Атырау қаласының мектептен
тыс жұмыс орталығы педагог психолог
Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы
Ата –аналармен тренинг сабақ
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психолог Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы
Ата –аналармен тренинг сабақ
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу жаттығуы»
2.Топқа бөлу
3.Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік дәрісі
4.Ой жинақтау
5.Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы
6.Тест
7.Қорытынды
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын
2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.
3.Дәріс оқу Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
4. Ой жинақтау
Үш топқа тақырып беріледі
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
5. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. Тест Сіздің көңіл күйіңіз
Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.
Тесттің кілті
Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.
Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында. Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.
Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.
Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.
Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді. Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.
7.Қорытынды
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.
Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы
Жаңғызтөбе кенті
«Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша»КММ-сі
педагог – психолог: Бейсембаева Алия Кабасқызы
Ұстаздарға арналған қарым-қатынас тренингі.
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға білуге және өзін-өзі тануға баулу.
1. Көңіл күй жаттығуы «Гүлдер алаңы».
2. «Мен сіздермен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын, ал сіз ше ... » атты жаттығу.
Мінеки байқағандарыңыздай бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау арқылы біз үлкен де, жылы шеңберімізді, қорғанымызды құрдық. Бүгінгі кездесуімізде , біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып , өзін – өзі тәрбиелеу жолдарын оқушылармен , әріптестермен қарым- қатынас жасау жолдарын анықтаймыз және өзімізді терең тани білуге тырысамыз.
Данышпан философ Фалес айтқан екен:
1. Дүниеде ең үлкен нәрсе - кеңістік.
2. Бәрінен жүйрік – ой.
3. Бәрінен дана – уақыт
4. Бәрінен жеңіл –басқаға ақыл айту.
5. Бәрінен қиын – өзіңді өзің тану, деген екен. Сондықтан бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастаймыз.
3. «Келген көктемнің күн шуағын бағыттап сізге денсаулық тілеймін» деп, шеңбер арқылы осындай тілектерді жалғастыру.
Енді орнымызға жайғасамыз.
- Рахмет, міне әрбір жүректен шыққан жақсы жылы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады жанымызға жайлы әсерін тигізеді.
«Басқа пәле - тілден» . Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдымай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы сөз- бұлттан шыққан күндей боп, көңілді жадыратады». «Жаман сөз – жаныңа мұң құйып, қабырғаңды бір-бірлеп сөгеді» деген , ДЕМЕК сөзден қорқыңыздар, оны абайлап, аялап орнымен пайдалану керек, ғалымдардың зерттеуінше, былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп , сол сөз иесіне сәтсіздік, жаманшылық ауыру шақыратынын анықтаған. /ТАБЛИЦА КӨРСЕТУ/
Шариғатта осындай жағдайларға байланысты «Күнәһар болғың келмесе, екі жағыңның ортасындағыға ие бол», «Әзіл де болса жақсы сөз айт» деп ғибрат жазылған екен. Өздеріңізге белгілі , ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда өте стресстік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Себебі, ...
Мұның бәрі адам баласының психикасына әсер етіп, эмоционалдық күй-жағдайы бұзылады. Ал мұндай күй- жағдайға ұшыраған адам өзін – өзі ұстай алмай әр түрлі ситуацияға тап болады. Ал ұстаз болғандықтан , ол өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай қандай жағдай болса да, эмоцияға берілмеуі тиіс. Әсіресі көктем мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй-жағдайлары өте төмен болады.
Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл – күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз:
Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып , демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтасыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» - щитовиттік безіңізге әсер етеді.
«И» - миыңызға, көзіңізге, мұрныңызға, құлағыңызға.
«О» - жүрегіңіз бен өкпеңізге.
«У» - қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» - денеңіздің тазаруына /очищение организма/
«ХА» - көңіл-күйлеріңіздің көтерілуіне. Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырсаңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аласыз.
4. Пікір талас. Енді мынандай сұрақтарға жауап берсеңіздер: - Қарым – қатынас деген не?
- Кикілжін дау- дамай деген не?
- Кикілжін дау- дамай қайдан пайда болады?
- Қақтығыстан қалай шығуға болады? Жазбаша немесе ауызша жауап беру. Меніңше, әркім өзін – өзі тани білуі керек. Өзіне нақты баға бере біліп, менен қандай қателік кетті, деп бір мезет өз қатесін таба біліп кешірімді болуға үйрену керек.
