылуын
- Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
-Оқуда жетекшілікті қабылдау
- Оқуда жетекшілікті іздеу
- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
- Өздігінен басқара оқуын көрсету
- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындау алу
- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу
- Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау
- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі
Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Жобаның негізгі бөліктері:
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а)берілген бұйым кімге арналған
б)арналған бұйымның қажеттілігі
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын
- нені міндетті түрде жобалау керек
- кімге арналған киім жобалау керек
3. Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады.
4. Бұйымды байқау және бағалау
Жобаның орындалу бірізділігі
1. Іздену кезеңі
2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту
Сызбаны және технологиялық картаны дайындау
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдымдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары:
- жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу
- экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау:
- нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету
- кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың түсінісуіне көмектесу
- мамандықты, сонымен қатыр жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар:
- оқу, хат және базалық білім
- Графиктер мен таблицаларды түсіну
- Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау
- Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б.
Шығармашылық жобаны рәсімдеу:
1. Бастапқы бет
2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі
3. Шығу тарихы
4. Жалпы эскизі
5. Нұсқау карта
6. Қажетті құрал-жабдықтар
7. Құны
Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі
- Ата-аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.
Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері
Тірек сызба:
Жоба
Практикалық. Теориялық
Бұйым. Түсіндірме парақтары
Еңбек тәрбиесінің мазмұны мен жүйесі
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау.
Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегі дей жұмыстар істелу керек:
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.
1.2.Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін берудегі мұғалімнің рөлі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1]. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз [2].
Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.
Бүгінгі таңдағы оқытудың мақсаты - оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс [3].
Әр мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, аяушылық, құрмет таныта білуі тиіс. Бұл біздің біліктілігіміз бен рухани құндылығымыз жоғары деңгейде болуы керек деген сөз [3].
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады:
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану;
- Талантты және дарынды балаларды оқыту;
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
- Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мұғалім төмендегідей қағидаларды есінде ұстауы қажет:
- Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;
- Мұғалім бала бойындағы шығармашылық сапалардың болатындығын мойындап, әрі қарай дамытуы керек.
Мектепте жүргізілетін технология пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады және еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен іздемпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
6. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой – пікірлерге назар аудару қажет:
– жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
– кемшіліктерге шыдамдылық;
– қатеге құқықты;
– тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, ұйымдастыру ; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін, оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Өзіміздің іс тәжірибемізде технология сабағында оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту мақсатында жүргізілген жұмыстар оқушыларды заман талабына сай еңбекке баулу, білім беру, алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, іс - жүзінде орындап шығумен бірге оқушының ой - өрісін дамытып, білімді тереңірек меңгеруге жәрдемдеседі. Оқушының алған білімдері алдағы өмірлеріне жол ашып, олардың қабілеттерімен ұштастырып, өз қолдарымен кез - келген нәрсені жасай білуді үйрену, өздеріне керекті заттарды өз қалаулары бойынша, тіпті қажетсіз деген заттың өзін пайдалы нәрсеге, әдемі сыйлыққа айналдыра біледі. Адам баласы еңбек ету үстінде бір сәт өзімен - өзі болып, көңіл - күйі орнына түсіп, шаршағаны басылады. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Оқушыларымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймыз. Сондықтан әр сабағымызда мәселен, бисермен тоқу аппликация өнері панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс істеу, мозаикалар жасау, тоқыма тоқу, іс тігу және т.б. оқушыларды қызықтырады және оның жасалу жолдарын үйренуде жаңа технологияны пайдаланып, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастыра жүргізеді. Оқушылар меңгерген іс- тәжірибелік әрекеттер жүйесін көрсете білумен қатар эстетикалық талғамға, еңбек сүйгіштікке ие болады. Нәтижесінде мақсат қоюшылыққа және шығармашылыққа тартыла отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін, іскерлік, икемділік қабілеттерінің артқанын, тәрбиелік дағдысының калыптасып, еңбектену жұмысына төзімділігін көреміз.
Біздің ізденістеріміз – жаңа технологиялар. Заманға сай әр түрлі техникамен жұмыс жасау керек.
Оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезіп қабылдауға үйретіп, өздеріне керекті заттарды өз қалаулары бойынша жасап, еңбек ету үстінде бір сәт өзімен - өзі болып, көңіл - күйі орнына түсіп, шаршағаны басылатын еңбектің бір түрі – оригами өнері. Оригами өнерінің балалардың дамуына тигізетін әсері зор. Оригами – қағазды белгіленген тәртіптері бойынша бүктеу арқылы әр түрлі модельдер жасау өнері. Оригами – желім мен қайшысыз қағаздан бүктеу арқылы әртүрлі бұйымдар істеу өнері. Сонымен қатар оригами адамның ойлау, байқау, назар аудару қабілеттерін, саусақтардың қимылдауын шынықтырады. Оригамидің тағы бір пайдалы жағы – бұл өнер арқылы балалардың логикалық және кеңістіктік ойлау қабілеті дамиды, оқушы шығармашылыққа бейімделеді. Бұйымның дұрыс шығуы үшін бала тер төгіп, біраз уақытын таза еңбекке шығындайды, нәтижесінде өзінің еңбегінің жемісін көреді.
Оқушылар модульді оригами техникасынан жоба қорғады.
Жобаның түрлеріі:
• Шығармашылық жоба (шығармашылық жұмыстар атқарды)
• Ақпараттық жоба (ақпарат құралдарын пайдаланды)
• Зерттеу жобасы (қағаздың шығу тарихын зерттеді, аққу құсы туралы мәлімет жинады т.б)
Сұрақ – жауап әдісі қолданылды
1. Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер?
2. Аққу қандай құс?
3. Аққу туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Аққу күйі, аққуға байланысты өлеңдер, видеолар көрсетілді. Сарамандық жұмыс (теория практикамен ұштастырылды)
1.Қағазды қию, бүктеу әдістерін үйренді
2. Модульдерді біріктіріп, аққу бейнесін құрастырды
Сергіту сәті.
Көз және қолға арналған жаттығулар.
Ой толғаныс кезеңі: миға шабуыл «Бүгінгі сабақтан алған әсерім...»
Экономикалық есебі: Аққу макетіне қанша қағаз кеткені, оның құны есептеп шығарылды.
Сабақты қорытындылай келе кесте толтырады. INSERT әдісі
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Қорытынды
Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды, мағыналы өткізу үшін барлық жағдай бар. Әр сабағын оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімге байланысты. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек. Жан - жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық.
Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден - бір пән. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.
Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.
Технология - пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі - қазіргі заманға сай ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасында алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.
Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер:
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі.
- Ата - аналардың өз балаларының іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы.
- Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.
- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.
Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстары жатыр.
Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістер пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілмен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенеміз. Технология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Өз елінің еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етеді.Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Қазіргі кездегі технология пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді:
- жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін
дамыту;
- оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;
- зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:
1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;
2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;
3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;
4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;
5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.
Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.
Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар.!
Достарыңызбен бөлісу: |