5. Ойын : «Мен кіммін, мен қандаймын», «Менің жақсы ж/е жаман қасиеттерім». «ТАРАЗЫ» жаттығуы.
6. Ал енді бізді басқалар қандай деп ойлайды? Парақтағы жасырын есімді оқып оның жақсы және жаман қасиетін жазу, өзінің жазғанымен таразыдан өткізу.
/а/ Тест: «Сіз жанжалшылсыз ба?»
/б/ Тест: «Қақтығыс жағдайды шеше аласыз ба?»
Қалай ойласыздар өзімізді –өзіміз тани алдық па? Оңайға түсті ме , әлде...?
7. Енді өздеріңізге таныс тоғайларды атап беріңіздер. Олардың жалпы қандай біркелкі ұқсастығы бар? /корень, ствол, крона-тамыр,діңгек.../. Жаттығу: «Егер мен тоғай болсам, мен ..............». Рефлексия: Неліктен тамыр, неліктен крона, ... ? Тоғайды «Өзіңнің өмірлік ұстанымыңыз ретінде қарауға болады».
Мысалы: «Тамыр» арқылы бүкіл тоғай көректенеді. «Ствол» «ДІҢГЕК» арқылы адам барлық жауапкершілік, ауыртпашылықты өзі көтеретінін білдіреді.
«Крона» тоғайдың тыныс алуына мүмкіндік береді. ЯҒНИ, сіздердің өмірдегі позицияларыңыз қандай екенін де білдіңіздер. Мінеки ұстаздық еңбектеріңіз , қарым- қатынастарыңыз табысты , жемісті болуы үшін бүгінгі айтылған кеңестерге көңіл бөліп , Әрқайсымыз бұл дүниеде тек қонақ екенімізді ұмытпай сыйластықпен, жақсы қарым-қатынаста болып, кемшіліктерімізді ақылмен түзете біліп, өз қателігімізді мойындай білсек,бір -біріміздің жақсы қасиеттерімізді көбірек көре білсек, сонда ғана еңбектеріңіздің жемісін көріп, алға жылжисыздар.
Өмірде қиыншылықсыз , не қатесіз адам жоқ шығар. Қатесіз адам , ол ештеңе істемейтін адам. Небір қателіктен шығу жолын табуға болады, егер өзіңе сенімділікті ұялатсаң , ашу, ыза , қайғыға берілмесең, басыңды тік ұстап өзіңді жақсылыққа тәрбиелесең ешбір шешілмейтін проблема болмайды, шешілмейтін тек - өмір. ЕГЕР проблемаңыз көбейсе онда жауабын тек өзіңізден іздеңіз.
8. « Ұжымдық массаж» жаттығуы /көңіл – күй жаттығуы/
9. Бүгінгі кездесуге бағаларыңызды беріңіз.Ой пікірлерімен бөлісу. Әр кезде мына кепілдеме естеріңізде болсын ... /кепілдеме үлестіру/
Рахмет, сау болыңыздар!
Атырау қаласы
№ 23 орта мектебінің психологы
Садуова Гүлназ Серікқызы
Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Темперамент және мінез»
Мақсаты: Оқушыларға тұлға бойындағы қасиеттер жөнінде, темперамент типтері мен мінез түрлері туралы мағлұмат беру
Міндеттері: 1. Оқушылар өзінің іс – әрекетін саналы түрде жеткізеді.
2. Оқушылар өз рольдерін ой талқысында қорғай білуге жұмыстанады.
3. Ойларын байланыстырады, қорытады.
Сабақтың түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Бір айналым сөйлесу»
І Қызығушылықты ояту
1. Оқушыларды топтарға бөлу
- Жұптасады
- Танысады
- Бір – бірі туралы ақпарат алады
- Ортаға жеткізеді
1. «Темперамент және мінез »
- Сұрақ қойылады
- Ойды жалғастырады
- Жаңа ақпарат жинайды
ІІ. Мағынаны тану
1. «Темперамент»
- Жұптасады
- Тақырыпқа байланысты көрініс, рөлдік ойындар көрсетеді
2. «Мінез»
- Бір – бірі туралы пікір жазады
- Ортаға өз ойларын жеткізеді
3. Мен және менің әлемім әдістемесі
ІІІ. Ой толғаныс
Тірек сөздер арқылы ойларын қорытады
Дауыл, бесік, алтын, болашақ, мектеп, ақыл, мейірім, парасат, құрмет
Бағалау.
Үйге тапсырма: Сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.
Тренинг жоспары
Тақырыбы: «Баланы жазалауға бола ма?»
Мақсаты: Бала психологиясына зиянын тигізбейтіндей, тиімді
тәрбие жолдары туралы ой бөлісу.
Міндеттері: 1. Психологиялық ахуал орнығады, әр топ бір – бірімен
танысады.
2.Әр топ ситуациялық сұрақтарға жауап береді, өз
ойларын сурет арқылы қорғайды.
3. Өз ойларын топта талқылайды, қорытады.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, көрнекілік стратегиясы
І Қызығушылықты ояту
1. Танысу тренингі
- Топқа бөлінеді
- Өздерін таныстырады
2. «Баланы жазалауға бола ма?»
- Әр топ өз ойларын қағаз бетіне түсіру
- Өз жұмыстарын қорғау
ІІ Мағынаны тану
2. Сағат тілі тренингі
- сағат суретін салады
- жұптасады
- сұрақ қойылады
- өз ойларын айтады
12.00 – Балаңыз сабақтан «екі » алып көңілсіз, ренжіп тіпті жылап келді. Сіз кімді кіналайсыз?
15.00 – Ата – аналар жиналысында сынып жетекшісі балаңыз жөнінде келеңсіз пікірлер айтты. Сіз қандай күйде боласыз?
18.00 – Ауладағы көршілер балаңыз жөнінде көп ескертпелер айтты. Мысалы: «Менің қызымның шашынан тартты, менің баламның ойыншығын тартып алды.» - деген сияқты. Сіз қалай қабылдар едіңіз?
21.00 – Сізге ең жақсы араласып жүрген көршіңіз балаңыздың темекі тартып жүргендігін ескертті. Не істей алар едіңіз?
ІІІ. Ой толғаныс
1. Тірек сөздер арқылы ойларын қорытады
Әке, алақан, қамшы, мадақтау, ойыншық, оқтау
2. Тілек шамы тренингі
- әр топ бір – біріне тілек айтады.
« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да , олар кезек-кезекпен шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын салады , осылайша жалғаса береді .
«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал .
« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды .
« Атомдар мен молекулалар »
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
« Таңғажайып дорба » ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .
Мен қандай адаммын ?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты оқиғаларды айтады .
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады .Жұп құрып , бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың .
« Сиқырлы сөздер » ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер . «Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
« Ең жақсы » ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі .Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең салмақты
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды
« Кездесу » ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады .
Ассосация « Жанұя »
Психолог допты лақтыру арқылы ата-анаға сұрақ қояды , олар жауап береді .
« Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады .
« Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
« Өкпені еріту » жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз .Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме , оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы , жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз . Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз . Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз .
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым , кештім .
Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.
Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты.
«Ұжымд Сергіту сәтінде
оқушылардың көңіл-күйін
және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық
жаттығулар
1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.
5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т.б.
6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.
10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.
11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.
Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.
--------------------------------------------------------------------------------------
Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ертегітерапия, арт-терап, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішккене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болымыз керек.Балалар , мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр ? кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
-Құм терерапия жаттығуы.
-Қолды құмға салу.
-Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
-Қолды құмға жасыру.
-Құмды себелеп құю.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі » ертегіні айтады, Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог : Міне ,біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы туралы қазақша реферат
Қалыптастырушы экспериментте біз зерттелушілердің есте сақтау қабілетін дамыту бойынша жұмыс өткіздік. Ол үшін есте сақтау
қабілетін жақсартуға арналған арнайы таңдалған жаттырғуларды пайдаланумен тілдік теорияны үйрету бойынша сабақтар топтамасын өткіздік.
Есте сақтау қабілетін дамыту және есте сақтауды жеңілдетуге арналған тәсілдер мен жаттығуларды қарастырайық:
Түсіндірілуі тиіс ақпаратты бастапқы әріптерінен маңыналы фраза жасау .
Ырғақтау – ақпараттық өлеңге, әнге, белгілі бір ырғақ не рифмамен байланысты жолға аудару.
Әуендес сөздер арқылы ұзын терминдерді жаттау (мысалы шетел терминдер үшін дыбысталуы бойынша өз тілінде баламасын іздеу – мысалы медицинадағы «супинация» және «пронация» терминдерді есте сақтау үшін әуендес және әзіл «тамақты әкеле жатып, төгіп алдым» сөзін қолданады).
Есте сақтау қажет ақпаратпен «байланыс әдісі» бойынша байланыстыратын ашық, ерекше бейне, суреттер іздестіру қажет. Мысалы, қарындаш, көзілдірік, люстра, орындық, жұлдыз, қоңыз сөздер қатарын есте сақтау қажет – егер сіз оларды бір жарқын, фантастикалық мультфильм кейіпкері – қапталған матасында «жұлдызы» бар «орындық» мінген «люстра» ханымға «көзілдірікті» сал жігіт «қарындаш» келгенін елестетсеңіз оларды есте сақтау оңай болады. Осылай ойластырылған мультфильмді ұмыту немесе шатастыру қиын болады. «Байланыстыру әдісі» бойынша есте сақтау тиімділігін арттыру үшін пропорцияларды (үлкен «қоңыз») өзгерту; заттарды белсенді әрекет жасауда («қарындаш келеді) алмастыру; заттар санын көбейту (жүздеген «жұлдыздар»); заттар қызметтері орынын алмастыру («орындық «люстар» ханым үстінде).
Цицерон әдісі. Елестетіңіз, сіз өзіңізге жақсы таныс бөлмеңізді аралап шықтыңыз. Есте сақтау керек ақпаратты бөлме бойынша аралау жолыңызға қойыңыз. Өз бөлмеңізді аралап, ақпаратты еске түсіре аласыз – бәрі өткен жолы қалай қойдыңыз сол орындарында болады.
Сөздерді әңгімеге қосу арқылы есте сақтау.
Мысалы, қисыны жоқ сөздерді есте сақтау (ағаш, үстел, өзен, себет, тарақ, сабын, кірпі, резеңке, кітап, тарктор, жауын, күн, сағат, шам, скрепка, үй, ұшақ, дәптер, шұлық, ауа):
Тақтадан сөздердің бірінші қатарын оқыңыз және ұққаныңыз бойынша жазыңыз.
Әр қатармен соны жасау қажет.
Сөздер тақтада бормен жазылған, яғни оқушылар «қарама-қайшылығы әлсіз» графикалық белгілерді қабылдайды.
өрмекші, сағат, қасқыр, түлкі
кітап, тиін, күшік, алхоры,
саңырауқұлақ, қарға, майшабақ, алпапқыш
Көру диктанттары.
Тақтада алдан ала жазылып, жабылған екі немесе үш жолдан жазу жасау керек. Жазу ашылған соң сіз бірінші жолды екі рет оқыңыз: бірінші рет оқу – таныстыру, екінші рет – сөздердегі «қауіпті» жерлерін бөліп көрсету. Жазу қайта жабылған соң сіздер тез көздеріңізді жауып, сөйлем, сөздер,
ондағы әр әріптерді көз алдарыңызға елестетулеріңіз керек.
Бұл сәтте есте сақтау қабілеті сіздерге көмегін береді, өйткені қысқа мерзімді есте сақтаудың бір құпиясы – материалды бірінші секундында қайталау.
Келесі әрекет – дәптерге жазу.
Көру диктантының жоспары:
а) бірінші жолды екі рет оқимын;
ә) оны көз алдыма елестетемін;
б) дәптерге жазамын;
Осыны екінші жолмен жасау керек.
Жұмыс аяқталған соң материал өзін-өзі тексеру үшін толық ашылады.
Күн сайын өзіңіздің көру есте сақтау қабілетіңызға баға беріңіз: екі қате – әлде де «жаман», бір қате – жақсы, егер қате болмаса – сіз «Қырағы Ханзада» («Ханшайым») атағына ие боласыз.
Жаттығу. Көру диктанты.
Тәтті таңқұрай.
Алмастың ойыншығы.
Есту диктанттары. Есту диктанттарында сендер, балалар, сөйлемдерді естіп қабылдайсыздар: мен оқимын – сендер мұқият тыңдайсыңдар. Сендер мұғалімнен көп нәрсені естулерің керек: сөйлемдегі сөздер орны, тыныс белгілері, бейтаныс сөздер жазылуы. Үтір, леп, сұрақ белгілерін «есту» мүмкін бе?
Келісіп алайық: егер сендерге білетін ережеге сөз болса, онда мен оны солай оқимын, мысалы: кілем (клем), ал егер сөздегі орфограмма белгісіз болса, онда мен сендер естіп, қате жібермеулеріңіз үшін сөзді анық, айқын дыбыстаймын.
Қалай ойлайсыңдар, сөйлем ортасындағы күтпеген кідіріс нені білдіреді? (ол осы жерде үтір қоюлары керектігін білдіреді).
Мен бірінші сөйлемді оқып шыққан соң, сендер сөйлемді іштеріңнен
(көру диктантындағыдай) естігенді қайталап тез қайталау тиіссіздер. Бірінші
секундттарда сендерге есту есте сақтау қабілеті көмектеседі. Жазу барысында сендер есту, есте сақтау қабілетінің дауысы ақпаратты қалай жазу керек екен «айтқанын» естисіздер: қай сөзден кейін қандай сөз келетінін, ол қалай дыбысталды және т.б. Есте сақтау құпиясын білу арқасында сендер осының бәрін енді істей аласыңдар.
Осы амалмен сендер 6, 7, 8, 9, 10 сөзден тұратын сөйлемдерді есте сақтай аласыңдар, яғни есте сақтай алатын материал көлемін арттыруға үйрендіңдер.
Есту диктантының жоспары:
а) мұқият тыңдаймын;
ә) сөйлемді ішімнен қайталаймын;
б) дәптерге жазамын.
Солай екінші және т.б. сөйлемдермен жасалады.
Диктант аяқталған соң есту есте сақтау қабілетін бағалауға ұмытпаңыз.
Жаттығу-жарыс: «Кім мәтіндегі ең ұзын сөйлемді ұғады?».
Мұғалім бірдіндеп сөздер санын көбейтіп сөйлемдер оқиды: бірінші сөйлем – 5 сөз, екінші 6 сөз, т.б., соңғысы – 10 сөз.
Жапалақ.
Жазда балалар саяжайда тұрды. Бірде балалар жалғыз тоғайға барды. Онда олар қуысы бар үлкен еменді тауып алды. Қуыс інінде ұя болды, онда жапалақ балалар бар екен. Арман мен Дидар жапалақ балапанын алып, үйлеріне кетті. Түнде жапалақ үйге ұшып келіп, терезе астында шулай бастады.
Есту диктанты өткізілген соң мұғалім дәптердерді жинайды, тексереді, келесі дамыту сабағында жеңімпазды – «Сақ құлақ Ханзада» (Ханшайым») атайды.
Орфографиялық қателер түзеледі, бірақ қорытынды жасауда олардың бәрі ескерілмейді. Сөйлемде сөз тәртібі сақталған, мұғалімнен «естілген» интонациялық белгілер мен білдіріп айту орфограммалары сақталған жұмыс қатесіз деп танылады.
Мәтіндік ақпаратты тірек сөздер және олар арасында байланыс орнату арқылы есте сақтау.
Екінші (қызыл және көк) қарындашты алыңдар. Мәтінді оқып, тірек сөздер, яғни сөйлемді жаңғырту мүмкін болатындар астын қызыл қарындашпен сызыңдар.
Осы тірек сөздер өзара қисын бар ма екенін тексеріңдер. Мысалы: кран-үстел. Біз түсінеміз, ас үйі туралы әңгімеленеді. Айталық: ұшақ-құлпынай. Байланыс жоқ екені анық, сондықтан қосымша тірек сөздер астын көк қарындашпен сызыңдар.
Сөздерді бөлек параққа жасыңызар, қызыл қарындашпен белгіленген тірек сөздердің астын сызыңдар (қызыл немесе көк қарындашпен астары сызылған сөздер тізбектеп жазылады).
Олармен әңгіме құрастырыңдар, сөздерді баспа параққа келтіріп жазыңдар.
Бақылау парақпен салыстырыңдар, қателерді түзеңдер (ойларыңызда).
Енді ойларыңда сөздерді бір-бірдеп елестетіп, мәтінді жазыңыздар. Осы тәсіл арқылы мәтінің 30-60 бетін өңдеген соң үрдіс еріксіз орындалатын болады, яғни бұны жазбаша жасау қажет болмайды.
Тілдік теорияда бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің өнімді дамуына дыбысталған сөйлеуді талдау, сызба мен кестелермен жұмыс талдауын өткізуге көмектеседі, сондықтан біз бастауыш сынып оқушыларын үзінді оқу кезінде оқылып жатқан кітап, иллюстрацияларды қарауға, еске түсіру арқылы ынталандырдық. Осы жұмыс барысында балалар ынтамен тыңдайды, бірге күйінеді, естігендерін Естерінде сақтайды.
Солай, эксперименттің қалыптастыру кезеңінде біз тілдік теорияны үйрету үрдісінде есте сақтау қабілетін дамыту жұмысын өткіздік. 3-қосымшада эксперименттің осы кезеңі сабақтарының әзірлемелері берілген.
Жұмыс экспериментінің құрастыру кезеңінің тиімділін тексеру үшін зерттеушілерді бақылау тексеруінен өткізілді. Бақылау тексеру әдістемесі зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу әдісімен сәйкес келді. Өткізілген әдіс бойынша бақылау кезеңінің мәліметтері 2-кестеде келтірілген. Нәтижелер зерттеушілер есте сақтау қабілетін дамыту деңгейі констатациялық зерттеу деректерінің қатыстырылуымен талданды.
.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар
Жарияланды 8-10-2014, 23:47 Категориясы: Өзін өзі тану
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар.
Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, танымдық ауқымын кеңейту;
балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
«Суретті есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.
Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.
Ойынның өтілуі барысы:
Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.
«Ұқсас сөздер» ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.
«Сиқырлы дыбыстар» ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- «Ш,Ж, С» дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- «Р» дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), «Л» дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Мектепке дейінгі жастағы баланың ең басты іс-әрекетінің ойын болғандықтан, ойын арқылы баланы оқыту қажет. Сол себепті логопедиялық сабақтарда дидактикалық, рөлдік ойындар өте қажет. Олардың мақсаты – ережені сақтап білуді, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарды, қабылдауды, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын түрі сабақты қызықты етіп, жалпы логопедиялық сабақтың тиімділігін біршама жоғарылатады.
Ал енді мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту үрдісінде қолданылатын дидактикалық ойындардың қысқаша баяндамасы:
1-ші ойын – «Мен білемін».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқығыштық пен зейінді дамыту.
Мазмұны: педагог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу.
– Мен ұлдардың бес атын білемін:
Арман – бір
Аділет – екі
Қуаныш – үш
Асхат – төрт
Нариман – бес
Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты атайды. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін (ойыншықтар, гүлдер, ағаштар, аңдар).
2-ші ойын – «Күн мен түн».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.
Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».
3-ші ойын – «Қонаққа барамыз».
Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. «Үй иелері» қонақтарды «сиқырлы сөздерді» айтып қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.
4-ші ойын – «Сөз құра».
Балалар мұғаліммен айтылған буындардан сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүлшоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде.
5-ші ойын – «Екі шеңбер».
Балалар екі шеңберге тұрады – сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз,өзімізбен бірге аламыз – тәтті...». Үлкен шеңбердегі балалар тезарада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет, мысалы: қант. Қай бала бірінші атаса, ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасады («жұмсақ», «сұйық», «ащы», «қатты» және т.б.). Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды (жаза ретінде).
6-шы ойын – «Мен циркте болдым».
Ойын үшін әріптер мен буындар жазылған карточкалар керек. Оны екеулеп немесе топпен де ойнауға болады. Ойыншыларға әріп жазулы карточка таратылады немесе барлық карточкалар үстелде жатады. Ал ойыншылар кезек-кезек жақындап алады. Бірінші ойыншы әріппен немесе буынмен карточканы алады да айтады: «Мен циркте болып, ...», осы карточкада көрсетілген әріпке басталатын бір нәрсе ойлау керек. Тек қана зат есімдер ғана емес, сонымен бірге, мысалы, «с» әрпінен сайқымазақ, секіріп жүрген гимнаст, сары шымылдық және т.б. Ал егер сіз буындар қолданатын болсаңыз, онда бұл буын міндетті түрде сөздің басында ғана тұруы қажет емес. Нұсқаулар: «мен теңізде болдым», «Мен орманда бодлым», «Мен театрда болдым» және т.б.
7-ші ойын – «Шыңжыр».
Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас, асыл).
8-ші ойын – «Мен қандай әріппен дос».
Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әр бір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы мүмкін). Мысалы: анасында – сиыр, әкесінде – түйе, баласында – кірпі. Анасы айтады: «Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар». Әкесі: «Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар». Бала: «Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар».
Достарыңызбен бөлісу: |